Орындаған: Мұстафа Жайна Ауытқуды бағалау әдістері



бет1/2
Дата19.09.2024
өлшемі274,3 Kb.
#204720
  1   2
Байланысты:
Стамбекова 7слайд


Орындаған: Мұстафа Жайна
Ауытқуды бағалау әдістері
Орташа мәндер қандай да бір белгінің сандық сипаттамасын бергенімен, олар вариантаның қатарда қаншалықты бірқалыпты таралғаны туралы ақпарат бере алмайды. Мысалы, арифметикалық орталары бірдей екі үлестірімді алып қарасақ, олардың мәндерінің арифметикалық ортадан ауытқу мөлшері бірдей болмауы мүмкін. Ендеше үлестірімге тек орташа мәндер арқылы ғана сипаттама беру жеткіліксіз болады. Осыдан келіп, үлестірімді толығырақ сипаттау үшін оның мәндерінің арифметикалық ортадан ауытқу мөлшерін бағалаудың қажеттілігі келіп туады
Бұл айтылғандарды тереңірек түсіну үшін бақылау тобындағы оқу жылы басындағы және соңындағы эксперимент нәтижелерінің орташа мәндерін, сондай-ақ олардың полигондарын салыстырып көрейік.

Бақылау тобы

Арифметикалық орта

Медиана

Мода

Оқу жылы басында

=14,8

Ме=14

Mo01=14
Mo02=16

Оқу жылы соңында

=15

Ме=14

Mo=14

Полигондардан екі жағдай үшін де арифметикалық орталар шамамен алғанда бірдей болғанымен, екінші үлестірімде нәтижелердің бірінші үлестірімге қарағанда шашыраңқы орналасқанын аңғаруға болады. Осындай жағдайларда екінші үлестірімнің ауқымы үлкен деп айтады.
Вариация құлашы.Вариациялық қатардың ең үлкен вариантасы мен ең кіші вариантасының айырмасы вариация құлашы деп аталады, ол R әрпімен белгіленеді.
Бақылау тобы үшін:
Оқу жылы басында – R=21-9=12;
Оқу жылы соңынд - R=23-8=15;
R=
Вариация құлаштарын салыстыру барысында мынадай қорытынды жасауға болады: дәстүрлі әдістеме бойынша оқыту оқушылардың білім деңгейіне белгілі бір дәрежеде әсер етті, мұнда кейбір оқушылардың білім деңгейі көтерілді, ал кейбірінікі төмендеді.
Алайда, эксперимент нәтижелерінің арифметикалық ортадан ауытқуын сандық тұрғыда бағалау үшін вариация құлашын өлшеуден анағұрлым дәлірек әдістер бар.
Орта ауытқу. Көпшілік жағдайларда ауытқуды бағалау үшін әрбір мәннің арифметикалық ортадан ауытқуларын анықтап алады да, осы табылған барлық ауытқулардың арифметикалық ортасын табады. Бұл мән үлкен болған сайын, мәліметтердің шашыраңқылығы артады және үлестірім әртекті болады. Керісінше, егер осы мән кішірек болса, онда мәліметтер орташа мәнге қарай тығызырақ топтаса шоғырланады және үлестірім соғұрлым біртекті болады. Мұнда әрбір ауытқуларды d=xi-M формуласымен есептейді, сонда олардың таңбалары кейде минус, ал кейде плюс болып шығады да, оларды өзара қосқанда барлық қосылғыштар бір-бірімен жойылып, қосындының мәні нөлге тең болып қалуы мүмкін. Осындай жағдайды болдырмас үшін ауытқулар үшін [xi-M] шамасын алады.
Сонымен, ауытқулардың модульдерінің арифметикалық ортасын орташа ауытқу деп атайды, оны d деп белгілейді:
d =
Топтастырылған қатар үшін: d =
Мысал ретінде бақылау тобының оқу жылы соңындағы нәтижелерін қарастырайық. Есептеулерді кесте түрінде орындаған ыңғайлы болады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет