Ұстаздың шығармашылығы – нәтижеге бағытталған білім берудің кепілі. Мұғалімнің шығармашылығы: - - өзінің күнделікті іс-әрекетіне жанымен берілу
- - оқыту және тәрбиелеуде қатып қалған үлгіге қарамай, өзіндік жаңалық енгізу
- - биік нәтижегелерге қол жеткізуге ұмтылу
К.Э.Циолковскиидің «формуласы»: - Мен алдымен көп адамға белгілі ақиқатты аштым, одан кейін кейбір адамдарға ғана белгілі ақиқатты аштым, ең соңында, ешкімге беймәлім ақиқатты аша бастадым.
Шығармашылықтың бірнеше деңгейі бар: - бар білімді пайдаланып, қолдану аясын кеңейту
- дағдылы көзқарасты өзгертіп, мүлде жаңалау
Әр адамның өз жеке басы қабілетіне байланысты шығармашылық потенциалы бар. - байқағыштық
- бұрыннан белгілі жайтқа күмән тудыру
- мәселеге ене білу
- алдын болжай алу
- таныс объектіні өзгеше қырынан тану
- ізденіс пен беймәлімділікке бой алдырып, күнделікті бір қалыпты тұрақты өмірден бас тарту
- бір ойдан екіншісіне тез ауысы
- санасында бейнелер қалыптастырып, жаңа комбинациялар құрастыру
- бағалау, сын айта білу
- көп мәліметті есте сақтай алу
В.И. Андреев шығармашыл адамның 3 типін ұсынады. - 1. Теоретик-логик. Өз жұмысын жоспарлайды, бұрыннан белгілі ғылыми зерттеулерді кең қолданады. Жан-жақты. Бастаған ісін аяқтайды.
- 2. Теоретик – интуитивист. Керемет қиялшыл. Жалпы қабылданған ой-пікірлерге қарсы шығуға қорықпайды.
- 3. Практик – экспериментатор. Ұйымдастырушы. Тез тіл табысады. Өз еркіне өзгелерді көндіріп, үлкен шығармашылық тапсырмаларды орындауға бағыттай алады.
В.А. Кан-Калик, Н.Д.Никандров қарым-қатынасқа байланысты педагогикалық шығармашылық деңгейлерін жіктейді: - Бұрыннан белгілі әдіс, шаблон бойынша сыныппен жай ғана қарым-қатынас жасай білу.
- Сабақты оптимизациялау – жоспарлаудан бастап, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай алу.
- Эвристикалық деңгей – оқушымен тікелей қарым-қатынас жасай білу, яғни нәтижеге бағытталған бірлескен іс-әрекет.
- Жоғары деңгей – сабақты сыныптың деңгейін, әр оқушының ерекшелігін есепке ала отырып өткізу. Мұғалім дербестігі.
Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады: - Бақылаудың орнына ынталандыру;
- Мәжбүрлеудің орнына кеңес беру;
- Ауыстырудың орнына сенім
- білдіру;
- Үгіттеудің орнына түсіндіру;
- Жоюдың орнына тегістеу;
- Басқарудың орнына қатысу;
- Айғайлаудың орнына әзілдеу;
- Кіналаудың орнына қорғау;
- Бұйрық беріп тексерудің орнына
- Көмек көрсетіп, қолдау жасауға ұмтылу.
Достарыңызбен бөлісу: |