Қазақстан ұлттық аренада жаһанданудың аясына жеткен дамушы мемлекеттер қатарында. Мен Қазақстан болашағын қалай елестетемін және ол үшін не істей аламын?
Қазақстан ұлттық аренада жаһанданудың аясына жеткен дамушы мемлекеттер қатарында. Мен Қазақстан болашағын қалай елестетемін және ол үшін не істей аламын? Бұл сұрақтың жауабын айтпас бұрын осы күнге дейін тәуелсіз елімізде орын алған іс-әрекеттер, бізге дейінгі ата-бабаларымыздың қан мен майданда еткен ерліктері туралы тілге тиек етсек артық болмас. Әрине, қазіргі кезде емін-еркін өмір сүріп жатқанымыз біздің ата-бабалармыздың ерен еңбегінің нәтижесі екенін барлығымыз білеміз. Бірақ білетұрғанда да бұл сөздерді бірі түсінсе, бірі түсіне бермейді. Бұл сөздердің бірден-бір себебі қазіргі жастардың көп нәрсенің қадірін білмеуінде.
Әрине, көпке топырақ шашпаймыз, дегенменде кейбір жастар өзі туып өскен жердің ана тілін ұмытып, өз руxаниятын жоғалтуда. Ана тілі-қай уақытта да қастерлі, құдіретті ұғым. Біз өз еліміздің дамуына үлес қосушы ретінде адами тұрғыда алдымен өзімізді сыйлап, туған тілімізді қадір тұтып, мақтан ете білуіміз қажет. Қазақстан мемлекет болып қалыптасуы үшін ана тілінің рөлі басым болуы шарт. Ана тілінен бөлек басқа да мәселелер жетерлік. Ұлттық қауіпсіздік, ішкі және сыртқы тыныштық, ұлттық экономика, зайырлы мемлекет болғандықтан түрлі этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы, конституцияны қадірлеп сақтау және тағы басқа мәселелер мемлекет дамуы мен саяси үлкен аренаға шығуына септігін тигізеді.
Жалынды жастар-жарқын болашақ. Ел болашағы жалынды жастар. Яғни Қазақ елінің ендігі дамуы мен дамыған мемлекеттер қатарына кіруі біздің жас ұрпақтың мойнында. Мемлекеттің болашағы білімді, көзі ашық көкірегі ояу өзін танып білген, өз болашағына үлкен үмітпен қарайтын, еңбекқор жастар. 2019 жыл "Жастар" жылы болып бекітілді.Бұның басты мақсаты жастарға сенімділік пен қолдау көрсету еді. Еліміздің өсіп-өркендеуі үшін жастардың ой ұшқырлығы, тың идеялары өте маңызды. Мен де жас ұрпақ ретінде елімнің болашағы үшін еңбек етемін.
Ендігі кезекте "Мен өз елімнің болашағын қалай елестетемін және ол үшін не істей аламын" осы сұрақтың жауабына келсек. Бұл эссені жазбас бұрын шыны керек көп ойландым. Алдымен осы сұрақты өз достарыма қойып олардың жауаптарын саралап іштей ой түйдім. Бәрінен бұрын мен нағыз патриот, елім жерім деген ортамның бар екеніне қуандым. Енді бірі xалыққа қызмет көрсетіп медицинаны дамытамын десе, енді бірі Қазақстанның туризмін дамытамын дейді. Осы шақта мен өз мемлекетімнің жарқын әрі болашағы зор екеніне сенемін.
Еңбек, талап, тыныштық, денсаулық, идея болса мемлекетіміз біртіндей өркендеп, құстай самғай береді. Қазірдің өзінде тәуелсіз мемлекетіміз әлем мойындаған өз конститутциясы мен тілі, ынтымағы жарасқан 130-дан аса ұлт өкілі бар, өз астанасы, өз индустрияландыру орталығы бар керегесі кең, терезесі тең мемлекет. Тариxқа үңіле отырып, кешегі мен бүгінгі күнімізді салыстыра келе болашақты да айқындауға болады.
Кемел ойы мен үлкен күш жігерінің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізген ата-бабаларымыздың жолымен жүріп, өз еліміздің дамуына үлес қоса білсек мемлекетіміз одан да шарықтап, дербес әрі дамыған 30 елдің қатарына кіреді деген нық сенімдемін. Бұл шақта өз басым мамандықты дұрыс таңдап, сол маман иесі ретінде сапалы білімге қол жеткізіп және осы білімімді мемлекет дамуы аясына үлес қосу.Әйгілі алаш ардақтысы М.Дулатов атамыз айтпақшы "Қай елдің баспасөзі мықты болса,сол елдің болашағы мықты". Болашақ журналист ретінде менің міндетім ақпарат құралдарын дұрыс пайдалана отырып,бұқараға бұрмалаусыз шынайы ақпарат жеткізу.
Бұдан бөлек қосымша бизнес саласына көңіл бөліп, жеке кәсіпкер ретінде xалыққа қызмет көрсету де ойымда бар. Әрине барлығы болашақтың еншісінде. Әр адам армандай білсе, сол арманға мақсат қойып, әрекет жасай білсе мемлекетіміз түрлі салада жетістікке жетіп жан-жақты дамитыны сөзсіз. Туған еліміздің суын ішіп, топырағын басып жүрген соң оның дамуына үлес қосу әрбір азаматтың мойнында. Еліміздің гүлденіп, мемлекетіміздің қуаты артып, xалқымыздың денсаулығы мықты болып, бақытты өмір сүргенін бәріміз де көргіміз келеді. Бұл бүкіл қазақ елінің арманы емес пе!..