Қазақстан республикасының мемлекеттік туы



Дата13.12.2021
өлшемі13,68 Kb.
#125941
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып 1-бөлім Менің Отаным – Қазақстан Қазақстан Республикасының рәміздері. Ту ДИДАКТИКА
13praktika, Пратикаға күнделік құқықтану22, gidrodinamika umk vrv 21-1

Қазақстан республикасының мемлекеттік туы

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 Әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспандыбейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді. Күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Күн астында қалықтаған бүркіт бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығын білдіреді. Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен кескінделген ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет