- «Жалпы және өнеркәсіптік басқару» еңбегінің авторы. Өз тұжырымдамасында ол басқарудың 14 қағидасын айтып өтеді, ол қағидаларды біле жүрудің пайдасы әр адамға тиері сөзсіз. Әсіресе, басшылар мен өзінің көшбасшылық бейімділігін айқындауға ұмтылатындарға қажет.
Еңбекті бөлу
Еңбек бөлудің мақсаты — мақсат пен міндеттердің аз мөлшеріне (жұмысшының) зейінін шоғырландыру. Назары мен бар күшін бір салаға бағыттандыру арқылы жұмысының сапасы айтарлықтай арта түседі. Егер еңбек бөлінісі бар және жоқ екі ұжымды алып қарасақ (қалған барлық нәрселер бірдей) — бірінші ұжым айтарлықтай көбірек тапсырма орындайды және оны едәуір сапалы етіп жасайды.
Өкілеттік пен міндеттер
Қолында билігі бар адам қабылданатын шешімдер мен берілетін бұйрықтар үшін жауапты болуға тиіс. Ұжымды басқаруға өкілетті адам ұжым жұмысының барлық салдарына жауап береді.
Бір мақсаттың аясында жұмыс істейтін барлық топтардың бірыңғай іс-қимыл жоспары мен бір жетекшісі болуы керек.
Дара басшылық
Әр жұмысшыда тек бір ғана тікелей басшы болуы керек. Ол тапсырма беріп, жұмыстың орындалуын бақылайды.
Тәртіп
Қызметкерлер өз компаниясының ережелерін құрметтеуге және ұстануға міндетті. Сондай-ақ, компания мүшелерінің бағынуын қадағалайтын және қабылданған келісімдер бұзылған жағдайда оларды жазалайтын жетекшілер болуға тиіс.
Жеке мүдделердің бағынуы
Қызметкердің немесе қызметкерлер тобының жеке мүдделері компанияның немесе басқа да ұйымның мүдделерінен жоғары болмауы керек. Жұмыс мүддесі басым болуы керек.
Қызметкерлерге сыйақы
Жұмысшылар еңбегіне тұрарлық және лайықты сыйақыны алуы керек, сыйақы жұмысын жалғастыруға ынталандыруы керек. Тұрақты марапаттар (сыйлық т.б) да компания қызметкерлерінің өз ұйымына деген адалдығын қалыптастырып, оларды бұрынғыдан да жақсы жұмыс істеуге ынталандырады.
Орталықтандыру
Еңбек бөлінісінің бар болуы қаншалық маңызды болса, басқару орталығының болуы да соншалық маңызды. Орталықтандырудың дәрежесі, орталықсыздандырудың үлесі нақты жағдайларға байланысты және әр жағдайда жеке-жеке анықталады.
Бірлік (корпоративтік рух)
Ұжымда үйлесім болуы керек. Қызметкерлердің бірлігі неғұрлым күшті болса, еңбектері соғұрлым нәтижелі болады. Күш — бірлік пен синергияда.
Иерархия
Кез келген ұйымда төменгі буын басшысынан бас басқарушыға дейінгі иерархия болуы керек. Бұл компанияның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Бірақ иерархия сатысы мейлінше аз болуға тиіс және зиянды болмауы керек.
Тәртіп
Әр қызметкердің өз орны, міндеттері болуы керек және ол сол жерде болып, сол тапсырмаларды орындауы қажет.
Әділдік
Әділдік — әділет пен мейірімділіктің үйлесімі. Басқарушы буын қоластындағыларға әділ және құрметпен қарауы керек. Әділетсіздікке жол берілетін жерлерде өнімді жұмыс болмайды.
Қызметкерлердің тұрақтылығы
Кадрлардың тұрақсыздығы — нашар басқарудың салдары. Ол компанияны әлсіретіп, оның тиімділігін азайтады. Файольдің пайымдауынша, жұмыс орнына мықтап жабысатын орташа қабілетті басшы талантты, бірақ сенімсіз және тез кететін басқарушыдан жақсы.
Бастама (Инициатива)
Барлық қызметкерлерде бастама білдіру, өз идеяларын айту және компания тиімділігін арттыратын тәсілдерді ұсынуға мүмкіндік болуы керек. Бастама ұйымға күш пен қуат береді.