Сабақтың тақырыбы: «Ата кәсіп баға жетпес алтын қазына»



Дата28.06.2017
өлшемі89,32 Kb.
түріСабақ
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылы

«Жанкелдин атындағы орта мектебі» ММ – сі

Ашық сабақ

Өткізген: Нұрбердиева Қарлығаш Дәулеталықызы

Сыныбы:6

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы:  «Ата кәсіп – баға жетпес алтын қазына» (Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» хикаяты бойынша) Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Қазақ халқының жазушысы , Маңғыстаудың төл перзенті, жерлесіміз жайында мағлұматтарын кеңейту, жетілдіру;

ә) дамытушылық: Оқушылардың топпен жұмыс жасау арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

б) тәрбиелік: «Шыңырау» повесін талдау арқылы табиғатты қорғауға, еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа, туған жерін сүйе білуге тәрбиелеу;



Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, ізденіс, шығармашылық жұмыс, сұрақ – жауап; Сабақтың көрнекілігі:  тақырыпқа арналған слайд, көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, видеоролик. Пәнаралық байланыс:  география, тарих. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру. А) Оқушыларды сабаққа дайындау, өтілу барысын таныстыру. Ә) Топқа бөлу (қима қағаздарды біріктіру арқылы) І топ «Шеген» ІІ топ «Шығыр» ІІІ топ «Әйкел» ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: 1.Әбіш Кекілбаевтың өмірі, шығармашылығына сөзжұмбақ шешу


























































































































































































































































1 . Әбіш кім? 2. Туған жері? 3. Біздің облысымыз. 4. Туған ауылы 5. Романы 6. Әкесі



7. Анасы

2 . Сұрақ – жауап. 1. Повестің басты кейіпкері кім? 2. Еңсепке құдық қазуға өтініш білдірген кім? 3. Шыңырау қай жерден қазылды? 4. Шыңырау түбінде Еңсеп қандай жағдайға тап болды? 5. Ол неге қуанды? 6. Бұл құдық қалай аталды? Неліктен? 7. Еңсептің ерен еңбегі елге қандай пайда әкелді? 8. Повесть неге “Шыңырау” деп аталған? 9. Шыңырау дегеніміз не? 10. “Шыңырау” повесінің идеясы не? ІІІ. Топ аттарын қорғау сатысы. Шеген - құдықтың іші опырылып құлап кетпеу үшін таспен қаланып өріледі. Мұны “шегендеу”деп атайды. Шығыр - биіктігі кісі бойындай, не одан сәл ұзын, аша ағаштың айыр басының арасына көлденең доңғалақ орнатқан құрал. Әйкел - арабтың “ортасы ойық, дөңгелек” деген сөзі. Ол құдық әбден бітіп, шегенделіп, биіктетілген соң үстіне орнатылады. ІҮ. Бейнеүзік. Ү. Таным дерек. Маңғыстау құдықтары, оның тарихы жайындағы мұғалім сөзі. «Шыңырау» повесіндегі жиынтық бейнеге басты негіз болған Маңғыстауда өзінің өлмес, өшпес қолтаңбасын қалдырған әйгілі құдықшы-Қараш Бейнеубай Құлшарұлы. Қараш Бейнеубай Құлшарұлы – шебер, аты аңызға айналған құдақшы. Ол 1864 жылы туған. Бабық руының ғұламасы Таймас ишанның шәкірті болған. Қай жерде су шығатынын білген керемет құдықшы, талай елдің шөлін қандырып, сауабын алған ерекше қабілетті, көріпкел адам болыпты. Маңғыстау ойы, Үстірт үстіндегі мол сулы жиырымға жуық құдықтардың қазушысы. Оның революциядан бұрынғы «Қараш қазған» аталған құдығы әлі бар. Интербелсенді тақтадан бейне суреттерге назар аударамыз. 1.Таспен шегенделген шыңырау құдық. 2.Бекет атаның мал суарған құдығы, дәрет құдығы 3. Ә.Кекілбаевтың Мырзайырдағы құдығы мен тас астауы 4. Мұрын жыраудың құдығы  VI. Топтық тапсырма: І топ. Маңғыстаудағы жер-су атаулары ІІ топ. Су туралы мақал-мәтелдер, тыйым сөздер ІІІ топ. “Еңсептің ерен еңбегі” эссе жазу VII. Поэзия минуты «Туған жер» «Минут» «Күз келіпті- ау» VIIІ. Топтастыру стратегиясы бойынша Еңсепке мінездеме.

 

IX.Рефлексия 1.Ашық сабақ ұнады ма? 2.Қиын тапсырма кездесті ме? Үйге тапсырма: Шығармадан диалект сөздер, кәсіби сөздер, Еңсептің киімдері, тас түрлерін теріп жазып келу Оқушылардың білімін бағалау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу