21. Педагогикалық қиындықтар туралы еске түсіріңіз?



Дата09.03.2020
өлшемі103,03 Kb.
#59803
Байланысты:
емтиханн

21.Педагогикалық қиындықтар туралы еске түсіріңіз?

Педагогтың өзінің педагогикалық іс-әрекетімен және үйренуші-лердің оқу іс-әрекетімен байланысты қарым-қатынас қиындықтары осы іс-әрекет мазмұнымен және сипатымен байланысты. Педагогикалық іс-әрекетте қиындықтар пәндік мазмұнның өзімен, яғни педагогтың, меңгерілуі оның іс-әрекетінің негізі болып табылатын білімдерге ие болу деңгейі және сипатынан да туындауы мүмкін, сондай-ақ кәсіби-педагогикалық іскерліктерден, дидактикалық құзырлылықтан да, яғни үйренушілерге педагогикалық әсер ету тәсілдері және құралдарынан да туындауы мүмкін. Осыған сәйкес, педагогикалық қиындықтардың негізгі бағыттары білім беру процесінің өзінің дамуымен, мазмұны және формаларымен байланысты және де оқыту мен тәрбиелеу іс-әрекетінің субъекті ретіндегі мұғалімнің (оқытушының) ерекшеліктерімен және қарым-қатынас процесімен байланысты. Педагогикалық қарым-қатынастағы қиындықтарды (әсіресе жаңа бастап келе жатқан мұғалімдерде) В.А. Кан-Калик кейбір психологиялық кедергілер деп атаған, олар қалыпты қарым-қатынасқа кедергі келтіре отырып, оның барлық субъекттерінің бүкіл педагогикалық және оқу іс-әрекетіне әсер етеді. Психологиялық барьерлер үнемі мұғалім тарапынан саналы түсініле бермейді, осыған орай ол коммуникативтік жағдайды талдаудың және сыныппен қарым-қатынас жасауда қиындықтар тудыратын себептерге түзету енгізудің қажеттілігін сезінбейді. В.А. Кан-Калик бөлген педагогикалық қарым-қатынастың неғұрлым типтік сегіз кедергісін үш топқа біріктірейік:



  • сыныптан және педагогикалық қателіктерден қорқу;

жалпы бұрын болған және берілген сыныппен жағымсыз жұмыс

  • тәжірибесінің нетижесінде қалыптасқан ұстаным; мұғалімнің өзінің сыныптағы жұмысқа деген ұстанымдары мен үйренушілердің ұстанымдарымен сәйкес келмеуі;

сабақта қалыптасқан коммуникативтік жағдайдағы өзіндік іс-әрекеттің сәйкес еместігі. Бұл не мұғалім үшін референтті адамның қарым-қатынас стилін (мәнерін) механикалық түрде көшіруге байланысты, не қарым-қатынастың тек ақпараттық жақпен шектелуіне байланысты жүреді

22.Мектеп жасындағы балалармен қарым-қатынасқа анықтама беріңіз?

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі қарым-қалтынастың балалардың жеке тұлға ретінде дамуында алалтын орнына, рөліне және қарым-қалтынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми қорда аз емс. Аталмыш кеңістікте Д.Б.Эльконин /1/, Л.И.Божович /2/ және т.б. ғылыми зерттеулері кеңінен таралған. Қарым-қалтынас негізінде балалардың барлық жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар қарым- қалтынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден- бір фактор және жағдай балды. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, третей алуы, олай бокса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара қалтынасы және өзара ақпарат алмасуында болады.

23. Мамандық таңдауға әсер ететін факторларды атап шығыңыз?

Мамандық таңдауды не анықтайды деген сұраққа жауап бере отырып, Е.А. Климов негізгі сегіз факторды ұйғарады:

1) үлкендер, отбасы позициясы;

2) құрдастар позициясы;

3) мектептегі педагогикалық ұжым позициясы (мұғалімдер, сынып жетекшілері және т.б.);

4) жеке өмірлік және кәсіби жоспарлар;

5) қабілеттер және олардың көрінулері;

6) қоғамдық танушылыққа ұмтылу;

7) қандай да бір кәсіби іс-әрекет жайлы ақпаратты болу;

8) бейімділік.

Бұл факторлар, сөзсіз, педагогикалық іс-әрекетті мамандық ретінде таңдау үшін де маңызды. Алайда, келесі тарауда көрсетілетіндей, дәл осы мамандықты таңдауды анықтайтын ерекшелік факторлардың бірі, балаларға деген сүйіспеншілік, оларға тәжірибені игеруге көмектескенге бейімділік. Бұл фактор, Н.В. Кузьминаның мәліметтері бойынша неғұрлым типті. Басқаша айтқанда, педагогикалық іс-әрекет мазмұнының өзі – балаларды оқыту мүмкіндігі – педагогикалық мамандықты таңдауға неғұрлым көп әсер етеді. Н.В. Кузьминаның зерттеулерінің нәтижесі бойынша оны кездейсоқ таңдау 9% аспайды.

Олар педагогикалық іс-әрекеттің өзі үшін де мәнді болып табылады. Олардың ішінде аса маңыздысы: 1) мұғалім мен сүйікті пәннің әсері; 2) отбасы, отбасылық дәстүр әсері; 3) алдыңғы жұмыс тәжірибесінің әсері.

Н.В. Кузьминаның мәліметтері бойынша, «педагогтарда маман-дыққа және іс-әрекет процесіне қанағаттану индексі жалпы жоғары».

Осылайша, педагог мамандығы кәсіби іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы позициясынан «Адам - Адам» қатынастар схемасында оның ерекшелік түрі болып табылады, ол ең алдымен, шәкірттерді оқу пәнінің құралдарымен және өзінің педагогикалық іс-әрекетінің тәсілдерінің көмегі арқылы дамыту мақсатымен анықталады.

24. Оқу еңбектестігі туралы белгілеп көрсетіңіз?



«Еңбектестік – бұл балалар мен үлкендердің бір-бірінің рухани өміріне өзара түсіністікпен, ұғынушылықпен, осы әрекеттің барысы мен нәтижесін ұжымдық талдаумен бекітілген, бірлескен дамытушы іс-әрекетінің гуманистік идеясы....

Еңбектестік стратегиясының негізінде педагогтың оқушылары-ның танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен бағыттау идеясы жатыр».

Оқытуды ұйымдастырудың осы формасының мәнінің ұлылығы сонша,бүкіл педагогикалық процесті еңбектестік педагогикасы ретінде қарастыру беталысы бар.

Оқудағы еңбектестік проблемасы (жұмыстың ұжымдық, кооперативтік, топтық формаларын) соңғы он жылдықтарда біздің еліміз бен шет елде белсенді жәнежан-жақты дамытылуда

Оқу процесіндегі оқу еңбектестігі өз тарапынан келесі төрт бағыт бойынша тарамдалған өзара әрекет болып келеді: 1) мұғалім – оқушы (оқушылар), 2) оқушы – диадалар және триадалардағы оқушы, 3) оқушылардың барлық оқу ұжымдарындағы жалпы топтық өзара әрекеті, мысалы тілдік топтарда, жалпы сыныпта және 4) мұғалім – мұғалімдер ұжымы. Г.А. Цукерман басқа барлық бағыттардан генетикалық туынды, тағы бір маңызды бағытты қосады – оқушының «өз-өзімен» еңбектестігі (мүмкін, бұл мұғалім үшін де әділетті болар).

Еңбектестікке талдау жүргізуде біріншіден, мұғалім – оқушы(лар) бағыты, әдетте, оқушы+оқушы бағыты бойынша өзара әрекетпен толықтырылатынын атап өту маңызды, бұл оқу іс-әрекетінің топтық сипатымен шартталады. Екіншіден, негізгі зерттеулер еңбектестіктің үйренушінің (үйренушілердің) тұлғалық дамуына, оның (олардың) оқу іс-әрекетінің тиімділігіне ықпалын білуге бағытталған. Нәтижесінде, оқудағы оқушы–оқушы еңбектестігі, оқытудың ұйымдастырушы формасы ретінде, тек нақты бір оқу пәні бойынша оқытудың тиімділігін арттыру үшін ғана емес, сондай-ақ шәкірт тұлғасының дамуы, қалыптасуы үшін де елеулі қор беретініне көз жеткізеді Түрлі субъекттерменеңбектестік

Түрлі адамдармен оқудағы еңбектестікті, оны кіші мектеп жасындағы балалармен іске асыру мысалында талдай отырып, Г.А. Цукерман оның маңызды ерекшеліктерін атап көрсетеді.



«Оқудағы еңбектестікті үлкендермен.

Құрбылыстармен оқудағы еңбектестікті

Өз-өзімен оқудағы еңбектестік

Басқаша айтқанда, үйренушінің оқу процесіндегі түрлі субъекттермен еңбектестігі оның мазмұнының, құрылымының, ерекшелігімен сипатталады, осыны оны ұйымдастыруды есепке алған жөн.

25. Оқыту бағыттарының қалыптасуын атап шығыңыз?

Оқыту бағыттарының жалпы психологиялық негізінің қалыптасуы

Білім беру процесі XVIII ғ. екінші жартысынан бастап тек теоретикалық педагогикалық ұғынудың объектісіғана емес емес, сонымен қатар психологиялық ұғынудың объектісі бола бастады. Әрине, бұл процесс педагогикалық психология дамуының екінші сатысына дейін психологиялық териялардың осы кезеңіндегі басымдылық етіп тұрған контексінде түсіндіріледі, оның ережелері үйрету процесімен астарласып жатыр. Үйрету процесі осы теориялардың категориялары мен ұғымдарында қарастырылған. Еске салайық, өткен жүз жылдықтың соңына дейін басты рөлді байланыстар (ассоциативтілік) теориясы алып отырған, XX ғасырдың басында бір мезгілде екі теория - бихеворизм және гештальтпсихология – оқытудың басты жағдайларын қалыптастырды. Тек педагогикалық психология дамуының ІІІ-ші сатысында ғана, XX ғ. екінші жартысында өз бетінше теориялар, нақтырақ айтатын болсақ, оқытудың бағыттары пайда болды. Алдымен, оқытудың жалпы теориясына қомақты әсерін тигізген, оқыту (үйрету) мен дамытудың байланыстық, бихевиористік және гештальтпсихологиялық теорияларының жалпыпсихологиялық ережелерін қарастырайық.

Байланыстар туралы ойды психика құбылысының мүмкін пайда болу механизмі ретінде қарастыруды алғаш рет Дж.Локк (1632-1704) ұсынған, алайда байланыс ұғымының өзі, оның түрлері мен ерекшеліктері жөніндегі ұғымды Аристотель енгізген болатын.

26. Пед психология зерттеу әдістерін атап шығыңыз?



Зерттеудің негізгі әдістері

Педагогикалық психология деректер алудың барлық үш көзін пайдалана отырып ғылыми әдістердің негізгі құралдарына ие болып отыр: олар - бақылау, сауалнама жүргізу, эксперимент, қызмет (шығармашылық) нәтижесінде туған өнім, тестілеу, социометрия және т.б. Ғылыми танымның деңгейіне байланысты – теоретикалық немесе эмпирикалық әдістер ретінде анықталады. Педагогикалық психологияда көбінесе эмпирикалық әдіс қолданылады.



Бақылау – педагогикалық психологияда (және жалпы педагогикалық тәжірибеде) адамды мақсатты, жүйелі зерттеудің эмпирикалық әдісі. Байқауға алынған өзінің байқау объекті болып табылатынын білмейді, байқау жаппай немесе таңдаулы бола алады, - мысалы, барлық оқу барысын тіркеп немесе тек бір немесе бірнеше оқушыны тіркеп отыру. Байқаудың негізінде сараптамалық баға берілуі мүмкін. Байқау нәтижелері арнайы хаттамаларға енгізіліп, онда бақылауға алынған оқушының (оқушылардың) аты-жөні, күні, уақыты және мақсаты белгіленеді. Хаттама деректері сапалық және сандық өңдеуден өтеді.

Өзін-өзі бақылау – адамның рефлекстік ойлау негізінде өзін-өзі бақылау әдісі (өзін-өзі бақылау объекті болып мақсаттар, мінез-құлық түрткісі, қызметінің нәтижесі бола алады). Бұл әдіс өзіне-өзі есеп берудің негізінде жатыр. Ол субъективтіліктің басымдылығымен сипатталады, ол көбінесе қосымша ретінде қолданылады (XIX-XXғғ. қиылысында өзін-өзі бақылау интроспективті психологияның негізі болып табылған).

Әңгімелесу – педагогикалық психологияда (және педагогикалық тәжірибеде) адам туралы онымен қарым-қатынас жасау, оның мақсатты бағытталғын сұрақтарға жауаптарының нәтижесінде мәліметтер (ақпараттар) алудың эмпирикалық әдісі. Жүргізуші оның мақсаты туралы зерттелінушіге айтпайды. Жауаптар (мүмкіндігінше әңгімелесушілердің назарын аудармай) дыбыс таспасына жазу, немесе тез жазып отыру, стенография арқылы тіркеліп отырады. Әңгімелесу - адамды зерттеудің дербес әдісі, сонымен қатар көмекші әдіс, мысалы эксперимент пен терапияның алдын-алушы әдіс бола алады.

Сұхбат – әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабардар, сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар, оқиғалар және т.б. туралы мәліметтер алу үшін қолданылады.

Әңгімелесу, сұхбат барысында сараптамалық баға берілуі мүмкін.



Сауалнама – арнайы дайындалған жауаптар және зерттеудің негізгі міндетіне сәйкес сұрақтар негізінде ақпарат алудың эмпирикалық әлеуметтік - психологиялық әдісі. Сауалнаманы дайындау – кәсібилік пен жауапкершілікті талап ететін іс

27. Педагогикалық мамандықтың басқа мамандықтардан айырмашылығын анықтаңыз? Педаогогикалық мамандық басқа мамандықтар арасында

Е.А. Климовтың зерттеулерінде мамандықтардың бүкіл саналуандығы адамның айналасындағы табиғат, адамдар, техника әлеміне және т.б. қатынасының схемаларымен көрсетілген. Е.А. Климов ұсынған әдіс оларды еңбек пәні, оның мақсаттары, әрекеттер сипаты, еңбек қаруы және оның шарттары бойынша бөлуге мүмкіндік береді. Еңбек құралдары бойынша барлық мамандықтар – бионо­микалық (табиғат), техномикалық (техника), сигноникалық (белгілер), артономикалық (көркем бейнелер) және социономика­лық (адамдардың өзара әрекеттесуі) болып бөлінеді. Е.А. Климов кәсіби іс-әрекеттің бес схемасын анықтайды: «Адам – табиғат», «Адам – Техника», «Адам –Белгі», «Адам – Бейне», «Адам – Адам».

Педагогикалық мамандық «Адам - Адам» деген типке жатады. Е.А. Климов бойынша мамандықтың бұл типі адамның келесі сапаларымен анықталады: адамдармен жұмыста тұрақты жақсы көңіл күй, қарым-қатынасқа деген қажеттілік, өзін ойша басқа адамның орнына қоя білу қабілеті, басқалардың ниеттерін, пиғылдарын, көңіл-күйлерін жылдам түсіне қою, адамдармен өзара қатынасты тез талғау, көптеген және әр түрлі адамдардың жеке қасиеттерін есте сақтап, ойда ұстау т.б. Осындай мамандық схемасындағы адамға тән: басқару, оқыту, тәрбиелеу ептілігі, «адамдардың түрлі қажеттіліктеріне қызмет етуде пайдалы әрекеттерді іске асыру»; тыңдау және ести білу; кең ой-өріс; тіл (коммуникативтілік) мәдениеті; «ақыл-ойдың жантанушылық бағыты, адамның сезімдерін, ақылын және мінезін, мінез-құлқын аңғара білу, оған өзінің немесе өткен тәжірибеден таныс ішкі дүниені жапсырмай, дәл оның өзінің ішкі дүниесін ойша елестету, модельдеу ептілігі немесе қабілеті»; «адам әрқашан жақсырақ бола алады деген сенімділікке негізделген, адамға деген жобалаушы қатынас»; уайымдаса білу, байқампаздық; «тұтастай халыққа қызмет ету идеясының дұрыстығына деген терең және оптимистік иланым»; стандартқа сай емес жағдаяттарды шешу; өзін-өзі реттеудің жоғарғы дәрежесі.

Бұл жерде, «Адам - Адам» схемасы типтік қалаулардың, қызығушылықтардың, адамның тұлғалық ерекшеліктерінің Дж.Холланд, Е.А.Климов) жинағымен сипатталатынын есепке алсақ, онда оның кәсіби сипаттамасы терең даралық түрлендірілген болып шығады.

28. Психология ғылымының бағыттарын еске түсіріңіз?

Когнитивті психология

Гештальт психологияның көптеген өкілдері психологиялық білімнен,басқа жаратылыстану ғылымдарының салаларының бірінен базалық білім алды,бұл олардың психологиялық көзқарасына ерекше ықпал етті.В.Келер,мәселен,физиканы оқып үйренді және қабылдау мен ойлау үрдістерін түсіндіруде қажетті білімді пайдаланды.В.Келер кез келген құбылыс пайда болады және белгілі бір жүйенің бөлігі ретінде өзіндік ерекшелік сипаттамасын алады деп жазды

Бихоевиризм

Психологиялық бағыт ретінде Германияда пайда болды және ХХ ғ.І жарт.көптеген Еуропа елдерінде жүргізіліп жатқан психологиялық зерттеулерге ерекше әсер етті.Оның ішінде біздің елімізде (соғысқа дейінгі жылдарда) кеңінен тарады.Гештальт психологтар психикалық құбылыстардың қиын да тұтас жүйесін қалыптастырудың өзіндік заңының өмір сүруі және жұмыс істеуі туралы айтқан болатын.

Гештальт психологиясы

Онда ішкі когнитивтік үлгі мен тану үрдісінің белсенділігінің рөлі атап өтілді.Когнитивті психологияның негізгі зерттеу саласы-таным процестері-ес,тіл мен сөйлеудің психологиялық негіздері,қабылдау,есептерді шешу,ойлау,қиял және когнитивтік даму.

Гештальт психологияны ұстанымдары мен қағидалары жеке тұлға және тұлғааралық мінез-құлыққа қолдануды өзінің теориялық және экспериментальды зерттеулерінде К.Левин іске асырды.Левиннің айтуынша,физикалық бірлікте емес,психологиялық тұрғыдан анықталуы қажет,демек,адамдардың оған әсер ететін субъективтік қабылдауы арқылы беріледі.

Гуманистік психология

Қазіргі кездегі кең таралған ғылыми бағыт.Бұл бағыт 60 жылдары АҚШ-та пайда болды.Бұл негізінен бихеовиризмге танымдық процестер мен дамуды жоққа шығаруға қарсы бағыт болды.Когнетивті психологияның белгілі өкілдеріне Бруннер,Фестенгер,Саймон жатады.Қазіргі кезде бұл бағыттың бірнеше нұсқалары қалыптасты.

29. Студенттің өзіндік жұмысын атаңыз?

•Студенттің өзіндік жұмысы •Студенттің өзіндік жұмысының құрылымы және маңызы •Атақты ғалымдар еңбектеріндегі өзіндік жұмыс мәселесі. Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі.СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша студенттің өзіндік жұмысының статусы жоғарылайтыны белгілі. Талап бойынша, студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) оқытушының қатысуымен белгіленген уақытта және оқытушының қатысуынсызда берілген тапсырмаларға сәйкес орындалады. СӨЖ-дің тақырыптары, тапсырмалары,өткізілу тәртібі,сағат саны пән бойынша құрастырылған силлабустарда аладын-ала көрсетіледі. Студенттің әрбір өзіндік жұмысы пән бойынша жоспарланған жұмыс бағдарламаларымен ұйымдастырылады Курстың көлемін және оның күрделілігін, маңызын ескере отырып студенттердің өзіндік жұмысының және жеке тапсырмаларының әртүрлі формалары жасалған:

• реферат;

• бақылау жұмысы;

• коллоквиум;

• дискуссия (кейстер);

• кроссвордтар0;

• тесттік тапсырмалар..

СӨЖ-ді дұрыс және тиімді өткізу үшін:

- студенттің өзіндік жұмысына қажетті оқу-әдістемелік

нұсқау беру;

- СӨЖ тапсырмаларын оқу жылының басында беру;

- ағымдық және аралық бақылау түрлерін өңдеу;

- СӨЖ бойынша консультациялар күнін белгілеу

Педагогика-психология саласындағы атақты ғалымдар өз

еңбектерінде өзіндік жұмыс мәселесін психологиялық

тұрғыдан қарастырған.

30. Білім беру процесіне тән қасиеттерді атап көрсетіңіз

21.Тұлғаның дамуын баяндаңыз.

Тұлға дамуының педагогикалық мәнін анықтау үшін бірінші кезекте «тұлға» түсінігінің мәнін, оның «адам»,«индивид» және «даралық» түсініктерімен ара-қатынасын,байланысын ашуымыз керек. Адам дамуында әрқашан бір бірімен байланысты екі бағыт бар: биологиялық және әлеуметтік.«Адам» түсінігі биологиялық мәнді білдіреді. Оған берілгенанықтамалар өте көп.Адам(биологиялық түсінік ретінде)тіршілік иесі, өкілі, фило- және онтогенетикалық даму өнімі.Педагогикада және психологияда тұлға және оның дамуы проблемасы бойынша үш бағыт болды: биологиялық,әлеуметтік және биоәлеуметтік.«Тұлғаның дамудың жаңа кезеңдеріне өтулері осы жағдайларда, дамушы тұлғаның өзін-өзі жылжыту сәттерін көрсететін психологиялық заңдылықтармен анықталмайды, – деп көрсететді А.В. Петровский, – керісінше, олар іштей индивидтің қандай да бір әлеуметтену институтына енуімен детерминацияланған немесе осы институт ішіндегі объективті өзгерістермен шартталған, осы өзгерістерден тұлға өз қалыптасуында тәуелді болады. Сондықтан, қоғам мектептер құрғаннан соң ғана тұлға дамуының сатысы ретінде мектеп жасы пайда болады». Баланың іс-әрекетінің жетекші типтерінің өзгеруі сипаты бойынша оның дамуының түрлі әлеуметтік ситуацияларында, яғни іс-әрекеттік негізде, Д.Б.Эльконин психикалық дамудың жас ерекшеліктік кезеңдерін және іс-әрекеттің алты жетекші түрлерін анықтады: 1) үлкендермен тікелей - эмоционалдық қарым-қатынас, 2) заттық-манипулятивтік іс-әрекет, 3) рөлдік ойын, 4) оқу іс-әрекеті, 5) интимді-тұлғалық қарым-қатынас, 6) оқу-кәсіби іс-әрекет. Бұл жерде, Д.И. Фельдштейн өте әділ байқағандай, интимді-тұлғалық қарым-қатынас, жеткіншектіктің жетекші іс-әрекеті ретінде бола отырып, Д.Б.Эльконин бойынша, өздігінен әлеуметтік мәнді, әлеуметтік мақұлданған, просоциалды іс-әрекетке қосылуы тиіс. Ол осы жастағы нағыз жетекші іс-әрекет ретінде қарастырылуы тиіс.

22.Отандық білім беру жүйесіндегі дамыта оқытуды түсіндіріңіз.



Өткен жүз жылдықтың 30-шы жылдары Л.С.Выготский жаңа оқудың концептуалды ұстанымын қалыптастырды: «Оқу дамудың соңынан жүрмейді, оны соңынан ертеді». Егер бұл жағдайдың бірінші бөлімі психикалық даму мен оқудың жағдайын ұйғарса, екішісі - сұраққа жауап беруді, қандай психолгиялық механизмдерді,оқудың осындай рөлін қамтамасыз етуді ұйғарады. Сонымен қатар Л.С.Выготский бала дамуы «... ішкі мінезі бар, бұл жалғыз процесс ретінде, таным ықпалы мен оқу екеуі бір арнаға бірігеді» деп ескереді [46, с.286]. Л.С.Выготскийдің,Д.Б.Элькониннің,В.В.Давыдовтың зертеулері отандық дамыта оқудың тұжырымдамаларының негізін қалады,баланы әлемге тбелсенді тартудың төрт ипотасиясын көрсетті: .... табиғат әлеміне ену, адамзат мәдениетінің әлемі, басқа белгілілердің әлемі, сонымен қатар бала ойының дамуы [169].Қазіргі уақытта дамыта оқытудың екі негізгі бағыты жасалған: В.В.Давыдов пен Л.В.Занковтың. Егер біріншісі Л.С.Выготскийдің, Д.Б.Элькониннің, А.Н.Леонтьевтің жағдайларына негізделеді, екіншісі барлық психологиялық,педагогикалық Л.В.Занковтың қайта жасап шығарған шығармашылығы және сыни ойлауының жетістіктері.Сонымен қатар, Л.В.Занков бұл тәжірибені өзінің зерттеу жұмысын аяқтағанда да скептикалық тұрғыдан бағалады.Ол педагогика мен психология жетістігіне сүйену мүмкіндігі өткен кезеңмен салыстырғанда еш кеңіген жоқ деп санады.
Занков жүйесімен дамыта оқыту Л.В.Занков оқушыларды интенсивті дамыту мақсатын қойып, өз көзқарасы бойынша сыни тұрғыдан бағалайды,оқу материалын жеңілдетуді, оны қайталап оқуды және баяу қарқынын ақтамайды[72]. Дәл осы уақытта оқу материалының өзін Л.В.Занков «теориялық білімдердің тапшылығын,олардың шала-шарпы мінезімен,дағдыларды қалыптастыруға бағыныштылығы» сипатталады. Дамыта оқыту,Л.В.Занков бойынша оқудың осындай кемшіліктерін жоюға бағытталған. Жазылған дамыта оқытудың зерттеулерінде , Л.В.Занков келесі ұстанымдарды жасады: - қиындықтың жоғары деңгейіндегі оқу ұстанымы. Оның жүзеге асыруы қиындық мөлшерін сақтауға, кедергілерден өту,оқып жатқан құбылыстардың өзара байланысы мен жүйесін сақтау; - теориялық білімнің жетекші рөлінің ұстанымы, түсінік,қатынас, оқу пәндері арасындағы байланыстар, және маңызы аз емес пәндердегі дағдыны қайта орындау; - танымдық ұстанымы оқушылада өзін оқыту. Оқу рефлесияның дамуына,оқуда өзін субьект ретінде сезінуге бағытталған; - барлық оқушыларды дамыту жұмысы ұстанымы; Оған сәйкес, жеке ерекшеліктері ескерілуі керек, бірақ оқу барлығын дамыту керек, немесе «даму оқудың жалғасы» (бұл үрдістің мазмұны білім үрдісін гуманизациялаумен байланысты болуы мүмкін)Л.В.Занков жүйесінің ерекше белгілері болып: оқушылардың жоғары дамуына бағыттау(бұл жүйенің негізгі сипаттамасы); оқу жүргізілетін қиындықтың жоғары кезеңі; оқу материалын жылдам өту қарқыны, теориялық білімнің шұғыл көтерілуі.Берілген оқу жүйесі оқушының эмоциональды жағын, ойын дамытады, оқығанның негізгі мазмұнын ортақ ойды түсініп қорытып шығаруды дамытады.И.И.Аргинскаяның, Н.Я.Дмитриеваның, А.В.Полякованың, З.И.Романовская және т.б жұмыстарында « Л.В.Занков жүйесімен оқытамыз» (1991), оқудың толықтай жүйесі келтірілген, Л.В.Занков ұстанымдарына негізделген.Сонымен қатар оқудың басында, мысалы, бастауыш сыныптарда оқуға үйретуде, «толықтай эмоциональды-эстетикалық мазасыздану» болуы тиіс деп ескеріледі. Жасаушы бейненің толықтығы, қабылдау толықтығы, мәтінді толықтай түсіну негізі және пәндерді меңгеруді тереңдетуді қалыптастыру.
Давыдов жүйесімен дамыта оқыту
В.В.Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі олжасаған білім жүйесіне қарама-қарсы, ең алдымен ұстанымдық бағыт бойынша, оқушының танымдық қызметі. Бізге белгілі, қалыптасқан оқу жекеден, нақтыдан, біріңғай жалпыға, абстрактіліге, тұтасқа , фактіден жүйеге; құбылыстан мәнге бағытталған. Бала ойының мұндай оқуда дамуы В.В.Давыдовпен эмпирикалық деп аталды.Жалпы теориялық контексте Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин,В.В.Давыдов жұмыстарында оқудың жаңа жүйесінің теориялық жазуы қайта дәстүрліге бағытталып: жалпыдан жекеге, абстрактіліден нақтыға, жүйеліліктен бірлікке ауысады.Оқудың мұндай үрдісінде бала ойының дамуын В.В.Давыдов теориялық деп атаса, ал оқудың өзі дамытушылық деп аталды.Сонымен қатар В.В.Давыдов Л.С.выготскийдің, Д.Б.Элькониннің жағдайына сүйене отырып, оқудың жетекші маңызы ой дамуында көрінеді, меңгерілген білім мазмұны арқылы(Д.Б.Эльконин), оқуды ұйымдастыру әдістері жасаушы болып табылады. В.В.Давыдов алты эмпирикалық және теориялық білімнің негізгі айырмашылықтарын келтіреді (мұнда «білім» термині «абстракцияға», «жалпылауға», «түсінікке» ортақ болып табылады) [ 63, с. 129-13

23.Педагогикалық мамандықтың негізін баяндаңыз.

Мұғалім, Педагог мамандығы, дәрігер мамандығы сияқты, – ең көне мамандықтардың бірі. Онда ұрпақтар сабақтастығының мыңжылдық тәжірибесі жинақталған. Шын мәнінде, педагог – бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық-тарихи тәжірибені тасушы. Халықтың қоғамдық-мәдени тұтастығы, жалпы өркениет, ұрпақтардың мираскерлігі көп жағынан Мектеп - Мұғалім рөлімен шартталған. Жалпы саны бірнеше он мыңдап саналатын, Мұғалім (Педагог) мамандығы, оның мазмұны, еңбек жағдайлары, сандық және сапалық құрамы өзгергенмен де, кәсіптердің өзгермелі дүниесінде айнымас болып қалады. Мысалы, әлеуметтік зерттеулердің көрсетуінше, мұғалімдердің сандық құрамы 1980 жылдан 1994 жыл аралығындағы жылдар бойынша тең емес мөлшерде қалады да және ауылдық жерлерде де өзгере отырып, 1993 жылға дейін өсу беталысына ие болған. Педагог мамандығының бүкіл дүние жүзінде феминизациялану фактісі өзіне назар аудартады, әсіресе Ресейде әйел-мұғалімдердің саны 80% артық, мұның өзі ер адамның ықпалын талап ететін, ұлдарды, жасөспірімдерді тәрбиелеу сипатына әсер етпей қоймайды.

Педагогикалық іс-әрекеттің даралық субъекті ретінде бола отырып, педагог сонымен бірге, қоғамдық субъект – қоғамдық білімдер мен құныдылықтарды тасушы да болып табылады. Осыған орай, педагогтың субъективті сипаттамасында үнемі аксиологиялық (құндылықтық) және когнитивті (білімдік) жазықтықтар бірігеді. Бұл жерде екіншісі, сонымен қатар жалпы мәдениеттік және пәндік–кәсіби білімдерді қамтиды. Даралық субъект бола отырып, педагог әр қа­шан, даралық-психологиялық, мінез-құлықтық және коммуникативтік сапалардың алуан түрлігі тұсында да тұлға болып табылады.

24.Педагогикалық мамандық басқа мамандықтар арасындағы байланысын түсіндіріңіз.

25.Педагогтың субтекттік құрылымының психофи зиологиялық компонентін баяндаңыз.

26.Оқу міндеті және проблемалық ситуация маңызын түсіндіріңіз.

роблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.

Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.

Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: проблемалық жағдайды аңғару, жағдайды талдау негізінде проблеманы тұжырымдау, болжаулар ұсынуды, оларды алмастыру және тексеруді қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Бұл процесс ойлау актісінің үш фазасымен ұқсастық бойынша өрістейді (С.Л. Рубинштейн бойынша), ол проблемалық жағдайда пайда болып, проблеманы аңғаруды, оны шешуді және соңғы ой тұжырымын қамтиды.

Проблемалық оқыту оқушылар үшін қиыншылық деңгейі бойынша әртүрлі болуы мүмкін, ол оның проблеманы шешу үшін қандай және қанша іс-әрекеттер жүзеге асырылатынына байланысты. В.А. Крутецкий оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттерін бөлу негізінде дәстүрлі оқытумен салыстыра отырып, оқытудың проблемалығы деңгейінің сызбасын ұсынды.

Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:

·Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

·Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;

·Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;

Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты-қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.

Проблемалық оқытудың мақсаты-ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзі де, процесінде меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның творчестволық қабілеттерін дамыту.

27.Мотивация құрылымын түсіндіріңіз.

Мотивацияны зерттеуде (В.Г. Асеев, Дж. Аткинсон, Л.И. Божович. А. Маслоу, Е.К. Савонько) оны белгілі бір иерархияланған құрылымдар енетін күрделі жүйе ретінде түсіну дұрыс. Бұл жерде, құрылым элементтердің, олардың қатынастары мен обьектінің тұтастығының салыстырмалы тұрақты бірлігі ретінде, жүйе инварианты ретінде түсіндіріледі. Мотивация құрылымын талдау В.Г. Асеевке, оның ішінен а) процессуалдық және дискреттік мінездемелердің бірлігін және б) қос модальды, яғни оны құраушылардың жағымды және теріс негіздерін бөлуге мүмкіндік берді.Зертеушілердің мотивациялық аясы құрылымы – қатып қалған, статикалық емес, керісінше білім берудің өмірлік іс-әрекеті процесінде дамитын, өзгермелі деген ережелері де маңызды. Мотивация құрылымын зерттеу үшін, маңыздысы, Б.И. Додонов бөлген оның төрт құрылымдық компоненті: іс-әрекеттің өзіне қанағаттану, оның тікелей нәтижесінің тұлға үшін маңыздылығы, іс-әрекет үшін сыйлаудың «мотивациялық» күші, тұлғаға мәжбүр еткізетін қысым. Бірінші құрылымдық компонент шартты түрде мотивацияның «гедоникалық» құраушысы деп аталған, қалған үшеуі – оның мақсаттық құраушылары. Сонымен бірге, бірінші мен екінші іс-әрекетке қатысты ішкі бола отырып, оған бағыттылықты, бағдарды (оның үрдісі мен нәтижесі) анықтайды, ал үшінші мен төртінші әсер етудің сыртқы факторларын (іс-әрекетке қатысты теріс және оң) белгілеп отырады. Тағы бір маңыздысы, марапат пен жазалаудан қашу ретінде анықталған соңғы екеуі Дж. Аткинсон бойынша табысқа жету мотивациясының құраушылары болып табылады. Мұндай мотивациялық құраушылардың құрылымдық түсінілуі, оқу іс-әрекетінің құрылымы мен теңестіру төменде көрсетілгендей оқу мотивациясын талдауда өте өнімді болды. Мотивация мен оның құрылымдық ұйымдасуын интерпретациялау адамның негізгі қажеттіліктері терминдерінде де жүргізіледі (Х.Мюррей, Дж. Аткинсон, А. Маслоу және т.б.).

28.Өзіндік жұмысты оқытуды түсіндір.

29.Педагогикалық іс-әрекеттің формаларын,сипаттамаларын түсіндіріңіз Педагогикалық іс-әрекет формалары Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз оқушының тұлғалық, интеллектуалдық, іс-әрекеттік дамуына бағытталған және сонымен бірге оның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруінің негізі болып табылатын мұғалімнің тәрбиелеуші және оқытушы ықпалы болып табылады. Бұл іс-әрекет өркениет тарихында мәдениеттің пайда болуымен бірге, «өндірістік іскерліктер үлгілері (эталондарын) мен әлеуметтік мінез-құлық нормаларын жасау, сақтау және өсіп келе жатқан ұрпаққа беру»міндеті қоғамдық даму үшін маңыздылардың бірі болған кезде пайда болған. Бұл тіпті алғашқы қауымнан басталған, мұнда балалар үлкендермен қарым-қатынас жасау барысында, оларға еліктеп, оларға ере отырып үйренген. Дж. Брунер оны «контексте оқыту» деп анықтайды. Дж. Брунер бойынша, адамзат «жас ұрпақты оқытудың тек үш негізгі тәсілін ғана» біледі: жоғары приматтарда ойын процесінде дағдының құраушы компоненттерін өндіру, туземдік халықтарда контексте оқыту және тікелей практикадан оқшау мектептегі абстрактілі оқыту. Педагогикалық іс-әрекеттің сипаттамаларыПедагогикалық іс-әрекет адамзат іс-әрекетінің кез-келген түріне тән сипаттамаларға ие. Бұл ең алдымен, мақсаттылық, түрткілік, пәнділік. Педагогикалық іс-әрекеттің өзгеше сипаттамасы, Н.В. Кузьмина бойынша, оның өнімділігі болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділігінің бес дәрежесін ажыратады:



«І – (минималды) репродуктивті; педагог өзі білгенін өзгелерге айтып бере алады; продуктивті емес.

ІІ – (төмен)бейімделуші; педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады; аз продуктивті.

ІІІ – (орташа) локалды модельдеуші; педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие (яғни, педагогикалық мақсат қою, іздестіру нәтижесі бойынша өзіне жауап беру және оқушыларды оқу-танымдық іс-әрекетке біртіндепен енгізу; орташа продуктивтілік.

IV – (жоғары) оқушылардың жүйелі модельдеуші білімдері; педагог жалпы пән бойынша оқушылардың дағдылар, іскерліктер ізденістегі білімдер жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгерген; продуктивті.

V – (ең жоғарғы) оқушылардың жүйелі модельдеуші іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары; педагог өз пәнін оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін- өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі оқытуға, өзін-өзі дамытуға қажеттіліктерін қалыптастыру құралына айналдыру стратегиясын меңгерген; жоғарғы продуктивтілік.

Педагогикалық іс-әрекетті қарастырғанда біз оның жоғарғы продуктивті сипаты жөнінде айтамыз.



30.Сабақты психологиялық талдау деңгейлерін баяндаңыз. сабақты психологиялық талдаудың 3 - деңгейі бөлінеді : Шамалаушы Ағымдық Ретроспективті  Шамалаушы психологиялық талдау Сабақтың шамалаушы психологиялық талдауымұғалімнің сабаққа дайындалу кезеніңде жүзеге асырылады. Осы кезеңде мұғалімде,ең алдымен болашақ сабақтын әлі ойдағы,уақыттық,кеңістіктік шектеулерсіз бейне- түпкі ойы пайда болады.(В.А.Артемов терминдері)Мұғалім іс-әрекетінде болашақ сабаққа маңызды байланыстылардың барлығына мұқият және жан-жақты талдау кезеңі басталады, яғни олар : Бағдарламамен ескерілген оқу материалы; Қойылған мақсаттар мен міндеттер; Оқытудың таңдалған әдістері; Амал-тәсілдер Дәрісті өткізу жоспарланған жағдайлар (шәкірттердің белгілі бір тобы,уақыт пен орны, т.б).Мұғалім сабақты алдын ала талдай отырып, мынандай білімдерді пайдалану керек: Педагогикалық Оқу және оқыту психологиясы Жас ерекшелік Әлеуметтік психология.Мұғалімнің оқу процесін ұйымдастырудың негізгі психологиялық проблемаларды қарастыратын факторлар : 1.Оқыту процесіне әсер етуші; 2.Білімдерді меңгеруге әсер етуші мұғалімнің даралық-психологиялық және кәсіби ерекшіліктер; 3.Шәкірт тұлғасы,оның жастық және даралық психологиялық ерекшеліктері; Ағымдық психологиялық талдау. Ағымдық психологиялық талдауды мұғалім сабақтың нақты педагогикалық жағдайында өткізеді,яғни сабақтың табысты өткізілуі мұғалімнің жылдамдылығынан және сабақ жоспарын икемді өзгерту іскерлігімен байланысты.  Ретроспективті психологиялық талдау. Ретроспективті психологиялық талдау мұғалімнің сабақты ұйымдастыру мен өткізуіндегі соңғы,қорытындылаушы кезеңімен байланыстырылады.
 21. Оқыту парадигмаларының дәстүрлі және «балалық әлеміне орталықтандырылған» гуманистикалық принциптерін (А.Б.Орлов бойынша) көрсетіңіз.

Оқыту парадигмаларының дәстүрлі және «балалық әлеміне орталықтандырылған» гуманистикалық принциптері (А.Б. Орлов бойынша)

Субординация принципі – балалық әлемі – бұл үлкендер әлемінің бір бөлшегі, оның дербес емес қосалқы, бүтінге сай келмейтін және оған бағынышты бөлігі.

Тепе-теңдік принципі – балалық әлемі және ересектік әлемі - адам әлемінің мүлдем теңқұқылы бөлік-тері, олардың «абыройлығы» мен «жетіспеушіліктері» бір-бірін үйле-сімді толықтырып тұрады.

Монологизм принципі – балалық әлемі- оқушылар мен тәрбиелену-шілер әлемі, үлкендер әлемі - мұғалімдер мен тәрбиешілер әлемі. Өзара әрекеттесу мазмұны тек бір бағытта ғана беріледі –үлкендерден – балаларға.

Диалогизм принципі – балалық әлемінің, үлкендер әлемі сияқты өзінің жеке мазмұны бар..., осы екі әлемнің өзара әрекеті диалогтық және тұтас «оқу-тәрбие беру процесі» ретінде құрылуы керек»...

Үстемдік жүргізу принципі – үлкендер әлемі үнемі өз заңдарын балаларға жүргізіп отырған, балалар әлемі үлкендер әлеміне қарағанда үнемі қорғанышсыз болған. Ол ешқашан және ешқандай түрде оған әсер етпеген.

Бірлесіп өмір сүру принципі –балалық әлемі мен үлкендер әлемі екіжақты суверенитетті қолдап отырулары қажет: үлкендердің әрекеттеріне қандай қажеттіліктер түрткі болғанына қарамастан, балалар үлкендердің әрекеттерінен зардап шекпеулері тиіс.

Бақылау принципі – оқыту мен тәрбие берудің қажетті элементі ретінде қарастырылатын үлкендер әлемін бақылау, бұл бақылау балалар әлемін үлкендер әлемімен күштеп ассимиляциялауды қамтамасыз етеді.

Бостандық принципі – үлкендер әлемі балалық әлемін қадағалаудың барлық түрлерін жоюы тиіс (өмір және денсаулық сақтаудан басқа), балалық әлеміне өз жолын таңдауын ұсынады.

Есею принципі – балалық әлемінің дамуы ылғи есею ретінде, яғни балалардың қозғалысы үлкендердің құрған жас ерекшелік «баспалдақ-тары» бойынша қарастырылған.

Бірге даму принципі – балалар әлемінің дамуы - бұл процесс үлкен-дер әлемінің дамуымен қатар жүреді, адам дамуының мақсаты - ішкі және сыртқы «МЕНнің» үйлесімін табу.

Инициация принципі – үлкендер әлемі мен балалар әлемінің ара-сындағы шекараның болуы және адамды бір әлемнен басқа әлемге ауыстыру.

Бірлік принципі – балалық әлемі мен үлкендер әлемі екі шектелген әлемдерден тұрмайды (ауысу шекара-лары бар), олар адамдардың бірыңғай әлемін құрайды.

Деформация принципі – балалық әлемі ылғи үлкендердің араласуымен бұзылады.

Қабылдау принципі – адам басқа адамдармен қандай болса сондай болып қабылдануы тиіс, оның үлкен-дік және балалық бағалануларға, нормаларға қатысы жоқ

 22. Қабілет туралы баяндаңыз

С.Л. Рубинштейн көрсеткендей, «Адам қабілеттерінің даму процесі адамның даму процесі б.т. Адамның белгілі-бір білімдер мен әрекеттер тәсілдерін игеруі өзінің алғышарты, өзінің ішкі шарты ретінде ақыл-ой дамуының белгілі деңгейі – ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ие болады». Бұл ахуал оқу іс-әрекетін түсіндіру үшін аса маңызды. Б.М.Теплов берген неғұрлым кең түрдегі анықтамада қабілеттердің тұлғаның даралық қасиеттері ретіндегі негізгі сипаттамалары келтірілген, олар іс-әрекетті табысты орындау шарты болып табылады. Қабілеттер, Б.М.Теплов бойынша, дағдылар мен іскерліктерге теңестірілмейді, және де белгілі бір іс-әрекетті орындаудың табыстылығына қатысты бір адамды екіншісінен ажыратады.

Егер С.Л. Рубинштейн бойынша ақыл-ой қабілеттерінің дамуы білімдерді игерудің алғы шарты болса, онда Б.М.Теплов бойынша қабілеттердің өзінің даму алғы шарты ретінде нышандар болады, яғни туа берілген анатомо-физиологиялық ерекшеліктері ретінде. Қабілеттер іс-әрекетте жаратылады және де іс-әрекеттің, оның құралдары мен тәсілдерін игерудің жылдамдығы, тереңдігі, беріктігі сияқты динамикалық сипаттамаларында көрінеді. Іс-әрекеттің әр түрлеріне қатысты жалпы интеллектуалдық және арнайы қабілеттер жіктеледі. «Қабілеттерді кең алынған анықтамасы оның индивид қасиеттері екендігінде, оның ансамблі белгілі бір іс-әрекетті орындаудың табыстылығын шарттайды. Мұнда, іс-әрекеттің өзінде онтогенети-калық дамитын және осыған орай, сыртқы жағдайларға байланысты қасиеттер назарға алынып тұр».

Осы қасиеттерді оқудың әр түрлерінде, мысалы музыка (Б.М.Теплов), математика (В.А. Крутецкий), бейнелеу (В.И.Киреенко), әдебиет (В.П.Ягункова, Г.В.Быстрова), химия (Д.А.Эпштейн) және т.б. облыстарды зерттей отырып, авторлар сәйкес қабілеттер анықтамасына тек психикалық процестердің өту ерекшелігін ғана емес, сондай-ақ көбінесе тұлғаның кейбір қырларын да жатқызады. Мысалға, әдеби-шығармашылық қабілеттерді зерттеуші В.П.Ягункова оның алты компоненттерін атайды: 1) әсерленгіштік, 2) поэтикалық қырағылық, 3) жақсы ес (бейнелік те, сөздік-логикалық та), 4) жаңа бейнелерді жасау қабілеті, 5) көңіл-күйге ортақтасу күйінің пайда болу жеңілдігі, 6) сөздік ассоциациялардың байлығы. Тіптен айқыны, бұл компоненттер – психикалық процестердің де, және де тұлғаның әсерленгіштік, көңіл-күйге ортақтасу пайда болу жеңілдігі сияқты қырларының да күрделі комплекстері.

.

23. Қабілет пен таланттың ерекшеліктерін салыстырыңыз.



Жалпы қабілеттер іс-әрекеттердің барша түрінде қажет. Олар қарапайым және күрделі болып ажыратылады.Қарапайым қабілеттер - болмысты жай бейнелеуде,қабылдау, ес, ойлау, қиял мен еріктің әдеттегі, барша тек өкіліне тән деңгейде қалаған әрекет орындауда іске
қосылады.Күрделі қабілеттер - оқуда, бақылау, шығармашылық істерінде көрініп, ақыл-ес дамуының жоғары деңгейін танытады. Қарапайым және күрделі қабілеттердің қажетті деңгейдегі дамуы болмаса, тұлға адами ісәрекеттердің бірде біріне араласа алмайды.Іс-әрекет түрлеріне орай арнайы қабілеттер - сызу,көркемөнер - әдеби, нақты-ғылыми (математикалық жәнет.б.), тәжірибелік-ұйымдастыру, тұрмыстың-жасампаздық,
т.с.с. болып ажыралады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әртүрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін , яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атаймыз.
Қорытындылай келе , «қабілет» түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін ( Б.М Теплов) атайық:1.Қабілет- бір адамды екіншісінен ажырататын дара
психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.
2. Қабілет- барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес,кей адамға ғана дарыған қандай да бір немесе бірнеше ісәрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.3. Қабілет нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынас

Талант(гр. talanton — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы мағынада — қабілеттер деңгейі) — қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі. Таланттың болуы туралы адам қарекетінің принципті жаңалығымен, бірегейлігімен ерекшеленуге тиіс нәтижелеріне қарап айтуға болады. Адамның таланты айқын қажетсінушілік пен шығармашылыққа бағытталып, әрқашан белгілі бір қоғамдық талап-тілектерді бейнелейді. Осы себепті адамның талантының дамуында оның дүниетанымы, қоғамдық позициясы орасан зор рөл атқарады. Талант деп қандай да бір іс-әрекеттің, әсіресе табысты, дербес түрде шешілуіне жағдай жасайтын аса үздік қабілеттіліктердің ұштасуын атайды. Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.

24. Мектепке дейінгі баланың психологиясын баяндаңыз.



Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары. 3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді.Бұл кезде бала алғашқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез артады. Жоғарғы жүйке жүйесінінің дамуы да жоғарылайды, бойының өсуінде өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см ге артса 6 жаста 7-8 см өссе, 7 жасында 10 см өседі. Баланың кеуде клеткасының өсуіне байланысты аяғы мен дене пропорциясы өзгереді. Бұлшық еттері дамиды, денесі, кішкене кезеңмен салыстырғанда сымбатты бола бастайды. Қимыл қозғалысының дамуы бұлшық етінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар қан айналымы жүйесінің жұмысында да өзгерістер байқалады. Жүрегінің көлемі 4 жасында 1 жаспен салыстырғаннан 4-5 есе артады. Сәбилік кезеңмен салыстырғанда қан тамырларының соғуы төмендейді, бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланың қан тамырының соғуы жиі болады. 7 жасқа келгенде бас миының салмағы артады, яғни 3 жаста 1200 гр. болса, 7 жаста 1250 гр. болады. 3 жасқа дейінгі баланың екінші сигналдық системасының дамуы психикасының дамуына өзіндік септигін тигізеді. Өйткені бала құрбы-құрдастарымен, айналасындағы үлкен адамдармен жиі-жиі тілдік қарым-қатынаста болады, бұның өзі баланың логикалық ойлауына ерік сапасынаисен есінің, қабылдауы мен қиялының, зейінінің дамуынада әсер етеді. Соның нәтижесінде баланың алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда қоршаған ортамен қарым-қатынасы артып, жас кезеңіне тән өзіндік ерекшелігі қалыптасады.

5 жасқа кедгенде қимыл- қозғалысының нақты дамуына байланысты, жүру, жүгіру, секіру, қабырғадан өрмелеу, еңбектеу, шаңғы шана велосипед тебуді үйренеді. Үлкендермен еркін қарым-қатынас жасауына байланысты баланың грамматикалық сөздік қоры молайып, тәрбиешінің айтқан сөздерін жақсы түсініп, оған өзінің түсінігі бойынша жауап береді. Осы кезде тәрбиешінің берген тапсырмасын және қарапайым еңбек әрекеттерін де орындайды. Үлкендердің басшылығымен көптеген әдет-дағдыларды меңгеру де бала психикасының дамуына ықпалын тигізеді. Ертегі мен әңгімедегі кейіпкерлерге өзінше баға беріп, эстетикалық талғамы артады.Бала 6 жасқа келгенде қарқынмен дамып, дене бітімі күрделінеді, барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу-әрекетін орындаған да, қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алатын болады. 6 жасқа келгенде сөздің тура және жанама мағынасын түсінеді. Бұл жаста ойынның мазмұны күрделініп, өмірдің барлық шындықты бейнелуді көздейді

25. Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік кезеңдерін кестемен көрсетіңіз.

Жас ерекшеліктік кезеңдерге бөлупсихологиядағы күрделі және бір жақты шешілмейтін проблемалардың бірі болып келеді (А. Валон, Ж. Пиаже, В. Штерн, П.П. Блонский, Л.С. Выготский және т.б.). Білім берудің және ең алдымен мектептік жүйенің түрлі сатыларындағы типтік субъектті анықтау үшін бастапқы болып табылатын, жас ерекшеліктік кезеңдерге бөлудеген келістерді қарастырайық.

Л.С. Выготский келістердің, немесе осы проблеманы шешу схемалардың үш тобын анықтады. Бірінші топ шегінде, биогенетикалық ықпалды есепке ала отырып, балалық шақтық кезеңдерге бөлуфилогенетикалық даму кезеңдеріне негізделген. Л.С. Выготский осы топқа, сондай-ақ, тәрбиелеу мен білім беру сатыларында негізделген кезеңдерге бөлудіжатқызады. Мұндай схеманың жалпылығы жайлы айта отырып, Л.С. Выготский келесі жағдайды мойындайды: осы сатыларды жас ерекшеліктік өзгерістермен теңестіретін, білім берудің орасан зор практикалық тәжірибе салдарында «балалық шақты педагогикалық принцип бойынша бөлшектеу бізді балалық шақты жекеленген кезеңдерге шынайы бөлшектеуге өте жақындатады». Келістердің екінші тобы (өте көп) кезеңдерге бөлунегізі ретінде қандай да бір (көбінесе сыртқы) белгінің өзгеруін алады, мысалы тіс жару мен алмасу (дентиция), сексуалды жетілу және т.б. келістердің үшінші тобы базальдыны, дамудағы мәндіні мысалы, дамудың ішкі қарқыны мен ырғағын айқындауға бағытталған.

Отандық психологияның психикалық дамуды психикалық және тұлғалық жаңақұрылымдардың пайда болуымен байланысты процестің ішкі қарама - қайшылығы ретінде түсінуі арнасында Л.С.Выготский, П.П.Блонскийдан кейін, белгілі бір дәуірлерді, сатыларды, фазаларды даму өзгерістері немесе дағдарыстарының жалпы схемасында қарастырады. Бұл жерде оларды шектеу өлшемдері ретінде, біріншіден, әр жастың мәнін сипаттайтын жаңа құрылымдар болады. «Жас ерекшелік жаңа құрылымдар деп– берілген жас сатысында алғаш рет пайда болатын және негізінен баланың санасын, оның ортаға деген қатынасын, оның ішкі және сыртқы өмірін, берілген кезеңдегі оның бүкіл даму барысын анықтайтын, тұлға құрылуының және оның іс-әрекетінің жаңа типі, психикалық және әлеуметтік өзгерістерді түсінген жөн».

Екінші критерий ретінде Л.С.Выготский бір кезеңнен екінші кезеңге өту динамикасын есептейді, бұл динамика шұғыл, қиын және баяу, біртіндеп, созылмалыболуы мүмкін. Осыған сәйкес Л.С.Выготский жас ерекшелік дамудың келесі тиянақты және қиын-қыстау кезеңдерін бөледі: нәрестелік дағдарыс, сәбилік жас (2 ай – 1 жыл), 1 жас дағдарысы, ерте балалық (1 жыл – 3 жас), 3 жас дағдарысы, мектепке дейінгі жас (3 жас –7 жас), 7 жас дағдарысы, мектеп жасы (8-12 жас), 13 жас дағдарысы, пубертатты жас (14-18 жас), 17 жас дағдарысы. Осы схемада өзіне назар аудартатыны – мектепке дейінгі және мектеп жасы (педагогикалық схема бойынша), пубертатты (бір белгі схемасы бойынша) кезеңдерді бөлу негіздерінің түрліше болуы. Алайда, екі өлшемдерді біріктіру келісінің өзі осы кезеңдерге бөлуді(Д.Б.Эльконин бойынша көпсимптоматикалық сияқты) ең кең таралған және өнімділердің бірі қылады. Мысалы Д.Б.Эльконин Л.С.Выготский схемасын бастапқы ретінде қабылдай отырып, 7 жас дағдарысынан кейінгі кезеңдерді келесі түрде анықтайды: 7 жас дағдарысы, кіші мектеп жасы, 11-12 жас дағдарысы, жеткіншектік балалық шақ (ерте жастық шақ кезеңі де бөлінетінін елей отырып). Бұл схема жалпы тұтастай педагогикалық негізде құрылған

26. В.Оконь бойынша оқытудың көпжақтылығын кестеге салып көрсетіңіз.



Білім беруде дәстүрлі оқытумен қатар басқа бағыттар да қалыптасты: проблемалық оқыту; бағдарламаланған оқыту; ой-еңбегі іс-әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясына негізделген оқыту (П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина); алгоритмизацияланған оқыту (Л.Н. Ланда); белгілік-контекстік тип бойынша дамыта оқыту (А.А. Вербицкий), жобалық оқыту және т.б. Қазіргі уақытта В. Оконь атап өткендей, оқыту көпжақты процесс, ол оның бағыттарының әртүрлі элементтерін қамтиды. Оқытудың көпжақтылығы білім беру жүйесінің әрбір сатысы үшін, оқытудың әрбір нақты жағдайы үшін бағыттың қайсысының болмасын басымды жақтарын қолдануға мүмкіндік береді, ол оқушы мен педагогтың жеке-психологиялық ерекшеліктерінің мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы түрінде оқытудың көпжақтылығын В.Оконь оны құрастырушылардың әртүрлерінің жиынтығы ретінде ұсынған: оқыту тәсілдері, сабақ беру әдістері және т.б. Осындай әрбір жинақ оқытудың бағытын анықтайды В. Оконь бойынша оқытудың көпжақтылығы

Оқу тәсілі

Сабақ беру әдісі

Мазмұнның құрамдас бөліктері

Позиция (оқушы)

Әрекеттің стратегиясы

Меңгеру

Ұсынушы

Баяндау (сипаттау)

Рецептивті

Ақпараттық

Жаңалық ашу

Проблемалық

Түсіндіру

Зерттеушілік

Проблемалық

Күйзелу

Көрмеге қойып көрсету

Бағалаушы

Аффективті

Эмоционалды

Әрекет

Практикалық

Нормативті

Белсенді

Оперативті

27. Проблемалық оқыту мен бағдарламаланған оқытуды салыстырыңыз. Проблемалық жағдай адамның міндеттерді шешу барысында, жаңа мен ескінің арасында қарама-қайшылықтар болғанда, белгілі мен белгісіздік, шарттар мен талаптарды орындау барысында қиыншылыққа тап болған жағдайында танымдық қажеттілігі және интеллектуалды мүмкіндіктері болған жағдайда пайда болады. Проблемалық жағдайларды А.М. Матюшкин келесі өлшемдер бойынша бөледі:

1) әрекеттің құрылымы, олар проблеманы шешу барысында орындалады (мысалы, әрекет тәсілін табу);

2) осы әрекетті проблеманы шешуші адамда дамыту деңгейі, және

3) интеллектуалдық мүмкіндіктеріне байланысты проблемалық жағдайлардың қиыншылықтары.

Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: проблемалық жағдайды аңғару, жағдайды талдау негізінде проблеманы тұжырымдау, болжаулар ұсынуды, оларды алмастыру және тексеруді қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Бұл процесс ойлау актісінің үш фазасымен ұқсастық бойынша өрістейді (С.Л. Рубинштейн бойынша), ол проблемалық жағдайда пайда болып, проблеманы аңғаруды, оны шешуді және соңғы ой тұжырымын қамтиды. Сол себепті, проблемалық оқыту оқушылардың пайымдау, ойлануында жүзеге асырылатын талдамалық-синтетикалық әрекетіне негізделеді. Бұл - үлкен дамыту потенциалы бар, оқытудың эвристикалық, зерттеушілік түрі.

Проблемалық оқыту оқушылар үшін қиыншылық деңгейі бойынша әртүрлі болуы мүмкін, ол оның проблеманы шешу үшін қандай және қанша іс-әрекеттер жүзеге асырылатынына байланысты. В.А. Крутецкий оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттерін бөлу негізінде дәстүрлі оқытумен салыстыра отырып, оқытудың проблемалығы деңгейінің сызбасын ұсынды.

28. В.А.Крутецкий бойынша оқытудың проблемалығы деңгейлерін кестеге салып көрсетіңіз В.А. Крутецкий бойынша оқытудың проблемалығы деңгейлерінің схемасы




Деңгей

Мұғалімде қалатын буындар саны

Оқушыға берілетін буындар саны

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

0

(дәстүрлі)



3

-

Проблема қояды, оны тұжырымдай-ды, проблеманы шешеді

Проблеманың шешілу жолын есінде сақтайды

І

2

1

Проблема қояды, оны тұжырымдайды

Проблеманы ше-шеді

ІІ

1

2

Проблема қояды

Проблеманы тұ-жырымдайды, проблеманы ше-шеді

ІІІ

-

3

Жалпы ұйымдас-тырады, бақылау және білікті жетек-ішілік етеді

Проблеманы түсінеді, тұжырымдайды, оны шешеді

.

29. Л.В.Занков бойынша дамыта оқыту туралы баяндаңыз.

Дамыта оқытуды 1950 жылдық аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді (Эльконин-Давыдов). Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л В .Зенков)Осы міндетті шешу үшін білім мазмұнын түбірлі өзгерту мақсаты қойылған жоқ (Л.В.Занков).Психологтар оқу процесіне оқушының іс-әрекетін енгізу керектігін, оның маңызын дәлелдеді. Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен омес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты "теориялық" іс-әрекеті арқылы берілетін болды.Дамыта оқытудық екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар, олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте қолданылады. Дамыта оқыту принциптері орта және жоғары сыныптарға әлі кең түрде енгізілмей отыр."Жақын даму аймағы" көрнекті кеңес психологы Л.Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудық байланысын (О-Д) зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.Өзекті даму аймағы - баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны — жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы - актуальды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап "жақын даму аймағында", дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш. Амонашвили және оның мұғалімдері әріптер мен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады."Жақын даму аймағында" жұмыс істейтін В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережемен оқушыларға есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды.Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-ой жұмысы басталар тұсы. Мұғалім мұнда оқушыға тапсырма, әдістемелік нұсқау береді, ізденуге бағыттайды, ізденістің бағдарламасын береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші - әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға өзір тұруы.Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің "жақын даму аймағы" бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды. Л.В.Занков жүйесі.

Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:

•  оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;

•  теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу;

•  оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі - дамудың қауіпті жауы;

•  оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нерсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді;



• барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс.

30. Мотивация туралы өз ойыңызды баяндап жазыңыз Мотивация - психология ғылымы бойынша адамға әрекет ету жоспарын құрғызған, іс бастатқызған, мақсатқа бағыттаған, талпыныс жігерін күшейткен, істі табанды жалғастырып, мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы. Ол мақсатқа деген күшті аңсар (ынта), ішкі өздік кедергілер мен келіссіздіктерді жою (арылу), саналы да, жігерлі қозғалыс (батыл кірісу) -үштігінің бірлігінен көрінеді. Мотивацияны әрекетіміздің, ниетіміздің, қалауымыздың себепті ішкі түрткісі депте атасақ қате болмайды. Бұл сөз зат есім болғанда «Ниет түрткісі» сөзіне, етістік болғанда «Жігерлену» сөзіне жақын келеді. Жігерлену арқылы ниеті шабыттанып, іске кірісуге қозғау салынған адам бір түрлі бұлқынған ішкі қозғаушы күшке ие болады, өзінің көздеген мақсатына қарай кедергілерден тайсалмай белсенді жүру жігері кеудесін кернейді. Бұл барыста ниет шамасында өзгерістер болуы мүмкін, ол кейде күшейюі, кейде әлсіреуі мүмкін. Бірақ ниет шамасының қалай болуына қарамастан адамдар белгілі бір ниеттену тұрақтылығын сақтай алса, көңілінде сол іске деген құштарлығын өшірмей, сол мақсатқа қарай белсенді құлшынып, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын болады. Мотивациялық ниет істің ішкі қозғаушы күші болғандықтан, егер адамның қандай ниеті барын білсең, онда оның әрекетінің ауқымы мен беталысын анық шамалай аласың.Платонның адам рухы үш бөліктің бірлігінен құралады деген идеясында осы мотивация ұғымының мағынасы қамтылған. Нәпсі дегеніміз тамақ жеу, көбею ниеті болып, дене қажетін орындауды талап етеді. Нәпсіні адамның ақылы емес, көңілі тізгіндеп ұстауы керек. Дегенмен, ішсем-жесем, денелік қанағаттансам дейтін ішкі талап пен таным-ақыл талабы шығыса бермейді. Ежелгі заман философиясы, әсіресе бақыт туралы ілім бақытқа деген қажеттілік соған талпындыратын мотивацияның негізі деп түсіндіреді. Дегенмен, бақытқа болсын, басқаға болсын адамды шабыттандыратын түрткі күшке XX ғасырдың 30 жылдарына дейін кез келген ғылым саласы арнаулы түрде мән берген жоқ.Адам санасын танудың қазіргі жаңа беталысына орай, мотивация адам қажетсінуінің адамды сыртқа (әрекетке) бағыттауы, ал қажетсіну мотивацияның ішке (тоюға, ләззаттануға, рахаттануға, қуануға) бағыттауы. Былайша айтқанда, адам жаны сыртқы мақсатқа бағытталса мотивация, ішкі толықтауға (аштық секілді талапқа) бағытталса қажетсіну болмақ. Дегенмен бұлай түсіндіру салыстырмалы. Мысалы Мослоудың қажетсіну қабаты теориясында қажетсіну мен ниет араластырылып түсіндірілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет