Робот алдын ала орнатыл



бет1/2
Дата28.09.2023
өлшемі26,86 Kb.
#182783
  1   2
Байланысты:
саулеш (2)
7 кл алгебра 2022-2023 (2)

Робот – алдын ала орнатылған бағдарлама бойынша әрекет ететін, түрлі механикалық операцияларды жүргізуге арналған автоматты құрылғы.
Робот әдетте сенсорлар арқылы қоршаған кеңістіктің жай-күйі туралы ақпарат алады.Қарапайым тілмен айтсақ,  робот (чех. robota – еріксіз еңбек) – адамның физикалық және ақыл-ой қызметіне қатысты операцияларды орындай алатын жүйе.
Роботтардың мақсаттары ойын-сауық пен қосымшадан бастап таза өндіріске дейін әртүрлі болуы мүмкін. 
Роботтар пішіні мен мазмұны бойынша алуан түрлі болып келеді, ол кез келген нәрсе болуы мүмкін. Дегенмен көп жағдайда орындалатын тапсырмаға сәйкес, жаны бар нәрселердің анатомиясына ұқсас болып келеді.
Робот (чех. robot, robota — еріксіз еңбек, құл; “жұмысқа шебер адам” мағынасында қолданылады Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады.
Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босататын автоматтық құрылғылар мен механизмдер түрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады. Өнеркәсіптік роботтар – өндіріс процесінде адамның қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін (өндіріс заттарының орнын ауыстыру т.с.с.) және технологиялық құралдардың (айла-тетіктердің) қызметтерін орындайтын автоматтық машина. Адамның қатысуынсыз бір немесе бірнеше технологиялық операцияны, өңделетін бұйымды тиеу мен түсіруді қоса алғанда автоматты түрде орындайтын технологиялық өңдеуші машиналардың, өндірістік машиналардың, тасымалдау және көмекші жабдықтардың жиынтығын робот-техникалық кешен деп атайды. Робот-техникалық кешеннің, әдетте, электрондық есептеу машинасы (ЭЕМ) немесе микроконтроллер негізіндегі бағдарламалық басқару жүйесі болады. Робот-техникалық кешен “адамсыз технологияны” енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып табылады. Робот-техникалық кешенді пайдалану жұмыс күшінің тапшылығы жағдайында өте маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет