Жыныс жолымен таралатын аурулар



бет1/4
Дата04.05.2020
өлшемі0,58 Mb.
#65698
  1   2   3   4
Байланысты:
Жыныстық жолмен таралатын аурулар мәтін (1)



Жыныс жолымен таралатын аурулар

Жыныстық жолмен берілетін аурулар (ЖЖБА) немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар сексуалды қатынастар арқылы беріледі. Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз.


Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе бұл аурулар болмас еді.
Соз ( гонорея) –бактериялық ауру болып табылады. Бұл несепағар өзегінің іріңдеуімен және ауру тудыратын микроорганизмдер – гонококктың болуымен сипатталады. Гонореяның еркектер мен әйелдерге біршама айырмашылықтары бар.

Бұл аурудың алғашқы белгілері ерлерде жұқтырғаннан кейін екі күннен соң байқалады. Оған несеп шығару кезіндегі ауырсыну мен несеп шығатын жолдан іріңнің бөлініп шығуы жатады. Несепағардың алдыңғы бөлігінде алдымен күю сезімі мен қышуы, сосын кілегейлі бөліністер байқалады (жыныс мүшесінің басы). 3-4 күннен соң ауру құбылыстары қатты көрінеді. Несепағар өзегінің сыртқы тесігінде қызару мен ісіну пайда болады. Егер бұл жағдай медициналық көмекке назар аудармаса, онда қуыққа инфекция тереңіне таралады. Несеп шығару жиі болады және ақырында ауруы күшейеді.


Емделуі жеткіліксіз немесе емделу толық өткізілмесе, онда гонорея созылмалы түріне көшеді. Несептің бөлінуі азаяды және онда іріңдік қауыз бен жіптер табылады. Қосалқы және қуық алды бездерге тарап, аурудың күйі біршама нашарлайды. Қосалқы бездің зақымға ұшырауы, жоғарғы температура, бездің ісінуі және бірден ауруымен байқалады. Өзектің тарылуы келешек ұрықсыздықпен аяқталады.
Әйелдердегі гонорея. Еркектер сияқты жұқтыруының негізі жыныстық жолмен өтеді. Бірақ әйелдерде, әсіресе, жас қыздарда дәретханадан кейін, басқа іш киімнен, жөкеден, сүлгіден жұғуы мүмкін. Ақырғы кезде оларда ауру белгілері байқалмай, сөйтіп олар жұқтырудың негізгі көзі болады. Жыныстық мүшелерінің құрылысының әртүрлі болуына байланысты еркектер мен әйелдер гонореясының ағымы да әр түрлі. Әйелдерде инфекцияның тез терең енуі, несепағар өзегінің қысқалығымен байланысты. Жедел сатысында несепағар өзегі ауырады, кілегей, кейіннен ірің бөлінеді, қызаруы және несепағар өзегінің сыртқы тесігінде ісінуі пайда болады. Гонорея қынап пен жатырдың мойнына зақым келтіруі мүмкін. Олардың кілегей қабығы жұмсарып іріндеп кетеді. Іштің төменгі бөлімінде ауру сезімі байқалады.
Бұл жатырдың кілегей қабатының зақымдалуына әкеледі. Бұл жағдай іштің төменгі жағын ауыртып, температурасын жоғарылатып, қынаптан ретсіз қанның бөлінуіне әкеп соқтырады. Жатырдың кілегейлі қабығының зақымдануы қауіпті, біріншіден ол жатыр түтігіне, жұмыртқасына және құрсақ қуысына инфекцияның өтуіне жол ашады; екіншіден-егер әйел жүкті болса ,жатырындағы ұрық зақымдалып, оның дамуы нашарлайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет