І. Жалпыға бірдей міндетті білім берумен қамту жұмысының орындалуы



бет8/9
Дата26.09.2024
өлшемі70,09 Kb.
#205182
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Талдау

. 1.8.Электронды сынып журналдары
Білім беру ұйымдарында бағалау «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ -нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы және «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орта мектеп үшін критериалды бағалау мен құжаттарды рәсімдеу бойынша» нұсқаулық; бойынша жүзеге асырылады.
2022-2023 оқу жылында 99 - қызметкер, 1058 - оқушы, 593 ата-аналар «Kundelik.kz» электронды журнал жүйесіне тіркелді. 44 сынып және 13 үйде оқытылатын балаларға құрылды. Әр сыныпқа 1 – ші ауысым және 2-ші ауысым бойынша мектептің қоңырау кестелері енгізілді. Әр сыныпқа есептік кезеңдер құрылды. Есептік кезеңдер бойынша әр сыныпқа жылдық сабақ кестелері енгізілді. Пән мұғалімдері өз пәндері бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау енгізуде.
Оқушылардың электрондық күнделіктерін ата-аналар және оқушылар өз пайдаланушының аты және құпия сөз арқылы көруге болады. Сынып журналдарында қойылған бағалар негізінде үлгерім бойынша есептілік автоматты түрде қалыптасады. Электрондық оқыту жүйесін қолдану кезінде білім беру үдерісінің белсенді қатысушысы ата-аналардың болуы өте маңызды.
Ата-аналар күнделікті өз балаларының үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы сенімді ақпараттарды ала алады, мектеп әкімшілігімен және педагогикалық құраммен байланыста бола алады; білім беру жүйесіндегі жаңалықтар туралы біле алады, мектеп өмірі мен өз баласының өміріне көбірек белсенді қатыса алады, сұрақтар қоя алады, өз баласының тәрбиесі мен біліміне қатысты ұсыныстар жасап, педагогтардан кеңес ала алады.
Алайда «Кundelik.kz» жүйесін жүргізілу деңгейі қанағаттанарлық. Электронды журналдардың толтырылу көрсеткіші 90 пайызды құрады.
«Кundelik.kz» жүйесін жүргізу барысында көптеген қателіктер болды. Атап айтсақ:

  1. Үй тапсырмасы алдын ала толтырылып, пайызымыз көтерілмеуі,уақытының қойылмауы.

Мектептің «Күнделік kz» электронды журналында білім алушылардың үйге берілген тапсырманы орындауына кететін уақыт көлемі мөлшерге сәйкес емес.Білім алушыларға үй тапсырмалары олардың орындау мүмкіндігін ескере отырып, мынадай шамада беріледі: 2-сыныпта – 50 минут, 3-сыныпта – 70 минут, 4-сыныпта – 70 минут (ҚР БҒМ 2017 жылғы 24 сәуірдегі №182 бұйрығы).
Үй тапсырмасын орындауға берілетін уақыт шамадан асып кеткен.
Күнделікті есептер кезеңін тексергенде 100 пайыз болуы керек. Кейбіреулерінде пайыз төмен болып тұрады,яғни ерте толтырылуына немесе ертеңіне толтырылуына және де үй тапсырмасын күнтізбелік жоспарды толтырғанда күнделікті толтырылуына жол берілуінде.
2.Журналды уақытылы толтырылмауы.
Пән мұғалімдер журналды толтыруда асығыстық жасауда өтілді мен күйі басылмай қалады.Асығыстықтық кесірінен журналдарыңыздың пайызы төмен болып,ескерту алып жатырсыздар.Осының кесірінен журнал белсенділігінде пайызымыз өте төмен көрсетіп жатыр.
3.Ата-ана мен оқушының күнделікке аптасына кіруінің төмендігінде.
«Күнделік» жобасы бойынша мектепте үнемі мониторинг жүргізіліп тұрады. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар өз деңгейінде жүзеге асудаОсы бағытта жұмыс атқарып жатқан мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар электронды күнделікке оң баға беру керек деп ойлаймын. Жалпы, күнделіктің тиімділігі – мұғалім, ата-ана және бала арасындағы қарым-қатына­сы­ның жылы көрініс табуында емес па.
Қорытынды: Әлі де оқу үрдісін ұйымдастыруда басты назарды оқушылардың білім сапасы мен оқу үлгерімін арттыруға жұмылдыруы, төмен көрсеткіш берген мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін арттыруын қатаң бақылауға алуы, мақсатты жұмыстар жүргізілуі керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет