Кештің тақырыбы: «Жаса, жайна Тәуелсіз Елім-Қазақстаным» 1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған «Жаса, жайна Тәуелсіз Елім-Қазақстан»



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі57,79 Kb.
#92835
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ел бақытын тербеткен тәуелсіздік


Кештің тақырыбы: «Жаса, жайна Тәуелсіз Елім-Қазақстаным» 
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған «Жаса, жайна Тәуелсіз Елім-Қазақстан» атты мерекелік әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы.
Қазақстан ынтымақтастық пен бірліктің нышанындай жарқырап тұр. Туған жеріміз Каспий мен Еділ бойы жазықтарынан шығыста таулы Алтайға дейін, солтүстігінде Ресейден және оңтістігінен Өзбекстан, Қырғыстан елдеріне дейінгі көз тартарлық көркем жерге қанат жайған.
1-жүргізуші: Қазақ елін бір тудың астына жинап біртұтас тәуелсіз ел болу үшін күрескен алаш арыстары еді: Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамбетов т.б. Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды. Алаш ұлдарының арман-тілегі ұлттық сананы оятуда рухани түрткі болды. Олар қазақ елінің дамуы мен өркениетті ел қатарына қосылуының іргесін қалады.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.


2-жүргізуші: Халқымыздың тарихында ерекше орны бар қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған –бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы да айтпақпыз.
1986 жылы 16-желтоқсан Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылын білдіріп шеруге шықты. Олар «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің құқын талап етіп шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.
Әр дәуірдің еркіне сай
Нарқы өзгерген алтынның.
Айналайын, алтын әнім,
Жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын
Шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді
Ел болсақ деп талпындың.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет