ОНҚ=жалпы өнім / егістік жер көлемі
Бір жұмысшының орташа айлығын есептеу үшін жалпы айлық қорды жұмысшылар санына бөледі:
ОНҚ = Жалпы айлық қор / жұмысшылардың саны
2. Арифметикалық және үйлесімдік орташа шамалар
Орташа шамалардың ішінде ең кең тарағаны және көп қолданылатыны арифметикалық орташа шама болып табылады. Арифметикалық орташа шама жалпы жиынтықтағы өзгермелі белгілердің жеке мәндерінің қосындысы болғанда ғана қолданылады. Оның екі түрі бар: жай және салмақталған.
Жай түрі жиынтықта әр белгі тек бір рет кездессе немесе барлық белгілердің жиіліктері бірдей болғанда қолданылады. Оны келесі формула арқылы есептейді:
, мұндағы,
х- орташа шама; х-белгілердің жеке сандық мәндері; n-белгі саны.
Егер жиынтық белгісі бірнеше рет қайталанса, яғни жиілік бірлікткерінің саны берілген болса, онда салмақталған түрі қолданылады. Ол келесі формуламен өрнектеледі:
, мұндағы f-жиіліктің мәндері.
Егер статистикалық топтық қатардың белгілері бүтін емес, деңгей аралықты шамамен берілсе, алдымен деңгей аралығының ортасын тауып алу керек. Оны деңгей аралығының жоғарғы және төменгі мәнін қосып, екіге бөлу арқылы табады. (мысалы, 42-44 аралығының ортасы 42+44/2=43).
Орташа шаманы ықшамдалған тәсілмен есептеу. Деңгей аралықтары бірдей өзгермелі сандық қатарлар берілген болса, орташа шаманы анықтау үшін барлық белгілерді тұрақты бір санға азайтып, одан шыққан шамаларды деңгей аралығының айырма санына бөлу арқылы арифметикалық орташа шаманы ықшамдалған жолмен есептеуге болады.
Үйлесімдік орташа шама (гармоникалық орташа) — орташа шамалардың бір түрі, оны қолдану көбінесе жылдамдық, тиімділік сияқты шамалар арасындағы қатынасты есептегенде қолайлы. Үйлесімдік орташа төмендегі формула арқылы есептеледі:
Мұнда:
• H — үйлесімдік орташа шама,
• n — шамалар саны,
• x_i — әрбір жеке шама.
Үйлесімдік орташа көбінесе шамалардың қосындысы емес, кері шамаларға байланысты есептеулер үшін пайдалы, мысалы, екі объекттің орташа жылдамдығын есептеу кезінде қолдануға болады.Үйлесімдік орташа шама (гармоникалық орташа) — орташа шамалардың бір түрі, оны қолдану көбінесе жылдамдық, тиімділік сияқты шамалар арасындағы қатынасты есептегенде қолайлы. Үйлесімдік орташа төмендегі формула арқылы есеп
Достарыңызбен бөлісу: |