: 2.2 Мода және медиана Статистикада қорытындылаушы көрсеткіштермен қатар өзгермелі белгілердің бөлінуін қосымша сипаттайтын құрылымдық орта шамалар да қолданылады. Оған мода мен медиана жатады.
Мода дегеніміз статистикалық қатарлардың ішінде ең жиі кездесетін белгінің үлкен шамасы, яғни өзгермелі сандық қатарда жиіліктің үлкен мәні жатқан белгі. Егер статистикалық қатардың белгісі бүтін санмен берілсе , сол берілген белгінің ең үлкен жиілік мәні жатқан қатар мода болып саналады.
Егер статистикалық қатарлар белгілерінің ең үлкен жиілік мәні бірдей екі сандық көрсеткішпен берілсе, онда модалық белгі екеу болады. Ал жиілік мәндері бірдей бірнеше белгі берілетін болса , онда модалық көрсеткіш болмайды. Қатар белгілері деңгей аралықты шамамен берілсе, онда еңбірінші ең үлкен жиілігі бар қатар анықталады, одан кейін модалық белгінің деңгей аралығының айырмасы есептеледі, ол модалық қатардың үлкен мәнінен кіші
Статистикада мода Мо -әрпімен белгіленеді және деңгей аралықты қатар берілген болса, келесі формуламен анықталады:
XMo- модалық қатардың деңгей аралығының кіші мәні; dMo –модалық қатардың деңгей аралығының айырмасы; f Mo –модалық қатардың жиілігі; fMo-1—модалық қатардың алдыңғы қатар жиілігі; fMo+1- модалық қатардан кейінгі қатар жиілігі. Медиана дегеніміз статистикалық қатардың ортасында жатқан белгі. Ол қатарды тең етіп екіге бөледі және оның екі жағындағы белгілердің сандық бірліктері бірдей болады.
Медиана статистикада Ме- әрпімен белгіленеді. Егер қатардың белгісі бүтін санмен берілсе, медиананы анықтау үшін белгінің рет санына бірді қосып, шыққан қосындыны екіге бөлеміз, ол келесі формуламен анықталады:
Me= n+1/2,
мұндағы, n-қатар саны
2.3 Өзгерме көрсеткіштері және оны есептеу тәсілдері
Статистикалық өзгерме дегеніміз жиынтық бірліктерінің белгілеріне әртүрлі себептердің әсерінен болған сандық өзгеріс. Өзгерме көрсеткіштерінің жай және салмақталған түрлері болады. Егер сандық қатардың орташа мәні арифметикалық орташа шаманың жай түрімен есептелсе, онда өзгерменің жай түрі қолданылады. Ал жиіліктері бірге беріліп, әр түрлі сандық мәндермен көрсетілетін болса салмақталған түрі қолданылады.
Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар ешуақытта тұрақты болмайды, олар үнемі өзгеріп отырады. Олардың жалпы жиынтықтары әр түрлі сандық көрсеткіштермен сипатталады. Осы көрсеткіштердің ауытқуын анықтауда өзгерменің келесідей негізгі көрсеткіштері есептеледі:
-өзгерменің өрісі; -орташа сызықтық ауытқу; -шашырандылық; -орташа шаршылық ауытқу; -өзгерменің коэффициенті.