Ақмола облысы Жақсы ауданы «Терсақан негізгі мектебі» кмм эссе



Pdf көрінісі
Дата17.06.2020
өлшемі280,78 Kb.
#73753
Байланысты:
8. Эссе. Педагог қандай болу керек



 

Ақмола облысы 

Жақсы ауданы 

«Терсақан негізгі мектебі» КММ 

ЭССЕ 

«Педагог қандай 

болу керек?» 



ЭССЕ 

 «Педагог қандай болуы керек?» 

«Адамның    адамшылығы    жақсы    ұстаздан»,    «Ұстаздық    еткен    жалықпас  

үйретуден  балаға»  деп  Абай  Құнанбайұлы  айтқанындай,  осы  екі  сөзден-ақ  ұрпақ  

тәрбиесіндегі  ұстаздың  ерекше  орнын  аңғару  қиын  болмаса  керек. 

  Адамзаттық    басынан    небір    алмағайып    күндер    өтер,    заман    ауысар,    қоғам  

өзгерер,  бірақ  Күн  нұры,  Жер-Ана,  Ана  сүті  сияқты  мызғымайтын  мәңгілік  ұлы  

ұғымдар  қатарында  Ұстаз  тұрары  сөзсіз. Өйткені,  ұстаз  шәкірт  дамуына  жағдай  

туғызушы,    оқу-тәрбие    үрдісін    ұйымдастырушы    сценарист,    психолог,    дидакт,  

режиссер,  әдіскер,  үйлестіруші,  дәріскер  іспетті. 

  Ертеңгі    күннің    бүгінгіден    нұрлы    болуына    ықпал    етіп,    адам    баласын    алға  

жетелер  құдіретті  күштің  бірі-білім  болса,  сол  білім  діңгегінің  сапалы  болуы  үшін  

жас  ұрпақты    оқытып    тәрбиелеу    ұлттық    негізде    жалғасын    табуы    тиіс.  Ендеше  

ұлттың    болашағы-ұрпағында    болса,  ұрпақтың    тәрбиесі-ұстаз    қолында.    Ал  ұстаз  

мұраты-жетілген,  толыққанды, жан-жақты  дамыған  азамат  тәрбиелеу. 

Өмір...тағдыр...  .Адам  әрқашан  бұл  туралы,  оның  өмірі  қалай,  қандай  оқиғаларға 

толы  болатынын  ойлайды.  Өйткені,  әрбір  адамның  тағдырында  оның  бүкіл  өмірін 

өзгертуге қабілетті оқиғалар болады. Мұндай оқиға менің де өмірімде болды. 

  Мен    өзімді    бақытты    деп    санаймын,  өйткені,  өз    өмірімде  нағыз    ұстазды  

кездестірдім.  Ол  дене  шынықтыру  пәнінің  ұлағатты  ұстазы  Третьяков Александр 

Иванович.  Сүйікті    ұстазымның    әр    сабағына  баруға    тырыстым,    әр    сөзін  мұқият  

тыңдадым,    әр    қозғалысын    ұстадым.    Педагог  эталоны    ретінде    осы    менің    ұлы  

ұстазым  болды. Сол себептен,  мен  бүгінгі  күні  дене шынықтыру  пәні  мамандығын  

таңдадым. 

  Қазіргі    кезде    қай    елде    болсын,    денсаулықты    сақтау    және    оны    жақсарту  

мәселелері    өзекті.  Оған    ең    бірінші    қарышты    үлес    қосушы    оқу    орындарындағы  

дене  шынықтыру  сабақтары  мен  ден  тәрбиесінің  жүйесін  дамыту  болып  табылады. 

Мен  үшін  дене  шынықтыру  сабағы-бұл  балалардың  денсаулығын  нығайту  үшін 

тынымсыз жұмыс. Кез  келген  мұғалімнің  алдында  үлкен  мінтет  тұр-ол пәнді  сапалы  

оқыту.  Осы    міндетті    басшылыққа    алып    өз    жұмысымды    үш    қағида    бойынша  

қалыптастырамын: " қалаймын"," аламын","істей аламын". 

"Қалаймын"  -  бұл  баланың  сабақта  бірдеңе  істеу  ниеті.  «Аламын»-бұл    баланың  

нақты    жеке    бір    әрекетінің    істеу    көрсеткіші.  «Істей    аламын»-бұл    баланың  

шеберлігін,  қабілетін  көрсетуге  арналған ішкі  ниеті. 

Қорытындылай  келе,  менің  мақсатым  дене  шынықтыру  мұғалімі  ретінде  –    дене 

шынықтыру әрбір баланың өмірінің ажырамас бөлігіне, қызығушылығына, өзін жақсы 

дене формасында ұстап тұру үшін ғана емес, өмірлік қиын жағдайларда өзін қорғай білу 

үшін де, сондай-ақ жан күшін дамыту үшін де, өзіне деген сенімділікке қол жеткізу. 

Баланы  ақылды  және  ақылға  қонымды ету  үшін, 

Оны  мықты  және сау  жасаңыз

Ол  жұмыс  істесе, әрекет  етеді,  жүгіреді,  айқайлап  қуанады. 

Ол  тұрақты  қозғалыста  болады. 

                                                                                        Ж. Ж. Руссо 

"Сабақ  аяқталды",  -  деймін    мен  балаларға,  бірақ  әр  жолы  менің  сабағымның 

жалғасатынын білемін. Және оны өмір өзі жалғастырады… 

Менің жұмысым маған ұнайды. Мен оны шын ниетпен орындауға тырысамын. Мен 

оқушыларымның ең кішкентай жетістіктеріне қуанамын.  

И.  Кант  "жұмыс  –  өмір  сүрудің  ең  жақсы  жолы"деп  айтты.  "Мен  қалаймын!  Мен 



істей аламын! Менің қолымнан  келеді!». Өйткені Мен-мұғаліммін!!!  


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет