Жоспар І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім 2.2 Орташа шама және оның түрлері
2.1 Мода және Медиана
2.3 Өзгерме көрсеткіштері және оны есептеу тәсілдері
Ш.Қорытынды ІV.Пайдаланған әдебиеттер
І.Кіріспе Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған мәліметтерді дұрыс өңдеп, жинақтаудың әлеуметтік – экономикалық және статистикалық тәжірибеде атқаратын рөлі өте жоғары. Бірақ, бұл көрсеткіштер зерттеп отырған қоғамдық құбылыстар мен процестерге талдау жасауға, жиынтық бірліктерін қорытындылауға жеткіліксіз. Кейбір жағдайда осы көрсеткіштер жиынтығының даму, өзгерту ззаңдылығын зерттеу және сол сандық мәндер жиынтығын дұрыс дәлдікпен көрсету үшін және берілген бірліктерді толық қамту үшін бәріне ортақ негізгі көрсеткіштер жүйесі керек болады. Мұндай көрсеткіштер орташа шама әдісі арқылы алынады және оныіқорытындылаушы көрсеткіш деп атайды. Орта шамалар - бұл статистикалық түсінікте бір типті құ- былыстардың бір жиындық сандық белгілерінің қорытынды көр- сеткіштері.
Орта шамаларды анықтаудың мақсаты:
-оқылып отырған көрсеткішке кездейсоқ факторлардың әсе- рін жеңілдету;
-берілген көрсеткішті өрнектейтін қорытынды көрсеткішті анықтау.
Басқаша айтсақ, орта шама - бұл ақпараттың ең қоюланған жері, барлық белгілер жиынының орнына бір-ақ көрсеткіш алы- нады да, ол келесі талдауларда қолданылады, яғни орта шама барлық бақылау қатарының «елшісі» болып есептелінеді.Орта шама үлкен тиянақты көрсеткіш, ол барлық бір өлшем бірліктегі жиын мүшелерін бір орта шамамен сипаттайды. Орта шама әр түрлі мән қабылдағанымен, ол әркімге түсінікті және сенімді. Орта жас, орта бой, орташа өнімділік, орташа түсім, орташа үлгерім және басқа да орта шамалар абстракциялық түсініктер. Бірақ осы көрсеткіштер мәндері әртүрлі аралықта кездесетін көптеген ақпараттардың дәйекті бір тиянақты мәнін сипаттайды және олардың сапалы жағын толық бейнелейді.
Бұған дейін де және қазіргі нарықтық экономикаға өту кезеңінде де статистиканы оқымаған халықтың ортасынан «орта» немесе «орта есеппен» деген ұғымды көптеп естуге тура келіп жүр. Яғни, бұл сөздерді қандай жағдайда қолдана аламыз деген сұрақ – сауалдың тууы мүмкін. Мысалы, бір институтта оқитын студенттердің стипендияларының мөлшерін алатын болсақ, онда орташа шама әдісін қолданудың ешқандай да қажеттілігі болмайды. Себебі, сол жоғары оқу орындағы стипендияның мөлшері барлық студенттер үшін бірдей, тек қана өте жақсы оқитын студенттердікі ғана өзгеше болады. Ал егер жұмысшылардың орташа айлық еңбекақыларын қарастыратын болсақ, онда олардың арасында түрлі себептеріне қарай жалақы мөлшері әркімде әрқилы болып келеді. Мұндай жағдайда барлық жұмысшыларға тәне сандық көрсеткішті есептеу үшін орташа шама әдісі қолданылады