ТҰТЫҚПАНЫ ТҮЗЕТУ ӘДІСТЕРІ
Ерғалиева Гүлім Бексұлтанқызы
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ-сы
Ergalieva-1995@mail.ru sakanovad@mail.ru
Ғылыми жетекші: магистр, аға оқытушы Азанбекова Г.Т
Тұтыкпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшықеттерінің тартылу салдарынан сөйлеудің ырғақтығы мен жылдамдығының бұзылуы. Қазіргі кезде тұтыкпаның себептерін екі топқа бөледі: бейімдеуші және қоздырушы. Бейімдеуші себептерге баланың нерв жүйесін әлсіретіп,оның жұмысының бұзылуына әкеліп соғатын жағдайлар жатады (құрсақта жатқанда туу кезіндегі зақымданулар, инфексиялық аурулар,тұқым қуалаушылық яғни ата- аналардың нерв жүйесінің әлсіздігі).
Қоздырушы себептер: күшті жүйке күйзелісін тудыратын кеннеттен психикалық зақымданулар,тәрбиелеу тәсілдерін дұрыс қолданбау, сөйлеу ортасының жағымсыздығы, сөйлеу тілінің дамуының кешеуілдеуі. Тұтыкпаның пайда болуын ықпал ететін көптеген факторларды атауға болады, әдетте тұтыкпа бір емес бірнеше факторлардың қосылып кеуінен пайда болады.
Баланың жасы 2-6 жас аралығында тұтыкпа пайда болады.Әлемдік әдебиеттердің деректері бойынша тұтықпадағы ауыру тұықым қуалаушылық бірнеше ұрпақта байқалуы мүмкін. Тұтықпасы бар ата-аналарды өз алыпты ата-аналарға қарағанда, балаларында тұтықпаның байқалу мүмкіншілігі бірнеше рет көбірек болады. Кез келген ауытқуда гентикалық тұқым қуалаушылыққа қосымша зиянды факторлар қосылғанда ғана байқалады. [1]
Тұтыкпа кыздарға қарағанда,еркек балаларда үш есе жиі кездеседі. Мұның механизімі әлде түсініксіз. Қыздардың моторлықфункциялары: жүру, сөйлеуі, ұсақ моторикасы ұлдарға қарғанда тезірек қалыптасады деп болжамдайды. Бәлкім, соған байланысты қыздардың сөйлеу қимыл механизімдері экзогенді зияндықтарға төтеп беру қабілеті жоғары болуы мүмкін.
Тұтыкпаның негізгі белгісі – ауызша сөйлеу процессінде сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысуы. Тыртысу тек сөйлеу кезінде немесе сөйлей бастағанда байқалады.
Тыртысу негізгі екі түрде бөлінеді: тоникалық және клонникалық, сонымен қатар кейде аралас түрге де бөлінеді. Сөйлеудегі тоникалық тыртысу бірнеше топтағы бұлшық еттердің тонуысының қатаюымен сипаталады. Тұтығушы сөйлеу кезінде тоқтап, бөгеліп қалады. Ауыз бұл кезде жартылай ашық немесе еріндік қосылып тұрады. [3]
Тырысудың клоникалық түрі сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің біркелкі қайталанып қысқаруымен сипатталады. Көбнесе тұтыкпада клоникалық және тоникалық түрлері бірдей байқалады. Тырысудың клоникалық түрі сөйлеу аппаратының барлық бөлімдерінде артикуляциялық, дауыс шығару және тыныс алу мүшелерінің бұлшық еттерінде кездесуі мүмкін. Тұтықпаның асықынған тұрінде тыртысудың аралас түрлері жиі кездесуі мүмкін.дауыс шығару аппаратында тыртысу көбінесе дауысты дыбысты айту кезінде байқалады. Дауыс шығару аппаратының тырсуының негізгі үш түрі кездеседі.
Қабысып тыртысу сөйлей бастағанда немесе сөйлеудің ортасында пайда болады да кенеттен дауыс беру тоқталады. Тыртысудың бұл түрінің негізгі белгісі дыбыстың мүлдем болмауы болып табылады. Ұзаққа созылған тыртысуда тұтығушының бет әлпеті қимылсыз, зорланып көрінеді.
Вокальдық тыртысу әдетте сөйлеу процессінде дауысты дыбыстарды айту, негізінде пайда болады. Вокальдықт тыртысу, көмекей аумағында оқшауланып, мойын бұлшық еттеріне таралуы мүмкін және дауыс шығару аппаратынан барлық бұлшық еттерініңіс-әрекеті бұзылу мүмкін кейде вокальдық тыртысу біткенше артикуляторлық қимылдар толықтай тоқтауы байқалады.
Артикуляциялық тыртысуды беттік и тілдік және жұмсақ таңдайлық деп бөлінеді.
Беттік тырысулар еріннің қабысқан тыртысуы тұтықпада жиі кездесетін түрінің бірі. Ауыздың айналма бұлшық еттерінің тыртысуы салдарынан, еріндер қатты қабысады. Тыртысудың бұл түрінде еріндік дыбыстардың айтылыуы бұзылады.Жоғарғы еріндік тыртысу сирек кездеседі.
Тілдің тыртысуының бірнеше түрлері болады. Ең жиі кездесетін түрінің бірі тілдің ұшының тырытсуы. Тілдің ұшы қатайып қатты таңдайға тіреледі, соның салдарынан артикуляция тоқталады. [4]
Тұтықпаны түзету әдістері
Балаға еркін сөйлеуді тәрбиелеу үшін, ең алдымен оны асықпай, жәймен сөйлеуге үйрету қажет. Балада асықпай сөйлеуді қалыптастыру үшін ең алдымен асықпай қимыл жасауды дағдыландыру қажет. Бала іс-әрекетті еш қиындықсыз орындай алатын болса онда ол әңгімелесу барысында ешқандай қиындықа ұшырамай, сөйлеген сөздерін және өз ойын еркін жеткізе алатын болады.Балада сөйлеген кезде толқуды жеңу үшін оған, өзіндегі ең бірінші қорқыныш пен үрейді жеңе білуге машыктандыру керек. Балаға асыкпай сөйлеуді үйреткен кезде сол айтылған сөздердің жасанды емес, шынайы болып айтылуына назар аудару керек. Өз сөздерін еркін айта алатын бала, өзінің сөйлеуінен рахат алады,ол өз сезім - пікірлерін білдірген кезде дауыс ырғағын,мимикалық жесттерді кеңінен пайдаланады.Бала тұтыккан кезде сөздердегі осы мүмкіндіктердің барлығында жасай алмайды. Дұрыс сөйлеуге тәрбиелеуде сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуды қалыптастыру маңызды.
Логопед өткізетін тілдік сабақтың негізгі мақсаты бала бойында қорғаныштық режимін қалыптастыру, алдағы сабаққа ынталандыру, нақты мақсатты анықтау.Қорғаныштық режим-баланың психикасын кері әсер ететін факторлардан қорғау, жайлы орта, жағымды және айналадағылармен теңдік қарым-қатынас, дұрыс сөйлемеу жағдайын ұстап қалуға жол бермеу керек. [5]
Логопедтің тұтыкпасы бар баламен жұмысы барысында жеңілдетілген деп саналатын сөйлеу формаларын пайдаланады: сыбыр,нақты сұраққа жауап, өлеңдер оқу,ән айту,жеке дыбыстармен буындарды оқу. Өз жұмысында логопед мұғалім тұтығуды түзетуде А.Н.Стрельникованың парадоксальдік және цигун әдісін, сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолданады.
Баланың қорғаныштық режимін қалыптастыру үшін,айна алдында бала өзін еркін ұстау, психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.
2) Артикуляцияға және мимикалық бұлшықеттерге арналған релаксациялық жаттығулар:
Тісімізді көрсете отырып,барынша күлеміз.Зейінді беттегі қысымға аударамыз.
Түтікше, езу тарту.
Ерінді алға шығара отырып,10 секунд бойы үрлейміз.
Алдыңғы тіске тілді тірейміз,зейінді тілдегі қысымға аударамыз.
Ауызды ауаға толтырып,көзімізді барынша ашу.
3) Дауысты дыбыстармен жұмыс:
Тілінде кемістігі бар балаларға сөздегі дауысты дыбысты бөліп айтуды үйрету үлкен нәтиже береді.Кейбір дауысты дыбыстарды созып айту үшін, сөйлеуді жеңілдетіп,тілдегі құрысуларды болдырмайды. Дем шығару арқылы дауысты дыбыстармен жұмыс жасау керек:
А-о А-о-у-ы М-м-м-м-м-а-а-а М-м-м-м-м-у-у-у
А-о-у А-о-у-ы-и М-м-м-м-м-о-о-о М-м-м-м-м-ы-ы
4) Санау жаттығуларын жасау кезінде:
Бір тыныста терең тыныс алып,санау қажет.
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,… сандарды кері қарай санау.
5) Тыныс алу жаттығуларын
Стрельникованың пародоксальдік тыныс алу әдісі арқылы жасаймыз.
Мұрыннан шулы тыныс алып,жылдам дем алу.
Насос
Серіппе
Өз-өзіңді құшақта
Мысық
6) «Цигун» қытай жаттығуын да жасаймыз.
Босаңсып,терең тыныс алып,ұзақ тыныс шығару.Ішпен тыныс алып,дем шығарғанда ішті ішке тарту.Терең тыныс алып,тілді жоғары көтеріп,дем шығарғанда тілді төмен түсіру керек.
1.Дөңгелек шар
2.Бамбук
7)«Ән айту» да дұрыс тыныс алды қалыптастырады:
Желсіз түнде жарық ай Қалың ағаш жапырағы
Сәулесі суда дірілдеп, Сыбырласып өзді-өзі,
Ауылдың жаны - терең сай Көрінбей жердің топырағы
Тасыған өзен күрілдеп. Құлпыраған жасыл жер жүз
Тұтықпа тұқым қуалауы да ғажап емес. .[2]
Қорыта айтқанда, тұтыкпа көп жағдайда тұқым қуалайды. Тұтықпаны жаңа технологиялардың көмегіменде емудеу қазіргі кезде тиімді. Тұтықпасы бар балалардың сөйлеу тілін түзетудің тиімді жолдарының бірін атап айтсақ axSoft Speech corrector бағдарламасы тимді болып табылады. Баламен түрлі әдістерді қолдану арқылы сөздік қорды молайтып қана қоймай, сөздің лексика-грамматикалық құрылымын сауатты байланыстыруды, сөйлеу мәнері мен тұтықпай сөйлеуді, ортада өзін еркін сезінуді үйренеді. Баладағы тұтығудың алдын алу үшін көбінесе логопед мұғалімнің арасында тығыз байланы болуы керек. Логопед мұғалімнің берген жаттығулар ата- анасы да үйінде жасаса, онда тұтыкпаның алдын алуға болады.Тұтықпасы бар балалармен жұмыс жасағанда, логопедтің жұмысы бірнеше сатыға бөліп ждұмыс жасайды.Олар:дайындық,жаттығулар,қорытындылау болып бөліп жұмыстар атқарады.Әр кезеңнің өзінің мақсаты болады және оларды жеке - жеке бөліп қарастырады.
Дайындық кезеңін алсақ, баланы сабаққа дайындау дұрыс сөйлеу үлгісін көрсету.
Жаттығу кезеңі болса баланы барлық ұиын сөйлеу түрлерін, әр сөйлеу жағдайларын меңгеру жатады.
Қорытындылау кезеңіне келетін болсақ баланың дұрыс сөйлеуі мен тәртібінің дағдыларын әр түрлі сөйлеу іс әректтерге машықтандыру. Осы тәсілдерді пайдалану арқылы тұтықпаны түзетудің әдңстері болып келеді.
Тұтықпаны емдеу жанжақты жүргізілу керек. Мұнда, барлық емдеу түрлері қамтылады: психоневрологтың ұсынысы, сөйлеу тілік сабақтар, логопед жүргізген, күн тәртібінің жоғарыда айтылған міндеттерді ескеріліп құрылуы.
Ең алдымен логопедтің қабылдауына бармастан бұрын, психоневролог дәрігерге қаралуы керек.
Баланың анамнезін жинау қажет, ата-анасымен сұхбаттасу барысында. Дәрігер баланың анамнезін жинаған соң емделу курсын жазып береді. Дәрігер баланы медициналық жағына тексерсе, логопед педагогикалық жағынан тексереді. Логопед жалпы балада тұтықпаның қай кезде пайда болғаны, қандай жағдайда, яғни жалпы сөйлеу тілін жанжақты қарастырады. Логопед тек баланың сөйлеу тілін қарастыра қоймай, сонымен бірге жеке ерекшеліктерін де жан-жақты қарастырады. Тұтықпа балалармен сабақ топтық түрде өтеді. Бір топта 5-7 бала болады. Сабақ аптасына 3 рет 1 сағаттан болады. Логопедиялық сабақтың курсы 3-4 айға жоспарланған.
Тұтықпасы бар бала мектепте... Мектеп – баланың мінез-құлқының, тәртібінің, жүйке жүйесінің жағдайының қалыптасуына әсер ететін сыртқы орта. Тұтықпасы бар бала
мектепке барған кезде оның сөйлеу тілі ары қарай өршуі мүмкін. Тұтықпа баланың жасы өскен сайын күрделене түседі. Мектеп жасындағы балалардың жүйке жүйесі жұқарып, ызақор, ашуланшақ болып кетеді. Себебі: олар өсе келе өз кемістіктерін түсіне бастағанда, «мен неге бұлай сөйлеймін?»- деген сияқты сұрақтар туындайды. Сыныптастары әрдайым оның кемістігін айтып күлуі мүмкін, ал мұнын бәрі баланың жүйке жүйесіне әсер тигізеді.
Тек қана достарымен қарым – қатынасқа түсуде қиналып қана қоймай, сонымен бірге сабағында да үлгермеушілік байқалуы мүмкін. Ата-аналар балаға әрқашан көңіл бөліп, үйде жылы қарым – қатынас орнатқаны жөн. Тұтықпа жайлы арнайы әдебиеттерді қарастырып, соған сәйкес жұмыстарды жүргізу.
ӘДЕИЕТТЕР:
1.В.М.Шкловский .Жасжеткіншектер және ересек кекештенушілер. Москва 1991.
2.А.В Ястребова .Бастауыш сынып жасындағы балалардың тұтығуы. Москва/ 1995.
3. Н.А. Чевелева « Профилактика заикания»
4. Г. А. Волкова «Устранения заикания школьников»
5. Логопедия Под ред Л.С. Волковой –М 1989
Достарыңызбен бөлісу: |