Ортасы
Ой бөлісу
|
Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.
Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.
Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді.
Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп, ақталып шықты.
Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.
Ұлжан (1810-1887) - Құнанбайдың екінші әйелі, Абайдың анасы. Арғы атасы Орта жүз Қаракесектен тарайтын Шаншардың Нұрбике деген әйелінен туған Бертіс биден: Мөшке, Битен, Шитен деген немерелері өрбиді. Битеннен - Қантай, Тонтай, Тұрпан, Тұрпаннан - апалы-сіңлілі Ұлжан, Молқара дүниеге келеді. Ұлжаннан: Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан туады. Ұлжан өте сабырлы, кең мінезді, сөзге ұста, тапқыр, шешен кісі болған. Абай анасының осындай асыл қасиеттерін жастайынан бойына сіңіріп өскен.
Зере (1785 – 1873) – Абайдың әжесі. Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы. Азан шақырып қойған аты – Тоқбала. Өскенбай би 5 әйелінен 10 бала сүйген. Зереден Құттымұхамбет (жастай қайтыс болған), Құнанбай, Тайбала туған. Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары “кәрі әже” деп атаған. Қартайған шағында құлағы естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Абай әжесін өлеңмен үшкірген. Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізгенЗере 1873 жылы қайтыс болған соң, баласы Құнанбайдың ұйғаруымен Жидебай қыстауының жанына жерленген. Абай ауылының азаматтары 1986 жылы қабір айналасын қайтадан жөнге келтіріп, Зере бейітінің басына Шығыс үлгісімен алты қырлы кесене тұрғызды
Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраhимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген. « – Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыдан кім өткен?» деп басталатын Абайдың әжесі – Зеренің ұлағатты әңгімелерінің өзі неге тұрады десеңізші?!
Кейіпкерлерге мінездеме бер
Абайдың аналары
|
Шығармалардан үзінді
|
Мінезі
|
Ұлжан
|
|
|
Зере
|
|
|
Семейде «Абай аналары» аллеясы ашылған,
Аллеяға 50-ге жуық шырша мен 20-ға жуық Шыңғыстау қайыңы егіліп, ұлы ақын Абайдың аналары – Зере мен Ұлжан туралы мәліметтер берілген тақта қойылды. Абай аналары Зере мен Ұлжан – ақын тәрбиесінің алтын бесігі. Абай Құнанбайұлының ұлы тұлға ретінде қалыптасуына олардың ықпалы зор болғаны тарихта белгілі. Зере Бектемірқызы (1785-1873) – ел анасы, халық мейірімділігі мен ақылдылығына бас иген парасатты, дана әжелердің үлгісі. Ал анасы Ұлжан Тұрпанқызы (1810-1887) өте сабырлы, кең мінезді, сөзге ұста, тапқыр, шешен болған. Абай анасының осындай асыл қасиеттерін жастайынан бойына сіңіріп өскен. Ақылды келін Ұлжан енесі Зеремен терең сыйластықта ғұмыр кешкен. Зере әже мен Ұлжан анадан қазіргі жас ұрпақ қаншама үлгі-өнеге алары анық.
|
|