Пәні: Әдебиет Орындаған: Сасанова Инабат 11 «А» сынып оқушысы Жетекші



Дата11.11.2016
өлшемі31,13 Kb.
#1489
  • Бағыты: “Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары”
  • Тақырыбы: Қасым Қайсенов шығармашылығындағы ерлік пен патриотизм.
  • Пәні: Әдебиет
  • Орындаған: Сасанова Инабат
  • 11 «А» сынып оқушысы
  • Жетекші: Ауғанбаева Бақытгүл Омарғалиқызы,
  • директордың инновациялық
  • жұмыстар жөніндегі орынбасары
  • Ғылыми жетекшісі: Картаева Айжан Маратбекқызы,
  • Филология ғылымдарының докторы,
  • С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті
  • МАЗМҰНЫ
  • КІРІСПЕ
  • 1. ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
  • 1.1 Қаламгердің өмір жолы, партизандық шежіресі мен көркем публицистикасы
  • 1.2 Жазушының қазақ әдебиетінде әскери прозаның қалыптасуындағы қолтаңбасы
  • 2 ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЕРЛІК ПЕН ПАТРИОТИЗМ
  • 2.1 Жазушы шығармаларындағы партизандар өмірі мен олардың қаһармандық істерін суреттеу шеберлігі
  • 2.2 Автор туындыларында патриотизм мен Отаншылдық рухты бейнелеу үлгісі
  • ҚОРЫТЫНДЫ
  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  • Тақырыптың өзектілігі. Зерттеу жұмысы Ұлы Отан соғысының батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, жазушы-партизан, публицист, Ұлан ауданының тумасы жерлесіміз Қасым Қайсеновтің шығармашылық мұрасына арналады. Қасым Қайсенов - қазақ әдебиеті мен журналистикасының өркендеп, дамып, қанат жаюына үлкен үлес қосқан талғамы биік суреткер, көсемсөз туындыларының өзіндік келбетімен танылған бірегей қаламгер. Қаламгер 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының басты қаһарманы ғана емес, сол өзі көрген, көкейіне түйген соғыс шындығын жеткізуші. Осы тұрғыдан алғанда, Қ.Қайсенов туындылары жастардың бойында патриоттық сезiм мен азаматтықты қалыптастыруда патриоттық тәрбиенің басты рухани көзі болып саналады. Қ.Қайсенов шығармаларын зерттеудін зәрулігі де осында.
  • Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
  • Зерттеудің негізгі мақсаты -Қасым Қайсеновтің шығармаларындағы ерлік пен патриоттық болмысты суреттеудегі жазушының көркемдік тәсілі мен қаламгерлік шеберлігін анықтау. Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойылды:
  • - Қасым Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтер жинау;
  • - қаламгердің өмір жолын, партизандық шежіресі мен көркем публицистикасын қарастыру;
  • - жазушының қазақ әдебиетінде әскери прозаның қалыптасуындағы қолтаңбасын айқындау;
  • - жазушы шығармаларындағы партизандар өмірі мен олардың қаһармандық істерін суреттеу шеберлігіне талдау жасау;
  • - автор туындыларында патриотизм мен Отаншылдық рухты бейнелеу үлгісін саралау.
  • Зерттеудің нысаны. Ғылыми зерттеудің нысаны ретінде Қ.Қайсеновтің " Жас партизандар" (1954), " Ажал аузында" ( 1959), " Жау тылындағы бала" (1961), "Жау тылында" (1973), " Партизан соқпақтары" (1978) , " Переяслав партизандары" тәрізді т.б. шығармалары алынды
  • Зерттеудің болжамы:
  • Егер бұл ғылыми жобаны оқушылар, оқырман қауым арасында қолданатын болса, оқушының көркем әдебиетке соның ішінде әскери тақырыптағы прозаға деген қызығушылығын, туған еліне деген махаббатын арттыруға көмектесер еді.
  • Зерттеу жұмысының дереккөздері.
  • Қ.Қайсеновтің қаламгерлік шеберлігі туралы Ғ. Сланов, М. Әлімбаев, Ә.Кекілбаев, Ә.Шәріпов, X.Ерғалиев, С.Мәуленов, F.Қайырбеков, К.Салықов, Ә.Нұршайықов, С.Жиенбаев, F.Қабышев, I.Жарылғапов, С.Ғабдуллин, Е.Нұразхан сынды қылқалам шеберлерінің еңбектерін атауға болады. Зерттеудің әдістері.
  • Зерттеуде баяндау, жинақтау, саралау, әдеби-теориялық талдау әдістері басшылыққа алынды.
  • Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
  • Ғылыми зерттеуге өзек болып отырған тақырып ғылыми жоба ретінде алғаш рет арнайы қарастырылып отыр. Ғылыми жобада Қасым Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығы, жазушылық қыры кеңінен сөз етіледі. Жазушы туындыларындағы ерлік пен патриотизмді суреттеудегі көркемдік тәсілі мен қаламгерлік шеберлігіне талдаулар жасалады.
  • Зерттеудің болжамы. Қасым Қайсенов туындыларымен танысам деген оқушыға мәлімет бере алады. Жазушы туындылары арқылы оқушы ерлік пен патриоттық тақырыптағы шығармаларға деген қызығушылығын артырады. Әскери тақырыптарға толы туындылар болғандықтан, әр бір оқырманға даңқты батырларымыздың өшпес ерлігі жайында таныса алады. Туған халқына, туған жеріне, тарихына, әдебиетіне махаббатына жол ашуға көмектеседі.
  • Қасым Қайсенов - Ұлы Отан соғысының батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, жазушы-партизан, публицист, Қасым Қайсеновтің шығармашылық мұрасына арналады. Қасым Қайсенов - қазақ әдебиеті мен журналистикасының өркендеп, дамып, қанат жаюына үлкен үлес қосқан талғамы биік суреткер, көсемсөз туындыларының өзіндік келбетімен танылған бірегей қаламгер.
  • Туған ауылында орталау мектепті бітірген соң 1935 жылы Қасым Қайсенов Өскемен қаласындағы Саяси-ағарту техникумына түсіп, оны 1938 жылы бітіреді. Сөйтіп, арнайы орта білім алып, обылыстық Оқу бөлімінде инспектор болып қызмет істейді. Ал 1939 жылдың қысында Әскери мектепке түседі де,оны 1941 жылдың күзінде бітіріп шығады. 1941 жылдың қараша айында Қасым Қайсенов оңтүстік-батыс майдан штабының қарамағына жіберіледі. Сол жерден ол арнайы тапсырмамен гитлершілдер басып алған Украина жеріне, жау тылына аттанады. Жау жайлаған елге ұшақпен келіп түскен сәттен бастап, Қасым ағаның партизандық өмірі басталады.
  • Қасым Қайсеновтың өмір жолы...
  • Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Одан кейін 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Украинаның Закарпатье, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады. Отряд командирі болып жүріп, жау тылында жүздеген жорықт басынан өткерді. 1944 жылы Украинаның Закарпат, Карпатты азат етуге қатысқан. Ол Киев және Полтава обылыстарындағы партизандар қозғалысын алғаш рет ұйымдатырушылардың бірі ретінде тарихта қалды. Партизандардың қалың қолын басқара жүріп, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткеріп, фашисттерді сан рет тізе бүктірді.
  • Жұмағали Саин, Сәбит Мұқанов, Мұқан Иманжанов, Мәлік Ғабдулин, Әди Шәріпов, Ғабит Мүсірепов, Әбіш Кекілбайұлы, Қанат Еңсенов, Ш. Күмісбаев, Уалихан Тоқпатаев, Марат Мәжитов, Дидахмет Әшімханұлы, Қасым Аманжолов сынды қазақ зиялылары.
  • Қасым Қайсеновтың шығармашылығын зерттеп, пікір білдіргендер:
  • “...Қасым Қайсеновке келсек – Қасекең батырлығы ерекше, мүлде қазақы батырлық. Бұған жүректің жүрегі шыдайды. Қасым өзінің документтік, құжаттық деректі де көркем хикаяларын жазарында болған оқиғаның орны мен уақытын керемет дәлдікпен суреттейді ғой? Қасекең бармаған орман, тау-тас, көзі тінтпеген қуыс-құбыр, баспаған батпақ қалмаған болар, фашистерді оқпен ату өзіне басқа нәрсе, ал қол-аяғын тұсап, жатқызып қойып бауыздау – қанша сұмдық көрінгенімен партизанның негізгі әрекет сипаты еді.”
  • Ғафу Қайырбеков,
  • жазушы
  • Қанжарын қаламға айырбастап, тым майса кезінде үсік шалып, жапырылып қала жаздаған жетім ұрпақтың жауынгер әкелері мен ағаларының ерлік дастандарын жазды. Ерлік туралы айта отырып, елдік жайында сыр шертті. Ұлттық намысты оятты. Ұрпақтық парызды ескертті. Елжандылық тағылымын көрсетті.
  • Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ, жазушы
  • “Елдің елдігі, ердің ерлігі сыналған шақ – күндей күркіреп өткен келешегі Ұлы Отан соғысы болып еді. Ол соғыстың адамзат тарихындағы алатын орнымен қоса, жеке адамдар тағдырындағы іздері ерекше сайрап жатыр. Қазақ әдебиетінде өмірі мен өнері егіз, өзгеше бір жазушылар тобында байырғы партизан Қасым Қайсенов бар десек – оның жазбалары әлгіндей заңдылықтан туған екен”
  • Әди Шәріпов,
  • жазушы
  • Екі елдің, қос халықтың төл баласы атану – ердің ғана сыбағасы, улкен бақыт.
  • Қасымның туған Қазастандағы атақ-даңқы да осал емес, бірақ менің бағдарлауымша, партизандар жетекшісі, жау тылында қас дұшпанға қарсы халық кегін тұтандырушы, көптің күресің уайымдастырушылардың бірі болған хас батырдың туысқан Украинадағы мерейі тіпті биік сияқты.
  • Мұзафар Әлімбаев,
  • ақын
  • ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТЫҢ ЖАРЫҚ КӨРГЕН КІТАПТАРЫ:
  • 1954 жылы Қасым ағаның орыс тілінде «Жас партизандар», атты алғашқы кітабы жарық көреді. Одан кейінгі кездерде «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді. Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге аударылған. Кейінгі кездері «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді. Шығармашылық өмірінде отыз шақты кітап жазып қалдырды. Ол М.Муратовтың "Ломоносовтың жастық шағы", Николай Томанның "Сабылтқан сағым", Мамед Кулизаде Жәлелдің "Почта жәшігі" кітаптарын аударды. Кітаптары орыс, украин, қырғыз және вьетнам тілдеріне аударылды.
  • Асыл апамыз екеуі балаларымен бірге.
  • Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалинмен
  • Переяславтық партизандардың Киевте кездесуінде 1954 жыл
  • Елдің ерен ерлері. Солдан оңға қарай: Қ. Асанов, Қ. Қайсенов, Т. Мұсабаев, Т. Бигелдинов, М. Әлиев, Н. Кузнецов.
  • Жас партизандар
  • 67 бет
  • ...Сарай ішінен айқай – шу шықты, сонсын бажылдаған үрейлі үндер, сынған ыдыстардың сылдыры естілді, солдаттар топырлаған қойдай, есікке ұмтылды. Клубтың кең есігінен сыртқа шығуға жан ұшыра ұмтылған солдаттар сыймай да қалды, бір секундтей олар шырмалып, есік алдына топырлай түсті. Міне, нақ осы кезде оларға пулемет оғы жауып кетті. Пулемет оғы оларды баудай түсірді. Құлағандардың үстін бастырмалата тірілері сыртқа қарай ентеледі. Клуб есігінің алдында көзді ашып жұмғанша солдаттардың көбі өлді және ауыр жарақаттанады, ал қалғандары тұтқынға алынды.
  • Жау тылында
  • 167 бет
  • - Тревога! Тревога! ... - деген қатал дауыс естілді. Блиндаждан жүгіре шықсақ, отызға тарта фашист сомолеттері үстімізге шүйіліп келеді. - Блиндажға!
  • - Жатыңдар! – деген қысқа командалар саңқылдап естіліп жатыр... Солдаттардың кейбіреулері шұқыр жерді, енді біреулері ағаштың түбін сағалап, жата - жата қалысты. Мен де бір ағашқа қарай жүгіріп бара жатып, артыма жалт қарасам, генерал қолында биноклі, блиндаж алдындағы жуан қарағайдың түбінде тұр екен. Сильченко екеуміз алдымыздағы 20-30 метрдей жердегі қарағайға барып жеткенше, жарылған бомбадан айналамыздағы жер сыпырылысып жатқандай болып көрінді.
  • Жау тылындағы бала
  • 65 бет
  • Жау көздеулі жерге келген кезде Константин Иванович ракетницасын ілгері қарай созды да, жауға қарай қызыл ракета тастады. Сол-ақ екен, пулеметтер үн қосты. Бірнеше жерден станкалық пулеметтері оқ боратып жатыр. Атылған пулемет, автомат, винтовка даусына қол гранатасы көмекке келді. Осы бір төрт-бес минут ішінде орман жаңғырып, аспан астын күңірентіп жіберді. Оқ астында қалған жау кейін қарай ойысты. Сол сәтте сол жақтан Вовко аттылары шыға келіп шегінген жауға тап берді.
  • Жау тылындағы бала
  • 17 бет
  • « Анна Ивановна орнынан тұрып қараса, село жақтан көп адамдар қашып келеді екен. Көбінің қолында жас нәресте. Әйелдер, балалар, кемпір мен шалдар. Бәрі де қолдарынан келер қайраты жоқ, қорғансыз жандар. Ажал тырнағынан сытылып шыққандай, екі өкпелерін қолдарына алып, сүрініп-қабынып, жан ұшырып, бассауғалап келеді. Бәрінің іздейтіні тыныштық, бас амандық. Бірақ жау бейбіт елге ол берекені берер емес. Ойрандап, талқандап барады...»
  • Зерттеу жұмысы барысында Өскемен қаласындағы кітапханаларда.
  • Зерттеу жұмысы барысында.
  • Асубұлақ ауылында қарт адамдар аз болғандықтан көп мәлімет ала алмадым. Қасым Қайсеновтың жақын туысқанымен жолықтым. Ол Рақым қарт. Рақым қарт Қасым Қайсеновтың әкесімен бір туысады.
  • Ол кісі бар білгенімен бөлісті. Рақым қарттың айтуы бойынша Қасым Қайсенов соғыста 7 жыл болған. Оның соғысқа кеткендігінен туыстары еш хабарсыз болған. Қасым Қайсеновтан еш хат-хабар болмайды. Ауылына келген кезде балалармен кездесу жүргізіп тұрған көрінеді. Қасым Қайсенов Рақым қартқа өз қолымен екі кітабын табыс еткен. Бұл кітапта Қ. Қайсенов өмірінен сыр шертетін суреттерге толы.
  • Зерттеу жұмысы барысында.
  • Шығыс Қазақстан обылысы Ұлан ауданы Ізғұтты Айтықов ауылында болып қайттым. Ізғұтты Айтықов ауылында Қасым Қайсеновтың атына берілген орта мектеп бар. Бұл ауылда Қасым атамыз оқыған. Қасым Қайсенов тірі кезінде осы ауылға келіп балалармен кездесу өткізіп, ақыл- кеңес беріп отырған.
  • Шығыс Қазақстан обылысындағы обылыстық мұражайында болып қайттым. Мұражайда Қасым Қайсеновке арналған бұрыш ашылған. Бұл жерде Қасым Қайсеновтың кітаптары мен жазбалары, әріптестері мен түскен суреттері жинақталған. Мұражай қызметкерлері маған бар білгендерімен бөлісті. Экскурсияға келген әрбір адамға аламат соғыстың маңызы мен мағынасын түсіндіріп отырмақ. Тамашалаған әрбір жан ойланбай кетпесі анық.
  • Қаламгердің жарыққа шыққан еңбектері.
  • Інісі Түсіпханға жазған ізгі тілегі.
  • Отан үшін отқа да, суға да түскен батыр ұл-қыздарын Қазақстан халқы ешқашан ұмытпайды. Сондықтан да, ерлігі ел есінде мәңгі сақталған даңқты батырымыз – Қасым Қайсеновтің шығармашылығына арналған ғылыми жоба жазушы туындыларындағы ерлік пен патриотизм мәселесін зерделеуге арналды.  
  • Сондықтан да, бүгінгі жас ұрпақ осындай батырдың өмірі мен өр рухын өздеріне үлгі етуі керек. Ұлы Отан соғысының батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, жазушы-партизан Қасым Қайсеновтің қан майданда жүргізген соғыс тактикасы жайын суреттеген «Қасым» атты фильм өте сәтті шыққан. Менің ойымша, бұл жақсы әрі маңызды бастама. Ел арасында «Партизан Вася» атанып кеткен атамызды Украин халқы ерекше құрметтейді. 
  • ҚОРЫТЫНДЫ
  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  • Ғафу Қайырбеков «Алыс та жақын жағалау» 74б
  • Алматы « Балауса» 1992. – 21 б.
  • Әбіш Кекілбайұлы «Алаш айнасы» газеті 6б
  • Әзілхан Нұршайықов, «Ағалар туралы аңыз», 44 б.
  • Қасым Қайсенов. « Жас партизандар» 67 б
  • Cырбай Мәуленов «Саны соқпақ, ұлы жол» 23б
  • Қанат Еңсенов. «Аты аңызға айналған батыр»
  • Қасым Қайсенов. Шығармалары. «Жау тылындағы бала». Алматы: «Атамұра», 2003- 17б.
  • Қасым Қайсенов. Қ 23Жау тылындағы бала. Повестер мен әңгімелер. Алматы: «Атамұра», 2003- 110б.
  • Әбіш Кекілбайұлы «Алаш айнасы» газеті 4б
  • Қасым Қайсенов жинақтары. 3 том, Таңдамалы.
  • Алматы: Атамұра.2011ж 146 б
  • Қасым Қайсенов « Ағалар туралы аңыз» (естелік- әңгімелер)
  • Ш. Күмісбаев. Тұңғыштар. Алматы: «Алматыкітап», 2007.- 208 б.
  • Шығыс жұлдыздары. Энциклопедиялық анықтамалық. 2 том. Астана: Фолиант,2011.-304 б.
  • Бексұлтан Нұржекеұлы. Жүз тұңғыш. Жинақ 2-кітап, Ерте түскен бозқырау. Алматы « Жалын баспасы» ЖШС, 2005.- 269 б.
  • Уалихан Тоқпатаев «Менің замандастарым» 2005ж 295- 303б
  • Марат Мәжитов «Сұрапыл жылдардың шынайы шындығы», «Егемен Қазақстан» газеті, 16 сәуір
  • Дидахмет Әшімханұлы «Соғыстың соңғы сардары», Түркістан газеті 2007 жыл
  • Ғаламтор мәліметтері: www.kazakhadebieti.kz


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет