«Сабақтас құрмалас сөйлем» І нұсқа
1.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
А. Өміріңде қауіп-қатер төніп тұрса да, ата тегіңе кір келтіретін нәрсеге аяқ баспа.
В. Сәл нәрсеге ренжімеймін деп, сезімін ақылға жеңдірді.
С. Балаларымыз білім алсын деп, елде барлық жағдай жасалған.
D. Басталып қойған әңгімеге тез оралу үшін, одан өзімнің қалай айырылғанымды айтып берейін.
Е. Сын түзелмей, мін түзелмес.
2.Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
А. Қыс келді.
В. Арман - әнші.
С. Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды.
D. Бас болмақ оңай, - бастамақ қиын.
Е. Теңіз тынышталды, бірақ ешнәрсе көрінбейді.
3.Қарсылықты бағыңқылы сабақтастың сұрақтарын табыңыз.
А. Неліктен? Не үшін? Не себепті?
В. Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен?
С. Қашан? Қайтсе? Не етсе?
D. Қалай? Қайтіп? Не мақсатпен?
Е. Қайтпей? Қайтпейінше?
4.Сабақтас құрамаластың түріне жатпайтын атауды табыңыз.
А. Мезгіл.
В. Қарсылықты.
С. Себеп.
D. Шартты
Е. Талғаулы.
5.Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.
А. «Бұл бала - менің інім»,- деді Ержан.
В. Данияр Мәскеуден келді.
С. Бүгін бірінші сабақ болмайды.
D. Кеше үйірмеге жазылмақ болып, оқушылар сарайына бардым.
Е. Гүлдерге су құйылмағандықтан, құрғап кетіпті.
6.Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А. Абайдың денесі іріленген, жауырынды.
В. Жаман айтпай, жақсы жоқ.
С. Бала жүрексініп, тіксініп қалды.
D. Өнерге, білімге құштарлан.
Е. Балам, ақылды болғанын жөн.
7.Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А. Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.
В. Жалғасы қызық болды, олар таңға көз ілмеді.
С.Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.
D. Дәркембай, Абылғазы, Қаңақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.
Е. Кейде ұзақ жырлар жырланып, кейде ел ішінің әңгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызыға тыңдайды.
8.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмаластың сұрағын анықтаңыз.
А. Не еткенсоң?
В. Қайткендіктен?
С. Қалай?
D. Қашаннан бері?
Е. Не еткенше?
9.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
А. Сәл нәрсеге ренжімейін деп, сезімін ақылға жеңдірді.
В. Басталып қойған әңгімеге тез оралу үшін, одан өзімнің қалай айырылғанымды айтып берейін.
С. Өмірінде қауіп-қатер төніп тұрса да, ата тегіңе кір келтіретін нәрсеге аяқ баспа.
D. Балаларымыз білім алсындеп, елде барлық жағдай жасалған.
Е. Сын түзелмей, мін түзелмес.
10.Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.
А. Ержан үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Серік тыс тақалды.
В. Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.
С. Жұмыс бізді үш үлкен жамандықтан: зерігуден, аурудан, жоқшылықтан құтқарады.
D. Білікті адам айтпай-ақ жаныңды ұғар.
Е. Әңгімені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме түсірдім.
11Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А. Кітабын оқып болғандықтан, досына бере салды.
В. Ертең апам келеді.
С. Табиғаттың тұла бойы тұнған сыр, оның тілің білсең, ешқашан қор болмайсың.
D. Маған жақындан келгенде ғана, өзімнің шәкіртім екенін таныдым.
Е. Бүгін жаңа ай туды.
12.Ыңғайлас жалғаулықты анықтаңыз.
А. Әлде, болмаса, өйткені.
В. Бірақ, неге десең, егер.
С. Алайда, себебі, онда.
D. Я, немесе, біресе.
Е. Мен, да, және.
13.Мақсат бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.
А. Ол сабағын жазып отыр, бірақ ойынан бүгінгі жайсыздық шықпайды.
В. Ол жеткенше, Қанабек тықыршып тұр.
С. Кең даланы сұлу сағым басты.
D. Әңгімені басынан бастамақ болып, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін.
Е. Қыруар уақыт өткенмен, жаңбыр басылмады.
14Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемдегі көрсетіңіз.
А. Мен оқыған кітап қызық-ақ!
В. Түн.
С. Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті.
D. Оның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді.
Е. Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын таңып алыпты.
15.Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А. Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан, көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады.
В. Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік.
С. Біресе жаңбыр жауып, біресе қар жауады.
D. Жақыпбек ойлардан серпілгісі келіп, романның бірін алып оқуға кірісті.
Е. Шай жиналысымен, қонақтарды Мырзаш шақырып әкетті.
16.Себеп бағыңыңқы сабақтас құрмаласқандай сұраққа жауап береді, табыңыз.
А. Неліктен? Неге?
В. Не үшін? Қайтпек болып?
С. Қашан? Қашаннан?
D. Қайтсе де? Қайткенмен?
Е. Қалай? Не етпестен?
17.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.
А. Қыз дауысты Қазыбектің әкесі Келдібек би қыз таңдап, үйленбей біраз жүрсе керек.
В. Ол кітапханаға бара жатса, алдынан Серік шықты.
С. Күдері сөзінен Жақыпбектің жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, соңынан ұшып түрегелді.
D. Екпей егін бітпес, үйренбей білім бітпес.
Е. Шахта жұмысы жаңа басталып жатқандықтан, Кенжебек бұл кемшіліктерге кеңшілік, кешірім жасайды.
18.Қарсылықты жалғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай мүшені табыңыз.
А. Баланың бас ұстазы – ата-анасы.
В. Өзің-ақ бар.
С. Ескі ақынша мал үшін тұрмын зарлап.
D. Сөзге сараң, бірақ ісін орындайды.
Е. Жомарт қазіргісі мен кешегісін салыстыруда.
19. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
А. Мен шаңғы теуіп жүремін.
В. Күдері сөзінен Жақыпбектің де жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, орнынан ұшып түрегелді.
С. Ол кітапханаға бара жатса, алдынан Серік шықты.
D. Шахта жұмысы жаңа басталып жатқандықтан, Кенжебек бұл кемшіліктерге кеңшілік, кешірім жасайды.
Е. Екпей, егін бітпес, үйренбей, білім бітпес.
20.Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.
А. Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан еңбегіңнің жемісін көресің.
В. Мысық ұйықтап жатқанда, тынышын алма.
С. Басқа пәле тілден деген, байқап сөйлескен дұрыс қой.
D. Биылғы қыс суық болған жоқ.
Е. «Бұның дұрыс болмады,» - деп әкесі ренжіді.
21.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А. - Әй, Шығанақ, сыртын айтқанша, ішін айтсаңшы.
В. Ексең егін, ішерсің тегін.
С. Шіркіннің киген киімінде бір кіршік болсайшы, бітімі де өзгеше.
D. Ел орынға отыра, бір топ адам үйге кіріп келеді.
Е. Еңбек - ана, білім - қазына.
22.Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А. Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті.
В. Ауылда жаңа мектеп салынды.
С. Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай-күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады.
D. Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен.
Е. Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жауған жоқ.
23.Аралас құрмалас сөйлем кем дегенде қанша сөйлемнен тұрады?
А. 2
В. 4
С. 3
D. 6
Е. 7
24.Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
A. Аспанда жапқан тұтас бұлт сиреп, ара-тұра жұлдыздар көріне бастады
B. Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды
C. Аңсаған төлде су тапса, бас қоймайма бастауға
D. Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше сұрап алған
E. Қасқыр енді мұның айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті
25.Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A. Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғарып жүрген жоқ.
B. Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, көбінесе үнсіз жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді
C. Сиырда аунамақ жоқ, жылқыда күйсемек жоқ, суда қаймақ жоқ
D. Қуаты – ақындық, үміті – халық
E. Осы өткен қыс бойында, кітап соңында көп отырған Абай үй-ішіне, Ербол мен Баймағамбетке, кішкене молдаға және әңгіме тындауға жараған балалары: Әбдірахман, Қүлбадан, Мағаштарға өзі оқыған кейбір романдарын да қызықты хикая етіп айтып беріп отыратын
26.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
A. Игілектен қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жолығуға келе жатыр еді
B. Біз үйден шыққанда, күн де сәскелекке жақындап еді
C. Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді
D. Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың
E. Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет
27.Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
A. Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, атарын шоқыта, сар желіске сала жөнелді
B. Еңбексіз ауырса емі табылмайды
C. Ғылым өзін-өзі сызғылай отырып, толасыз ілгері жылжи береді
D. Өткенге топырақ шашсақ, болашақ саған тас атады
E. Көз – ақылдың, ақыл – ұжданның, ұждан – рухтың бақылау тетігі екенін біл
28.Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрауларын табыңыз.
A. Қайтпейінше? Не етпейінше?
B. Қашаннан бері? Қайтіп?
C. Не етпек болып? Қалай?
D. Қайтсе де? Қайткенмен?
E. Қайтсе? Не еткенде?
29.Шартты бағыныңқы құрмаласты табыңыз
A. Жүре берсең, көре бересің
B. Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасының не екенін ұға алмады
C. Артыма жалт қарасам, екі жігіт аттарын байлап жатыр
D. Көзсіз өмір не десе, тас қараңғы көр деуші ем
E. Надан Малқар ескі әдетімен елді қорқытып ұстамақ болса, залым Шәлкендер алдап ұстамақ
30.Елімнің қайғысына мың да бір дауа осы болар деп, Сырдың суына төсегін төсеп тартып тұрады. Сабақтастың қай түрі?
A. Мақсат бағыныңқы құрмалас
B. Мезгіл бағыныңқы құрмалас
C. Қимыл-сын бағыныңқы құрмалас
D. Шартты бағыныңқы құрмалас
E. Себеп бағыныңқы құрмалас
Достарыңызбен бөлісу: |