«Әке туралы жыр» сөзін жазған: М.Шаханов.
Дыбыс ұзақтықтары: Әуен – саздардағы дыбыстар бір-бірімен түрлі биіктіктерімен ғана емес, сондай-ақ түрлі айтылу, естілу ұзақтықтарымен де ерекшеленіп ажыратылады. Нота белгілері музыкалық дыбыстардың биіктігі мен ұзындықтарын бірден қатар көрсетіп тұрады. Дыбыс ұзақтықтары мынадай белгілермен белгіленіп, есептеледі.
ХІ. Музыкалық диктант
х = 1и + 1и + 1и + 1и
х= ? (қандай ұзақтықтағы нотаға тең?)
х= (1и + 1и + 1и + 1и):2и
х= ? (қандай ұзақтықтағы нотаға тең?)
х= (1и + 1и)- 1и
х= ? (қандай ұзақтықтағы нотаға тең?)
х = (1+и +1 +и)
х = ? (қандай ұзақтықтағы нотаға тең?)
ХІІ. Сабақты бекіту .
ХІІІ. 1965 жылы ол кезде ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері деген атағы бар ұлы сазгер Нұрғиса Тілендиев Қазақфильм киностудиясында музыкалық бағдарламалардың бас редакторы қызметін атқарған екен. Бірде жұмыстан шығып, көңілсіз күйде үйіне қарай тартады. Сірә, жұмыста бір дүниеге көңілі толмаса керек. Алматыдағы 28-Панфиловшылар саябағына аяңдай келіп, орындыққа отырып, айналасына қарай бастайды. Кенет көзіне ұшып жүріп, ағашқа келіп қонған тырна түседі. Жаңа қонған тырнаға ағашта отырған өзге құстар, оның ішінде қарғалар тыныштық бермейді. Қайта-қайта келіп, шоқып, мазасын алады. Құстардың бұл әрекетін көрген сазгер: «Адам мен құстың өмірі қандай ұқсас» деген ойға келеді. «Жер бетінде адам баласы бір-біріне сұстана қарап, қызыл сөзге жол біріп, бір-бірін көре алмай, қудалап жатады. Бұл әрекет құстардың да өмірінде бар екен-ау. Тырнаны қарғалар отырғызбай қойды. Мен болсам, көзге жас алып, үйге қарай беттедім» - деп үйге келген бойда саябақтағы жағдайды жары Дариға Тілендікелініне айтып береді. Саябақтағы оқиға сазгер жүрегінде қалып, көңіліне тигені соншалықты, ол «Құстар қайтып барады» әнін дүниеге әкеледі. Нұрғиса Тілендиев ағамыз қайтарының алдында мені «Құстар қайтып барады» әнімен шығарып салыңдар» деп аманат сөздерін айтқан екен. Осы әнді Нұрлан ағамызбен қосылып орындап жіберейік.
ХІҮ. «Н.Тілендиев жазған ән-күйлер тыңдаушысын қуанта да алады, жұбата да біледі; толғандыра отырып ойландырады; әлдилей отырып әдемі әсерге бөлейді, онда атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік асыл қасиеттер, инабат иірімдері, мейірім мен рахым шапағаты жаныңды баурайды; онда мұқалмас жігер, қанаттандырар қайрат, өрлік пен өжеттік, ұлттық рух, намыс бар; меніңше, Тілендиевтің ән-күйлері бүгінгі тыңдаушысын қалай бейжай қалдырмаса, енді он, жиырма, жүз жылдан кейін де дәл бүгінгі құдірет күшін солай сақтайды; өйткені ол ықылым заманғы бабалар рухымен, арман – мақсатымен сабақтас» .Н.Назарбаев.
Міне, балалар кейінгі ұрпағына осындай тамаша туындылар,өрлік пен өжеттілікке,адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелейтін ән-күйлерін қалдырған Нұрғиса ағамызды біз ешқашан ұмытпаймыз.Оның әндері мәңгі шырқала береді.
ХҮ. Тест жұмысы
1.Мына күйлердің ішінен Нұрғиса күйлерін ата.
а) Ақжелең. Кіші Қаратөс. Балжан қыз.
ә) Әлқисса. Ата толғауы.Аққу.
б) Адай. Сарыарқа. Серпер.
2. Нұрғиса әндерін тап.
а) Сағындым Алматымды.Әгугай домбыра.
ә) Ақ бантик. Қайықта: Қайдасың.
б) Саржайлау. Өз елім. Алатау.
3. Н.Тілендиев басқарған оркестрді ата.
а) Отырар сазы.
ә) Құрманғазы.
б) Симфониялық оркестр.
4. Н.Тілендиевтің туған жерін ата.
а) Жамбыл облысы Байзақ ауданы.
ә) Алматы облысы Іле ауданы.
б) Қызылорда облысы Шиелі ауданы.
5. Н.Тілендиевтің күй поэмалары.
а) Дайрабай. Құдаша думан.
ә) Ақсақ құлан. Мерекелік күй поэмалары.
б) Мүрагер. Махамбет.Жеңіс салтанаты.
6.Сүйген жары Дариғаға арнаған шығармасы.
а) Көңілді бикеш.
ә) Сүйген жар.
б) Ақмаңдайлым.
7.Қай кинофильмде Нұрғиса шығармалары орындалады.
а) Құлагер. Көшпенділер.
ә) Алты жасар Алпамыс.Алдаркөсе.
б) Қыз Жібек. Менің атым Қожа.
Достарыңызбен бөлісу: |