Адам баласы тұлға болып қалыптаса бастағаннан оның өмірінде маңызы күшті, мағынасы терең жайттар болып жатады, ол адамның өмір сүру барысында, жасерекшелігіне де байланысты болып келеді.
Адам тек өз өмірінің мағынасын тауып қана қоймай, оны ары қарай жүзеге асыруы керек. Адам өз өмірінің мағынасының алдында жауапты, мағынаның орындалуы қарапайым процесс емес. Өз өмірінің мағынасын ұйымдастыруда тұлғаның мағынасы қайталанбас болады. Тұлғаның мағынасы əрқашан қоғаммен тығыз байланыста болып келеді, индивид өзінің бағдарында қоғамға байланысты икемделеді жəне керісінше, қоғам мағынасы өз кезегінде индивидтің тіршілік етуіне негізделеді.
Өмірдің мағынасы туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол – бақыт туралы ұғым. "Өмірдің мағынасы оны бақытты етіп өткізуде" деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті əрі жылы естілетіні содан болса керек.
Қатардағы адамньң түсінігіне салсақ, бақыттың белгісі жанына жайлылық, тəніңе лəззат беру болып шығар еді. Бұл да өмірлік тəжірибеден алынған, сонысымен көпшіліктің санасына орныққан жағдай болар. Солай болғанның өзінде оған жетер жол біреу-ақ. Ол – табиғи жол, еңбек жолы. Бұл жолмен көңілдің хошын табу – əр адамның өмірлік нысанасы болуға тиіс.
Өмір жəне оның мағынасы туралы ой қозғаған ұлылардың бəрі бақытты еңбекпен байланыс- тырады. Осы ұстанымды қуаттайтын ойшылдарды, ғұламаларды, көркем-өнер кайраткерлерін көптеп кездестіруге болады. Көпке танымал болмаса да, қатардағы салауатты адамдар да осыны мақұлдайды.
«Бақыт тек еңбекпен келеді» деген тұжырым əлімсақтан келе жатқан ақиқат, белгілі аксиома ретінде əлі күшін жойған жоқ. Адамның өзі таңдаған кəсіппен айналысуы, ұзақ жəне қызықты еңбек жолынан өтіп, мол тəжірибе жинап, кəсіпқойлықтың шыңына шығуы, шабытпен еңбек етіп, оның нəтижесін көруі – міне, адамды бақытқа бастап апарар баспалдақтар осы болса керек. Еңбек еткеннен кейін, оның зейнеті болады. Адал еңбек еш кетпейді. Қатардағы қарапайым адамдардың арасында өзі қалаған мамандығы бойынша еңбек етіп, көпшілік алып жүрген жалақысымен орташа күн кешіп жүрсе де, Отанының аясында, достары мен туыстарының арасында, тату-тəтті өмір сүріп жүргенін бақыт санайтындар толып жатыр.
Ерте замандарда адамдар сауаты саяз, ілім-білім болмаған кезде «өмірдің мәні не?» деген сұраққа онша терең бойлай алмаған. Ол кезде оларға мағына туралы емес, «өзіңнің Жаратушы алдындағы міндетің туралы ойлан», деп үйрететін. Яғни «Құдай сені о баста жаратып, маңдайыңа тағдырыңды қашап жазып берген. Сен сол соқпақпен жүре бер», дейтін. Келе-келе адамзаттың сана-сезімі өсіп, жерге жол көрсетуші киелі кітаптар түсіп, пайғамбарлар дүниеден озып, қоғамда сауатты, саналы адамдар көбейген кезде Құдай «мені не үшін жаратты?» «Тағдырымның мәні не?»-деген сұрақтармен басы қата бастады. Осылайша «өмірдің мәні» деген ұлы философия алдыңғы орынға шықты. Бұл сұраққа Ү-ІҮ ғасырларда қайсыбір ойшылдар «өмірдің мағынасы барынша рахат көру», деп жауап берді. Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас. Амалын тапсаң азаптан қаш та, жеңіл жолмен бұл өмірдің ләззатын сорып жата бер. Бұл көзқарасты ғылымда «гедонизм» деп атайды. Гректің «хедоне» «рақат, ләззат» деген сөзінен шыққан. Ең қызығы бұл көзқарас өте өміршең болып шықты. Күні қазіргіге дейін өмірдің мәнін осылай кері түсіндіретін саяз адамдар қоғамда жетіп артылады
. Өміріңнің мәнсіз, мақсатсыз өтіп жатқанын білуден жаман нәрсе кемде-кем. Мұндай ой жаныңды жегідей жеп, күйзеліске ұшыратады. Ал керісінше, адам не үшін өмір сүріп жатқанын анық білсе, өзін әлдеқайда бақытты сезінеді. Холокосты басынан кешірген Виктор Франкл есімді невролог былай деп жазды: “Не үшін өмір сүріп жатқаныңды білу ең сұрапыл жағдайда да аман қалуға көмектеседі деп сеніммен айта аламын”.
Алайда, бұл жайлы адамдар түрлі әрі қарама-қайшы пікірлер айтады. Көпшілік өмірдің мәні мен мақсаты неде екенін әр адам өзі үшін өзі шешуі керек деп ойлайды. Ал эволюция теориясына сенетіндер өмірдің нақты бір мақсаты жоқ дегенді үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |