Тілдік мақсаттар туралы 2 Орта мерзімді жоспар 11



бет1/4
Дата10.04.2017
өлшемі2,06 Mb.
#13658
түріСабақ
  1   2   3   4


Мазмұны





Тілдік мақсаттар туралы 2

Орта мерзімді жоспар 11

1А бөлімі: Сандар мен цифрлар 11

1В бөлім: Геометриялық фигуралар 32

1С бөлім: Шамалар және олардың өлшем бірліктері 42

2А бөлім: 20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту 49

2А бөлім: Сандар және заңдылықтар 56

2С бөлім: Шамаларды өлшеу 61

3А бөлімі: Сандармен амалдар орындау 70

3В бөлімі: Шамалар. Уақытта бағдарлану 73

78

3C Бөлім: Теңдіктер және теңсіздіктер. Теңдеулер 78

4A Бөлім: Күнделікті өмірдегі есептеулер 93

4B Бөлім: Жиындар. Логика элементтері 99

4C Бөлім: Объектілердің орналасуы мен бағыты 106

Сабақ жоспары 112

115



Тілдік мақсаттар туралы
Білім беру ұйымдары пәндік мазмұн мен тілді меңгеруге әсер ететін білім беру ортасын құруға тырысады. Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау қабілетін және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал.
Тілдік мақсаттар ғылыми тілді меңгеру үшін маңызды құрал болып табылады. Тілдік мақсаттар нақты болса, оқушылар өздерінен не күтілетінін түсіне алады. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар оқытушылар мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пән мазмұнын меңгеру мен ғылыми тілді дамытуды үнемі қатар назарда ұстайтын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі болады және пән мен тілді де оқып үйренуге көмектеседі.
Ғылыми тілді үйренуді қолдау үшін мұғалімдерге келесі оқу мақсаттарын оқу жоспарына енгізу ұсынылады:
• оқушылардың назарын ғылыми тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажет терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы қолдану);

• пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті сабаққа арналған жұмыс тілін ұсыну (мысалы, топта жұмыс істеуге қажетті фразалар, сұрақ қоя білу, жағдайды талдау, талқылауды/дебатты ұйымдастыру қабілеті);

алдын ала оқыту, оның ішінде ең бастысы, пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология мен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын ала орынды контексте қолдану;

• оқушылардың тілдік төрт дағдының барлығын түрлі әрекеттерде түрлі мақсаттарға жету үшін қолдануы (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б);

• оқушылардың диалог-талқылауға қатысуы (мысалы, оқушылардан қысқа жауапты қабылдамау, жай ғана білімді көрсететін сұрақты қоймау, оқушыларды тиімді талқылауы үшін білімдерін қолдануға ынталандыру, бай лексикалық қорды оқушылардың диалогті жалғастыруы үшін беру);

• тілге тән оқу дағдыларын дамыту (мысалы, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікті қолдану дағдыларын дамыту);

• тіл туралы сын тұрғысынан ойлауға ынталандыру (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушыларды тілді нақтырақ қолдануға ынталандыру, тілді меңгерудегі жетістіктерді бағалау);

• сабақтың басында тілдік мақсатты белгілеу және сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізген жетістіктерді талқылау.


Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде берілген және оған ғылыми тілдің компоненттері кіреді, оларды қолдануға, есте сақтауға оқушылардың назарын аудару керек. Олар келесі тақырыптармен көрсетілген:

(1) пәнге арналған лексика және терминология,

(2) диалог/жазылым үшін пайдалы сөз тіркестері. Егер тіл оқушыларға түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілді меңгерудегі мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі.
Тілдік мақсаттарды құру үшін келесі етістіктерді қолдануға болады: талдау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау, сипаттау, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, табу, негіздеу, келіссөз жүргізу, болжау, өндіру, балама шешімдер ұсыну, себептерін түсіндіру, пысықтау, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарастыру, көшіру, рөлдік ойын ойнау, қорыту, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін қолдану, өз сөзімен анықтамажазу, көрсету.
Кейбір тілдік мақсаттардың пәндік мазмұнның мақсаттары деп те есептеуге болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Бұл жауаптарға/шешімдерге аударылатын назарды, осы жауаптарды/шешімдерді табуға қажетті процесті теңгерімге келтіруге көмектеседі. Атап айтқанда, осындай үдерістерге баса назар аудару тілдің нақты қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына көмектеседі.
Математика 1-сынып

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1А Сандар мен цифрлар

1.1.1.1** натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

1.1.1.2 **біртаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру

1.1.1.3 **біртаңбалы сандардың құрамын анықтау

1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері болмайтын жиындарды біріктіру ретінде және азайту амалын жиынның бөлігін жою ретінде түсіну

1.1.2.5 ** біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту орындау

1.3.3.1 сандық түзуде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау

1.4.3.1 **10-ға дейінгі сандар тізбегін құру

1.5.2.1 цифрды саннан ажырата алу, біртаңбалы сандарды түрлі әдістермен көрнекі бейнелеу: сандық түзуде, нүктелердің, таяқшалардың жиынтығы түрінде және т.б

1.5.1.2 **сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану

1.5.2.3 сандарды қосуды, алуды, салыстыруды (артық/кем), көрші сандарды, сандық аралықтарды, сандар тізбегін көрсету үшін сандық сәулені қолдану

1.5.2.2** «+», «-», «=», «≠», «>», «<» белгілерін, цифрларды пайдалану

1.5.2.4 өрнектерді оқу және жазу кезінде қосу және азайту амалдары компоненттерінің атауларын пайдалану


2A 20 көлеміндегі сандарды қосу және азайту
1.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану

1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1 қасиетін қолдану

1.1.1.1 натурал сандардың және нөл санының жасалуын түсіну;

10/11-20 шегінде тура және кері санау; натурал сандар қатарындағы санның орнын анықтау

1.1.1.2 ** 11-ден 20-ға дейін сандарды оқу, жазу және салыстыру

1.1.1.3 **20 көлеміндегі сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу

1.1.1.4 санның ірі бірлігі - ондықты құру; 100-ге дейін ондықтармен санау, жазу, салыстыру

1.4.3.1 **20/ондықтан 100-ге дейін тізбекті құру, суреттердің, фигуралардың, белгілердің, 100-ге дейінгі сандардың тізбегіндегі заңдылықтарын анықтау

1.1.2.5 ** 20 көлеміндегі сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту/ондықтарды ауызша қосу және азайту амалдарын орындау

1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері болмайтын жиындарды біріктіру ретінде және азайту амалын жиынның бөлігін жою ретінде түсіну

1.2.1.1 ** сандық өрнектерді құру, оқу, жазу және тану (қосындылар, айырмалар)

1.5.2.2 ** «+», «-», «=» белгілерін пайдалану

1.5.2.4 өрнектерді оқу және жазу кезінде қосу, азайту амалдары компоненттерінің атауларын пайдалану


3A Сандармен амалдар орындау

1.1.1.2 **біртаңбалы сандарды/11-ден 20-ға дейінгі сандарды салыстыру

1.5.2.2 ** «+», «-», «≠», «=», «>», «<» белгілерін қолдану

1.2.1.6 екі амал арқылы орындалатын жақшамен және жақшасыз берілген өрнектердің мәнін табу, амалдардың ретін анықтау

1.1.2.2 қосу мен азайтудың бір-біріне кері амалдар екенін түсіну, осы амалдардың компоненттері, нәтижелері арасындағы байланысты анықтау

1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1 қасиетін қолдану



4A Күнделікті өмірдегі есептеулер
1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг тиындарымен түрлі операцияларды орындау

1.5.1.2 орынды, бағытты, заттардың арасындағы қашықтықты анықтайтын сандарды, заттарды, тауар бағаларын/терминдерді салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану

1.5.1.4 сандарды бірнеше бірлікке арттыру, кемітуге, айырымдық салыстыруға берілген есептерді талдау және шешу, кері есептерді құру және шешу

1.5.1.3 қосынды мен қалдықты табуға арналған есептер шығару және талдау; кері есептер құрастырып, оларды шығару

1.5.1.6 амалдарды таңдауын негіздеу және қосуға, азайтуға қатысты есепті шешу әдісін түсіндіру


1В. Геометриялық фигуралар
1.4.1.2 жиынды элементтердің белгілері бойынша жіктеу (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті)

1.3.1.1 геометриялық фигуралар: нүкте, түзу, қисық, үзік, тұйық тұйықталмаған емес сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш

1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш)/ кеңістіктегі фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида) ажырату және оларды қоршаған ортаның заттарымен байланыстыру

1.3.2.3 композицияларды жазық фигуралардың үлгілерінен және олардың бөліктерінен жасау




2B Сандар мен заңдылықтар
1.1.1.5 2-ден 20-ға дейін сандық топтармен тура және кері санау; 2, 4, 6, 8, 10 сандарының жартысын практикалық амал арқылы табу

1.4.3.1 ** 20 көлеміндегі сандардың/ 100-ге дейінгі ондықтардың тізбегін дейін құру, суреттер, фигуралар, белгілер, 100-ге дейінгі сандар тізбегіндегі заңдылықтарды анықтау

1.4.3.2 табиғаттағы әрекеттердің және күйлердің тізбегін анықтау, сандардың, фигуралардың, ойыншықтардың, түрлі түсті моншақтардың тізбегін құру және заңдылықтың бұзылуын анықтау

1.4.2.2 **бірдей цифрлары, фигуралары, ребустары бар жұмбақтарды шешу



3B Шамалар. Уақытт а бағдарлану
1.1.3.5 сағаттың циферблаты бойынша уақытты анықтау/ уақыттың өлшем бірліктерін ажырату: минут, сағат, күн, апта, ай

1.1.3.1 **шамаларды ажырату: уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу

1.1.3.2 **өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу: сағат


4B Жиын. Логика элементтері
1.5.2.5 деректерді жинау, кестелерді, пиктограммаларды, диаграммаларды күнделікті материалдардың көмегімен жүйелеу, жасап бітіру, құру

1.4.2.1 дұрыс және дұрыс емес тұжырымдарды анықтау

1.4.2.2 ** сәйкестікті, ақиқатты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шешу

1.4.1.2 жиынды элементтердің белгілері бойынша жіктеу (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті)

1.4.1.3 заттар жиындарын жұп құру арқылы салыстыру; тең жиындарды, бос жиынды анықтау

1.4.1.1 екі жиынның қосылуын және жиын бөлігін жоюды көрнекі түрде бейнелеу

1.4.4.1 қоршаған ортадағы заттардан «екі-екіден» комбинациялар жиынын құрастыру

1.1.3.1 ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт шамаларыy ажырату; өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу

1.1.3.3 ұзындық: см, дм/ масса: кг/ сыйымдылық: л/ уақыт: сағат шамаларының мәндерін салыстыру және шама мәндеріне қатысты қосу, азайту амалдарын орындау


1С. Шамалар мен олардың өлшем бірліктері
1.5.1.2** заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану

1.1.3.1 ** ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық); өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу

1.1.3.2 ** см/кг/л өлшем бірліктерін қолдану арқылы шамаларды өлшеу

1.1.3.3 ** ұзындық: см/ масса: кг/ сыйымдылық: л шамаларының мәндерін салыстыру және шама мәндеріне қатысты қосу, азайту амалдарын орындау



2C Шаманы өлшеу

1.3.1.3 геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш) жан-жағын өлшеу, салыстыру

1.1.3.1 ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт шамаларын ажырату; өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу


  • 1.1.3.2 ** см, дм/кг/л өлшем бірліктерін қолдану арқылы шамаларды өлшеу

1.1.3.3 ** ұзындық: см, дм/ масса: кг/ сыйымдылық: л шамаларының мәндерін салыстыру және шама мәндеріне қатысты қосу, азайту амалдарын орындау

1.1.3.4 ұзындықтың см, дм өлшем бірліктерін олардың арасындағы қатынас негізінде түрлендіру



3C Теңдік пен теңсіздік. Теңдеу
1.2.2.1 теңдікті, теңсіздікті, теңдеуді білу; дұрыс және бұрыс теңдікті ажырату

1.2.2.2 теңдеуді іріктеу арқылы және қосу, азайту байланысының негізінде шешу

1.2.1.1 сандық және әріптік өрнектерді (қосынды, айырма) / теңдік пен теңдіксізді құру, оқу, жазу және білу

1.2.1.2 әріптің мәні берілген бір амалды әріпті өрнектің мәнін табу

1.2.1.3 қосу мен алу арасындағы байланысты әріптік теңдік түрінде көрсету және қолдану: а+b=с, c–a=b, c-b=a

1.2.1.4 қосу мен алуда 0-дің қасиеттерін әріптік теңдік түрінде көрсету: a+0=a, a-0=a

1.2.1.5 жақшасыз берілген әріптік, сандық өрнектерді салыстыру

1.5.2.2 «+», «-», «≠», «=», «>», «<» белгілерін/ цифрларды /белгісіз санның символын қолдану (􀂅)

1.5.1.1 есепті схема, сурет, қысқаша жазу түрінде үлгілеу; есепті шешуге қажетті тірек схеманы таңдау

1.5.1.3 ** қосынды мен қалдықты табуға арналған есептер шығару және талдау; кері есептер құрастырып, оларды шығару

1.5.1.4 сандарды бірнеше бірлікке арттыру, азайту, айырымдық салыстыруға берілген есептерді талдау және шешу, кері есептерді құру және шешу

1.5.1.5


қосу мен алудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шешу, кері есептерді құру және шешу

4C Нысандардың орналасуы мен бағыты
1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш)/ кеңістіктегі фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида) ажырату және оларды қоршаған ортаның заттарымен байланыстыру

1.3.2.1 тура, қисық, үзік, тұйық және тұйықталмаған сызықтарды/ қарапайым жазық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш) нүктелі қағаздың жазықтығында бейнелеу

1.3.2.2 берілген ұзындықта кесінді сызу

1.3.2.3 композицияларды жазық фигуралардың үлгілерінен және олардың бөліктерінен жасау

1.3.2.4 геометриялық фигуралардың арасындағы негізгі арақатынасты анықтау (үлкен-кіші, жоғары-төмен, кең-тар, жуан-жіңішке)

1.5.1.2 **заттардың орналасуын, бағытын және қашықтығын анықтайтын терминдерді пайдалану




Ескерту:

С = бүкіл сыныптық жұмыс

Т= топтық жұмыс

Ж = жұптық жұмыс

Д = дербес жұмыс

Т = оқушылардың тәжірибесі

М = ұстаздың көрсетуі

қ = формативтік бағалауды қолдайды

Орта мерзімді жоспардың «Оқыту ресурстары» бөлігінде кейбір ресурстар ағылшын тілінде оқытушыға арналған қосымша ақпарат ретінде берілген

Орта мерзімді жоспар





Математика Бастауыш мектеп 1-сынып

1А бөлімі: Сандар мен цифрлар

Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім

Оқушылардың балабақшада меңгерген сандары мен есептеп үйренген тәжірибесіне негізделу керек.

Контекст

Тақырыпты меңгеру нәтижесінде оқушылар келесілерді түсінеді: алдыңғы саннан және бірліктен бастап санауда (+1), келесі саннан және бірліктен бастап санауда (-1) әр санның жасалуын; келесі санның алдыңғы саннан қаншалықты үлкен екенін (1-ге), ал алдыңғы санның келесі саннан қаншалықты кіші екенін (1-ге);

1-ден 10-ға дейінгі сандардың қатарында әр санның орны қандай, олар қандай саннан кейін және қандай санның алдында аталады;

әр сан қалай аталады және ол баспа түрінде, жазбаша цифрлармен қалай белгіленеді; екі қосындының сандық құрамы.

Осылайша, оқушыларға таныс сандардың атаулары мазмұнмен толықтырылады, сандардың арасындағы байланыстар ашылады, сандық қатардағы натурал сандар туралы түсінік қалыптаса бастайды. Санау арқылы оқушылардың бойында математиканың негізін құрайтын негізгі дағдылар қалыптасады. Осыған орай оқу жоспарының барлық бөлігінде жүргізілетін тиісті жұмыстың негізінде санау жүйесі туралы түсінік дамитын болады.



Оқу жоспарының осы бөліміндегі пән бойынша тілдік мақсаттар:

  • өз пікірін және ұсынылған амал әдістерін айтуда математикалық білімді және математикалық терминологияны («сан», «»цифр», «теңдік», «қосу», «азайту» және т.б.) қолдану;

  • мұғаліммен, сыныптастармен диалогқа, мәселелерді ұжыммен шешуге қатысу, өз ойын айтуға бастама білдіру және тырысып, белсенді болу;

  • сөйлесу барысында жұбын тыңдау (тапсырмада);

  • өз ойын дәлелді жеткізу.

Пән бойынша оқу мақсаттары

Оқытудың тілдік оқу мақсаттары

Пән лексикасы және терминология

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Санау дағдыларын қалыптастыру; бастапқыда 10-ға дейін,

  • бізді қоршаған заттарды санау (Қанша?Қайсысы?),

  • сандарды оқу, цифрды жазу, цифрды, цифрдың атауын және заттардың тиісті санын сәйкестендіру (1-ден 5-ке дейін, сандардың құрамы),

  • сандық қатарда келесі және алдыңғы санды құру, санау заңдылықтарын анықтау,

  • сандық кесіндіні меңгеру.

«Барлығы өзім туралы» тақырыбының контексінде заттарды санау: түймелер, қызыл киімдегі достардың саны және т.б

Сандарды оқу, жазу және салыстыру барысында «сан», «цифр», «теңдік», «қосу», «азайту» сияқты математикалық терминологияны; амалдардың атауын, «=», «>», «<» белгілерін, қарапайым математикалық өрнектерді қолдану; өз ойын және ұсынылатын амал әдістерін айту,

сөйлеу барысында реттік сан есімдерді пайдалану, сұрақтар қою.

Қарапайым тұжырымдарды құру, оларды қарапайым түсінікті логикалық пікірлер ретінде рәсімдеу.

Әртүрлі пікірлерді ескеру, келісу және ортақ шешімге келу.




Бұған кіреді:

  • 1-ден 10-ға дейінгі сандардың атауы,

  • санау, санап шығу, барлығы

  • Қанша? Саны бойынша нешінші?

  • сан және цифр

  • алдыңғы сан, келесі сан

  • санның құрамы

  • сандық кесінді

  • жанындағы сандар


Талқылау:

  • Қалай ойлайсыз? Менде қанша бұршақ бар? Қатардағы … қаншасыншы?

  • Мұны қалай біле аламыз?

  • Қанша бұршақты ұстай аласыз?

Неліктен… екенін айта аласыз ба?

  • Бұл санды алдыңғы/келесі сан деп атаймыз.

  • …осындай заңдылық бар.

Жазу:

  • Цифр... көмегімен санды жаза аласыз ба?

  • ... санынан кейін,… алдында, … арасында, алдыңғы, келесі санды жаза аласыз ба?

Басқа да тілдік мақсаттарды құрастыру және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз

Қысқаша шолу

Тақырыпты меңгеру барысында оқушылар келесілерді үйренеді:

1-10 дейінгі натурал сандарды тура және кері ретте атау, санды санау кезінде келесіні (алдыңғыны) атау.

сан мен цифрды, арифметикалық амалдардың белгілерін ажырату;

3 + 2 = 5, 4 – 2 = 2 түрінде цифрлармен, жазбалармен жазылған сандарды 10 көлемінде оқу

заттарды, (артық, кем) өлшемдері бойынша заттарды, (артық, кем, қарағанда артық, қарағанда кем) сандарды ұқсастық пен айырмашылықты табу мақсатында салыстыру;

«артық», «кем» арақатынасын үлгілеу;

жиын элементтерін берілген белгі бойынша топқа жіктеу;

оқу және практикалық есептерді шешу: заттарды санау, алынған нәтижелерді сандармен көрсету, сандарды цифрлармен жазу.

Оқушылар сандық түзулерді және кесінділерді меңгеру арқылы сандардың жүйесі туралы түсініктерін дамытады; шамаларды салыстыру, өлшеу үшін сандардың шамалары туралы өзіндік түсінігін қолданады.

Санның үлгісін құру. Сандарды салыстыруды, реттеуді талап ететін жағдайларды зерттеу. 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды жазу. Өрнек түрінде жазу («+», «-», «=» пайдалану арқылы), сандардың жасалуы, өрнекті оқу, оларды шешу.



Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері

Мұғалімге арналған кеңестер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқу ресурстары

1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

1.1.1.1** натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

1.1.1.2 ** біртаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру

1.1.1.3 ** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау


Сандар қайдан пайда болды?

(Т) Оқушылардан өздеріне ұнайтын түстегі заттарын жинауды сұраңыз. Оқушылар оларды санап, топқа немесе сыныпқа ұнататын түстері қандай екенін және табылған заттардың санын айтуы керек.

(Ж/Т, қ) Оқушылардың 1-ден 10-ға дейінгі әр санға мысалдарды табуы үшін жұпта немесе кішігірім топтарда жұмысты ұйымдастырыңыз.

Мысалы, «1» - сыныптағы мұғалімдердің саны болуы мүмкін, «2» оқушылардың көздері болуы мүмкін. Оқушылар осы жұмысты суреттер түрінде бір парақтың бетінде әр цифрға бос орын қалдырып бере алады немесе өз ойларын айта алады.

(С) Осы сандардың қайдан пайда болғаны туралы талқылау жүргізіңіз. Мысалдардың тиісті санын табу мүмкін болмайтын сан бар ма? Біз «натурал сандарды» қарастырып жатырмыз. Бір нәрсені санау барысында натурал сандарды қолданамыз.


Натурал сандар туралы талқылау үшін өлшеудің санаумен байланысын талқылау керек. Өлшеуіш лента өлшеу мен сандық осьтің арасындағы жақсы визуалды байланыс болып саналады. Оқушылар 1-сыныптың бағдарламасында осындай өлшеу құралдарымен таныспаса да, олардың кейбіреуі бұрын калькуляция жасап көрген болуы мүмкін және сіз мұның санаумен байланысы туралы талқылай аласыз.


Әртүрлі әрекет жасап жатқан әртүрлі киім киген Қазақстандағы балалардың суреттері (талқылау үшін).

10 көлеміндегі сандарды көрсету, қабырғадағы және едендегі сандық түзулер, цифрлар жазылған пазлдар/ цифрдан жасалған кішкене кілем (төменде сурет берілген)





1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер


1.1.1.1** натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

1.1.1.2 ** біртаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру





Заттарды санау. Реттік санау

(С) Оқушыларды 10 санының маңыздылығын табу үшін саусақпен санауға қатыстырыңыз (себебі бұл есептеудің ондық жүйесінің негізі).

(Ж) Оқушылардың жұптағы жұмысын ұйымдастырыңыз: әрқайсысы сол қолдарына бір уыс асық алады. Содан кейін олар асықтарды санайды және кімде асықтың көп екенін анықтайды. Содан кейін олар өз нәтижелерін басқа жұппен салыстыра алады және қайтадан ең үлкен санды табады.

, Ж, Т) Оқушылар сыныптық бөлмені зерттейді, ондағы заттардың санын анықтайды және осы санды сандық түзуде белгілейді.



) «Барлығы өзім туралы» тақырыбында есепті зерттеу, киімдегі түймелердің саны, үстелдегі бордың саны және т.б



А4 қағазынан көрсетілетін сандық түзуді жасаңыз.

Әр оқушыға сандары белгіленбеген сандық түзуді жасауға және цифрлар жазылған қиылған карточкаларды қолдануға болады.



«Барлығы өзім туралы» тақырыбының контексінде осы оқу мақсатымен жұмыс істеу көрсетілуі мүмкін.


көріністер (1 ат, 2 мысық және т.б.)



Есептеуге арналған практикалық материалдардың алуан түрі, мысалы, бұршақ, ұсақ моншақ, санау таяқшалары, плиткалар, кірпіштер, түймелер, жұмыс тастар.

Киімдердің бөлшектерін санау, суреттегі балалардың әрекеттерін сипаттау үшін әртүрлі киім киген балалар бейнеленген суреттерді даярлаңыз.

Өлшеуіш лента, сызғыш, «математика сабағындағы суреттер» http:|//le-saychen.uncom.ru/

«Сиқырлы қаптар» дегеніміз кез келген ескі сөмкелер/қаптар немесе қағаз пакеттер.

Сыныптық бөлме бойы керілген жіп, 1-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған бөлек карточкалар, киімге арналған қысқыштар немесе жіпті қысуға арналған қыстырғыш.

Санауға арналған ресурстар: түймелер, бұршақ, тиындар, кішігірім ойыншықтар және т.б

Сандар жазылған карточкалардың жинағы: 1-10

Сандық түзу жазылған ойнауға арналған кішкене текше, өзіндік сандық түзуді жасауға қажетті оқушыларға арналған қағаздың кесінділері.

«Сиқырлы қаптар» дегеніміз кез келген ескі сөмкелер/қаптар немесе қағаз пакеттер.

Практикалық есептеуге арналған кішігірім ойыншықтар, кірпіштер, есептік материал және т.б






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет