№13,14 Созылмалы панкреатит 1 Тамақтан соң басылмайтын, іштің жоғарғы бөлігіндегі айқын, көбінесе белдемелі сипатты ауру сезімі; Шоффар, Губергриц зоналарында ауру сезімі, төмендегі диагноздардың қайсысына БАРЫНША ТӘН:
созылмалы панкреатиттің үдемелі түріне
асқазанның ойық жара ауруының өршуіне
созылмалы панкреатиттің ауру сезімді түріне
созылмалы пиелонефрит, бүйректік ұстамаға
созылмалы тассыз холециститтің өршуіне
2 Науқас В. 38 жаста, тамақты көп қабылдағанда, салқындағанда, жүргенде, селкілдегенде іштің сол жақ бөлігіндегі және бел аймағында пайда болатын және но-шпа, баралгин қабылдағаннан кейін азаятын лоқсу, ауру сезіміне шағымданады. Объективті: тілі ақ жабындымен қапталған, іші жұмсақ, сипағанда сол жақ қабырға асты, сол жақ қабырға-омыртқалық бұрышында ауру сезімі (Мейо-Робсон симптомы). Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША МҮМКІН:
зәр тас ауруы, бүйректік ұстама
созылмалы панкреатит, ауыру сезімдік түрі
асқазанның ойық жара ауруы
созылмалы пиелонефрит
он екі елі ішектің ойық жара ауруы
3 68 жастағы науқас тағам қабылдаумен байланыссыз эпигастрийдегі тұрақты тұйық ауру сезіміне, жүрек айнуға, салмақ жоғалтуға, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке шағымданып түсті. Соңғы 2 айда 6 кг салмақ жоғалтқан. Объективті: жүдеу, терісі бозғылт, склералары аздап сарғайған. Іші жұмсақ, эпигастрийде ауру сезімі. Қанда: анемияның жеңіл дәрежесі, лейкоцитоз – 9,5 мың, ЭТЖ - 55 ммсағ, билирубин - 58 мкмольл. Копрограмма: стеаторея, креаторея. УДЗ ұйқы безі басының ұлғаюы. Төменде келтірілген диагноздың қайсысының болуы БАРЫНША МҮМКІН:
Фатеров емізікшесінің қатерлі ісігі
созылмалы панкреатит, ауру сезімді түрі
ұйқы безінің қатерлі ісігі
созылмалы тассыз холецистит
созылмалы панкреатит, латентті ағымы
4 Науқас С 56 жаста, механик, клиникаға эпигастрийдегі, екі жақты қабырға астындағы ауру сезіміне, сарғаю, зәрдің қараюы және нәжістің түссізденуі, терінің қышуы, тәбетінің төмендеуі мен әлсіздікке шағымданып түсті. Ауырғанына 3 ай болған. Объективті: терісі аздап сарғайған, тырнақтың іздері бар. Қанда: ЭТЖ - 50 ммсағ, аздаған анемия (Нв - 100 гл), жалпы билирубин - 90 мкмольл, тікелей - 65 мкмольл, тимол сынамасы - 5 Б, АЛТ – 0,65 мкмольл. Холангиографияда 12-елі ішектің үлкен (Фатеров) емізікшесінің аймағында контрасты заттың өөткізгіштігі бұзылған. Төменде келтірілген диагноздың қайсысының болуы БАРЫНША МҮМКІН:
созылмалы гепатит
ұйқы безінің қатерлі ісігі
созылмалы тасты холецистит
Фатеров емізікшесінің қатерлі ісігі
созылмалы псевдотуморозды панкреатит
5 Науқас Ш,. 63 жаста, эпигастирийде және сол жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді емдәмді бұзуға байланысты ауру сезіміне, жүрек айнуға шағымданады, іш қатуға бейім. 6 ай бұрын холецистэктомия жасалған. Объективті: іші жұмсақ, ауру сезімді, ұйқы безі тұсындағы нүктелерде ауырсыну. Қанда: лейкоциттер – 9,8х109л, ЭТЖ - 22 ммсағ. Копрограммада: нейтралды майлар +++, өсімдік клетчаткасы ++. Төменде диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША МҮМКІН:
созылмалы гепатит
ұйқы безінің қатерлі ісігі
созылмалы панкреатит, ауру сезімді түрі
созылмалы холангит, өршу сатысы
холециститэктомиядан кейінгі синдром,созылмалы панкреатит,өршу кезеңі
6 Созылмалы панкреатиттің қандай клиникалық түрінде сарғаю БАРЫНША МҮМКІН?
ауру сезімді
латентті
склероздаушы
өршімелі
псевдотуморозды
7 Созылмалы панкреатиттің ремиссия фазасында қандай емді тағайындау БАРЫНША ТИІМДІ?
холеретиктерді
селективті М-холинолитиктерді
протон помпасының ингибиторларын
протеаза ингибиторларын
полиферментті препараттарды
8 Өт-тас ауруымен 1 жыл бұрын холецистэктомия жасатқан науқаста сол жақ қабырға астында ауру сезімі, жүрек айнуы, іш қату пайда болған. Ұстама тәрізді ауру сезім емдәмді бұзғаннан кейін пайда болады. Тексергенде: іші жұмсақ, эпигастрийдің сол жағы ауру сезімді. Қанда: аздап лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары. Копрограммада: амилорея, креаторея, стеаторея. Емдеу шаралары жоспарының қайсысы БАРЫНША ТИІМДІ:
анальгетиктер + спазмолитиктер
протеаза ингибиторлары + ашығу
спазмолитиктер + ферменттер
анальгетиктер + протеаза ингибиторлары
дезинтоксикациялық заттар + анальгетиктер
9 Науқас 40 жаста, емдәмді бұзуына байланысты эпигастрийдегі тұйық ауру сезіміне, жүрек айнуына, тәбетінің төмендеуі мен әлсіздікке шағымданады. Объективті: іші жұмсақ, іш терісінде «рубин тамшылары». Мейо-Робсон, Грей-Тернер, Грот симптомдары оң. Қанда: лейкоциттер - 8,2 мың, ЭТЖ - 27 ммсағ. Емдеу шаралары жоспарының қайсысы БАРЫНША ТИІМДІ:
креон + одестон + но-шпа
сандостатин + морфин + ораза
фамотидин + креон + урсосан
промедол + мезим-форте + грандаксин
ацидин-пепсин + панзинорм + витаминдер
10 Науқас Г. 47 жаста, іштің сол жақ бөлігіндегі айқын ауру сезімі, лоқсу, бірнеше рет құсуға байланысты қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. Ауру сезімі тамақты шектен тыс көп ішкеннен пайда болған. Он жылдан бері өт-тас ауруымен ауырады. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған. Сипағанда Дежарден, Шоффар нүктелері мен сол жақ қабырға- омыртқалық бұрышында ауру сезімі. Емдеу шаралары жоспарының қайсысы БАРЫНША ТИІМДІ:
сандостатин + креон + платифиллин
но-шпа + ренни + креон
маалокс + домперидон + одестон
норфлоксацин + фурамаг + курантил
квамател + амоксициллин + кларитромицин
11 С. атты 52 жастағы науқасты эпигастрий аймағындағы белдемелі сипатты ішімдік пайдаланғаннан кейін пайда болатын айқын ауру сезімі мазалайды. Грюнвальд, Кача, Мейо- Робсон симптомдары оң. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы барынша аҚпараТты:
ЭРХПГ
іш қуысы ағзаларының УДЗ
холецистография
жалпы шолу рентгенографиясы
көк тамыр ішілік холангиография
12 Науқас Ж. 39 жаста, созылмалы панкреатитпен көптен бері сырқаттанады.Соңғы 1,5-2 айда ауызы құрғап, шөлдеу (күніне 4-5 литр су ішеді) пайда болып, айқын арықтаған. Төмендегі емдеу шараларының қайсысы БАРЫНША ТИІМДІ:
ренни + креон
но-шпа + креон
креон + инсулин
фамотидин + сиофор
мезим форте + метморфин
13 Жедел панкреатит жиі ... қосарланады.
гиперацидті гастридпен
гиперспленизиямен
асқазанның шырышты қабатының метаплазиясымен
өт-тас ауруымен
гипоацидті гастритпен
14 Жедел панкреатитке ... тән симптомдар.
эпигастрийдегі үнемі интенсивті ауырсыну
жеңілдік әкелмейтін құсу
гипертермия
метеоризм, ішек парезі
гипертония
15 Созылмалы панкреатиттің негізгі себебі болып ... саналады.
өт шығару жолдарының ауруы
гипопаратиреоидит
созылмалы алкоголизм
үлкен дуоденальді емізікшенің ауруы
гиперпаратиреоидит
16 Жедел панкреатит емінде ... қолданған тиімді.
ашығу және асқазанды назогастральды зонд арқылы тазартуды
спазмолитиктерді
морфинді
протеаза ингибиторларын
реополиглюкин, гемодез, электролиттер
17 Мына түсінік салыстырмалы түрде шындыққа сай келеді:1) ауру жедел басталады,ас қабылдағаннан кейін, жедел ауырсыну синдромымен, үздіксіз құсумен жүреді, 2) ауру ұйқы безінің ұсақ өзектерінің бітелуімен байланысты, 3) қатты ауырсынудың болуына қарамастан аурудың алғашқы сағаттарында пальпацияда іш аздап ауырсынады, 4) аурудың алғашқы 3-4 сағаттарында биохимиялық көрсеткіштерде қанда амилозаның жоғарлауы мәліметті көрсеткіш болып табылады, 5) аурудың алғашқы 3-4 сағаттарында биохимиялық көрсеткіштерде диастозада зәрдің жоғарлауы мәліметті көрсеткіш болып табылады.
1,2
1,2,5
1,2,4
1,3,4
2,3,4
18 Ұйқы безі ферменттерінің ең жоғары деңгейде болуы қай ауруда кездеседі?
асқазан пептикалық жарасының перфорациясында;
1,2,3,4.
Индуративті панкреатиттің асқынуы болуы мүмкін:
1 қант диабеті;
2. асцит;
3. стеаторея;
4. перитонит.
Схеманы қолдана отырып дұрыс жауабын таңдаңыз:
– 1,3;
– 1,2,3;
– 2,4;
– 4;
– 1,2,3,4.
20 Метацин қандай дәрілер тобына жатады:
Селиктивті емес холинолитик;
Симпатомиметик;
прокинетик;
Гастропротектор.
Селиктивті холинолитик;
21 Мендель симптомы:
эпигастрий аймағын соққылағанда пайда болатын ауру сезімі;
Іш аускультациясы кезінде ішектің перистальтикасының болмауы;
Перкуссия кезінде эпистрий аймағында «плеск» шуының анықталуы;
Асқазан түбінің пальпация кезінде ауруы;
Семсер тәрізді өсіндіні басқанда ауру сезімінің анықталуы
22 52 жастағы ер адам созылмалы алкоголизммен ауырады. Соңғы 3 жыл ішінде эпигастрий және сол жақ қабырға астында ауру сезімі , метеоризм, нәжістің бұзылысы дамыған. Диареяға байланысты 1 жыл ішінде 6кг-ға арықтаған. Науқастың жағдайы майды толық шектейтін емдәмді сақтағанда жақсарады. Диагнозды дәлелдеуде ең информативті әдіс:
ЭРГХГ;
копрограмма;
ЭФГДС;
Глюкозаға толеранттылық сынамасы;
Сутектік тест.
23 Созылмалы панкретитке тән ауру сезім симптомының ерекшелігі:
Тамақ қабылдаумен байланысты емес, эпигастри аймағында қатты өсетін ауру сезімі, арқаға жатқанда жоғарлайтын;
15 минуттан 5 сағ дейін созылатын, оң жақ қабырға астында орналасатын, жиі кешке, түнде пайда болатын ауру сезімі , Мерфи, Мюсси- Георговский симптомдары оң;
іштің жоғарғы бөлігінде интенсивті, бел бойлайтын ауру сезімі, Шофар, Губергриц зоналарында ауру сезімі, тамақпен басылмайды, күннің екінші жартысында, түнде пайда болады;
Оң жақ қабырға астындағы қарқынды емес сырқыраған ауру сезімі, көп мөлшерде майлы тағамды қабылдаумен шақырылатын эпигастрий аймағындағы аурлық сезімі;
эпигастрий аймағындағы тамақ ішкеннен кейін, антацидтерді қабылдағаннан кейін басылатын ауру сезімі, Мендель симптомы оң.
24 Гипергастринемиямен және гиперацидті қалыппен қосарланған 12 елі ішектегі және асқазандағы көптеген жаралар жиі немен байланысты болады:
Дубин-Джонсон синдромымен;
Жедел панкретитпен;
Крон ауруымен;
Золлингер – Эллисон синдромымен;
Бауыр циррозымен.
25 Ұйқы безінің сыртқы секрециясы жайлы нақты мәлімет
беретін ... тітіркендіргіші.
атропин
сүт
холецистокинин
холицистилин
платифил секретин
26 Созылмалы панкреатиттың жиі кездесетін түрін белгілеңіз:
псевдотуморозды
латентты
созылмалы рецидивтеуші
үнемі ауырсынумен
кальцинирлеуші
27 Панкреатиттегі ауырсыну синдромын басу ретінде ... қолданбайды.
анальгин
новокаин
морфин
баралгин
промедол
28 Диарея симптомы ... жиі кездеседі.
созылмалы панкреатитте
12 елі ішек ойық жарасында
өт тасы ауруында
созылмалы энтеритте
тоқ ішек қатерлі ісігінде
29 Созылмалы рецидивті панкреатиттің жиі дамитын себебі:
лямблиоз
12ел ішек жара ауыруында
холелитиаз
созылмалы колит
постгастрорезекционды синдромда
30.Сарысулық амилазаның айқын жоғарлауы ... белгісі:
жедел панкреатиттің
ішектік өткізу бұзылысының
пневмонияның
ұйқы безінің рагінің
қант диабетінің
31 Панкреатиқалық сөл бөлінуін ... күшейтеді:
секретин мен холецистокинин
соматостатин