Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, топтастыру, үйрену



бет1/2
Дата02.07.2018
өлшемі305,04 Kb.
#45388
түріСабақ
  1   2
Сабақтың тақырыбы:
Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы. «Ата толғауы» тыңдау. «Әке туралы жыр» үйрену.


Мақсаты:

а) Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру.

б) Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту, әнді дұрыс орындауға машықтандыру

в) Шығарманы тыңдатып, әнді орындату арқылы оқушыларды адамгершілікке, әкелерге деген сыйластыққа, оларды құрмет тұтуға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау, топтастыру, үйрену;

Сабақтың көрнекілігі: күйтаспа,интернет жүйесі, интерактивті тақта, баян;

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа әзірліктерін тексеру;

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Қазақстанда кәсіби вокалдық музыка ән-романс жанрынан бастау алады.

Романс – испан ақсүйек қауымының поэтикалық-лирикалық әні, әннен гөрі күрделірек.

Қазақстандағы ән-романс жанрына алғаш жол салған композиторларды кім атап береді? Суреттері көрсетіледі. Ал Латиф Хамиди кім? Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылардың бірі. Ол Б. Ғизатовпен бірлесіп тұңғыш “Домбыра үйрену мектебі” атты кітап жазды.

Л. Хамиди – атақты “Қазақ вальсі”, “Бұлбұл” әндерімен қатар, “Отан”, “Аққу”, “Алтын бидай”, “Романс”, “Алматы”, “Бейбітшілік туы берік қолда”, “Лаула, костёр”, “Жайлауым – бақша жайнаған”, сынды ән-романстар жазған композитор. Л. Хамиди – Қазақстандағы вальс жанрының негізін салушы

Дауыс жаттығуынан кейін «Қазақ вальсі» әнін орындау. Л.Хамиди – ұлты татар болғанымен қазақ кәсіби музыкасының дамуына көп үлес қосты. Ол өзінің “Қазақ вальсі”, “Бұлбұл” әндерімен жұртшылыққа танылды. Бұл әндерді атақты бұлбұл әнші апамыз Б.Төлегенова орындады. Л.Хамиди бізге ғажайып, ән мұрасын қалдырды. Оның әндерінің қай ұрпаққа да берері мол.

ІІІ. Ал, енді мына бір суретке назар аударайықшы, сендерге таныс па? Дұрыс айтасыңдар.Бұл Нұрғиса ағамыз.

Ал, Нұрғиса ағамыз туралы кім не айта алады? Сендерге ізденуге тапсырма берілген болатын.

Нұрғиса Тілендиев 1925 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Іле ауданының Шіліккемер ауылында дүниеге келді. Дарынды композитор, дирижер және домбырашы.Ол фольклорлық-этнографиялық « Отырар сазы» оркестрін құрып, көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды.

Н.Тілендиев-халыққа кеңінен танымал «Алатау», «Құстар қайтып барады», «Әже туралы ән», «Өз елім», «Әке туралы жыр», «Саржайлау», «Кел,еркем,Алатауыма», Абайдың сөзіне жазылған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» ән-романстарының, «Ата толғауы», «Көш керуен» көптеген күйлердің авторы. Оның оркестрге арналған «Махамбет», «Арнау», «Жеңіс салтанаты» сияқты көлемді поэмалары бар. Дұрыс айтасыңдар, балалар.



(11-15 слайдтар)

ІҮ. Жолдасы Дариға апамызда Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, киноактриса, сазгер. "Қазақфильм" киностудиясының 2 жылдық курсын, Абай атындағы ҚазПИ-ді бітірген (1980 ж.). Алғаш рет "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген "Құлагер", содан кейін "Ақ машина", "Алтыжасар Алпамыс", "Қоштасқым келмейді", "Жамбылдың жастық шағы", тағы басқа көркем фильмдерінде әр түрлі рөлдерді орындады.

Ү. Дариға апамыздың Нұрғиса ағамыз туралы айтқан әңгімесіне назар аударайық (интернет)

ҮІ. Нұрғиса ағамыздың Жамбыл атамызға арнап шығарған күйі - «Ата толғауы» тыңдау. Нұрғиса Тілендиев жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың жақын туысы болып келеді. Өмірден өтерінен бір жыл бұрын ол Жамбыл мазарына барып: «Ата, маған қасыңнан бір метр жер берші, өзіңді күзетіп жатайын» деп сөйлейді. Бір жылдан кейін көз жұмбас бұрын: «Мені Жамбыл атамның жанына қойыңдар.деген екен.

Бұл күй-поэманы мұқият тыңдап, сипатын айырамыз. Қандай аспапта орындалды? Жеке аспаппа,әлде оркестрме? Темп қандай? Бұл күй Нұрғиса ағамыз құрып кеткен «Отырар сазы» оркестрінің орындауында тыңдадық. Қазіргі жетекшісі Нұрғиса ағамыздың қызы Динара (Дінзухра) Тілендиева.

ҮІІ.Сазгердің Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Куә бол» әні айлы түнде дүниеге келген. Нұрғиса Тілендиев жұбайы Дариғаға арнаған.



«Куә бол, жұлдыз,

Куә бол, айым,

Куә бол, Алатауым!» - деп өзінің аппақ мөлдір сезімін ән арқылы жеткізген екен.

« Куә бол» әнінен Р.Рымбаеваның орындауында үзінді тыңдау,орындау

Көзімді жұмсам да көрем сені


Еседі арманның қоңыр желі
Куә бол, Алатау, бақытыма
Куә бол, көк терек көлеңкелі

Куә бол, жұлдыз


Куә бол, Айым
Куә бол, Алатауым!

Көп іздеп мен бүгін оны таптым


Бастадым бір әнін махаббаттың
Ақ қайың аялап арманымды
Куә боп, көк өзен, күліп жатты

Енді мына бір суреттерге назар аударайықшы, Бұл қай кинофильм? Суреттері көрсетіледі.

Осы кинофильмге Нұрғиса ағамыз күй жазған екен, содан үзінді тыңдайық , кинодан үзінді тыңдау, көру. Бұл қандай күй? Мұнда не суреттеледі? Аққу күйі.

ҮІІІ. Үйге сендерге әке туралы ән, тақпақтар жаттап келу тапсырылған еді, оқушылар айтып береді.

ІХ. Мақалды жалғастыр

1.Әке көрген оқ жонар,

...


2. Әкесі бардың арысы бар,

Ағасы бардың ...

Інісі ...

3. Әкең өлседе …


4. Әкеден безген …


Анадан безген …

5.Әке жүрегі таудан үлкен,



6. Әке балаға …

7.Әке- асқар тау,

Ана - …

Бала - …



Х. « Менің әкем» тақырыбында эссе жазып келу тапсырылған еді . Оқушылар оқып береді.

Гүлнұр Оразымбетова апамыздың орындауында ән тыңдау. Бұл қандай ән? Сендерге таныс па? Не туралы айтылады? Олай болса осы әнді барлығымыз қосылып айтып көрейік.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет