«Ертөстік» тобының жылдық есебі



Дата10.07.2020
өлшемі17,02 Kb.
#75049
түріБағдарламасы
Байланысты:
000a8169-1cd43210


«Ертөстік» тобының жылдық есебі

2016-2017 жылғы оқу жылында «Ертөстік» тобына жиырма бала қабылданды. «Ертөстік» тобын балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 шы жылдарға аранлған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бес саламен жұмыс жасалып келеді.Әр саланың өзіндік ерекшеліктері бар.Биылғы оқу жылында тобымызда көптеген ашық сабақтар,тәрбие сағаттары ,мерекелік іс шаралар өтті. Атап өтетін болсақ 1 қыркүйек білім күніне арнап «Сыңғырла күміс қоңырау» атты топта ашық тәрбие сағаты өтті.Бұл сабақ Амангелді ауданының сайтына жарияланды. Қазан айында «Ұздаздық еткен жалықпас» атты тақырыпта ұстаздар күніне арнап тәрбие сағатын өткіздік. Сонымен қатар «Қазыналы қарттар» атты ашық тәрбие сағатын өткіздік.Бұл Амангелді арайы газетіне жарияланып, Амангелді сайтындада жарияланып жарық көрді. 1 желтоқсан Президент күніне арнап топтар арасында көрме ұйымдастырылды.Көрмеге балалармен қатар ата- аналарда атсалып көрме өз денгейінде өтті. 16 – шы Желтоқсан Тәуелсіздік күніне арнап «Тұғырын сенің биікте» атты мерекелік іс-шара өткіздік. Бұл мерекелік іс-шара Амангелді арайына жарияланды. Балалар әрбір іс-шарадан өзіне керекті дүниені жадына сақтап, өздері білетін тақпақтарын,әндерін айтып,би билеп сахнаны жандандыра біледі. Сонымен қатар Жаңа жылдық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жаңа жылдық іс-шараға балалар карнавалдық киіммен келіп,аяз аталарына өлеңдерін,тақпақтарын айтып,билерін билеп сыйлық алып үйлеріне қайытты. Бұл мерекелік іс-шарады Амангелді ауданының кезекті бңр санына жарияланып,сайттада жрияланды.

Балалар Республикалық интернет байқауына қашықтықтан қатысып жүлделі орындарға ие болды. «Мультфильмдердегі менің сүйікті кейіпкерлерім» атты тақырыпта Уадутбек Айлуна сертификат, Әділханова Асыл екінші орын,Қалдыбаева Айлана сертификат,Тарғынбеков Бекжан сертификат ,Қайрат Айсұлу бірінші орынға ие болды. Сонымен қатар «Тәуелсіз елім тұғырын сенің биікте» атты интернет байқауында Әділханова Асыл екінші орын,Бекболат Айару бірінші орын , Тұрғынов Нұралы үшінші орынға ,Оразғалиева Айзере мен Уадутбек Айлуна сертификаттарға ие болды.Наурыз айында «Көктемнің алғашқы мерекесі» атты республикалық интернет байқауында Қайыржан Ерсұлтан сертификатқа ие болы.

Қантар айында Амангелді ауданының 89 жылдығына арналған мастер класс сабағы өтті.Онда балалар өз шығармашылықтарын шыңдай түсті.Су бояумен балалар ақ қағаз бетіне көркейіп келе жатқан ауданымыздың суретін салды. Бұл сабақ сайтқа жарияланды.

Ақпан айының екінші аптасында Білім беру ұйымының ұйымдастыруымен Амангелді ауданында «Біз ағылшын тілін білеміз» атты ағылшын тілі апталығы өткен болатын.Ол апталықта «Жұпар» балабақшасының намысын қорғап барған Әділханова Асыл мен Дінмұхамедқызы Анель жеке грамоттармен марапатталып, 13 топтың ішінен 2 орынға ие болды.Амангелді ауданында ең алғаш ағылшын тілі апталығына қатысқан балалар тізімі деген атпан Әділханова Асыл және Дінмұхамедқызы Анель қызыл кітапқа енді.

Наурыз айында 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арнап топта ашық тәрбие сағаты өтті.Балалар аналарына ,әжелеріне арнап өлең шумақтарын айтып,би билеп,өз қолдарымен аналарына арнап ашық хаттар жасады.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына үш топ бірігіп ,ата-аналарды шақырып, мерекелік іс – шара өткіздік. Балалар қазақтың ұлттық ойыны «Қазақша күрес» , «Арқан тартыс» , «Асық ату» сияқты ойындарды насихаттап көрсетсе, ата – аналарымыз қазақтың салт дәстүрін дәріптеді.

Тобымызда 1 наурыз алғыс айту күніне арнап ашық сабақ өткіздік.Бұнда балалар ата-аналарына, бауырларына,достарына ашық хатпен алғыс айтып ,өз ойларын ортаға салды. Ашық сабақ Учительская плюс газетіне жарияланды.

Мамыр айыныда «Қазақстан ортақ үйіміз» атты концерттік іс-шара өткізілді.Балаларға видео ролик көрсетіп,қандай елдермен шектесініміз туралы мәлімет берілді.Балалар әр ұлттың киімімен би билеп,өнерлерін көрсетті. Бұл іс-шара Учительская плюс,Зеленое яблоко,Амангелді сайтында жарияланды.

Жеңіс күніне арнап «Айгөлек», «Ертөстік» топтары «Жеңісің туы желбіре» атты іс-шара өткіздік.Бұл іс-шарада балаларға қазақ батырлары мен батыр апаларымыз туралы мәлімет берілді. Бұл мақала Амангелді арайы,Училеьская газеті,сайтта жарияланды.

Мамыр айында «Ертөстік» тобында «Қош бол жылы ұя» атты ертеңгілік өтті.Биылғы оқу жылында

Балабақшамыздан жалпы білім беретін мектепке он алты тәрбиеленушіні шығарып салдық.Ертеңгілік барысында кішкентай бүлдіршіндер білім беру саласының бес саласы бойынша білімдерін бекіте отырып,өз өнерлерін ата-аналарына паш етті. Бұл мақала Учительская плюс,Амангелді арайы газетіне,сайтқа жарияланды.



Осы оқу жылының аяғында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Алтын сақа» сайысы өтті.Бұл сайысқа үш бала апардық. Бірлік Жалғас бірінші орын,Тұрғынов Нұралы екінші орын, Қалыбек ұлы Мәди үшінші орын сияқты жүлделі орындармен оралды.

Сонымен қатар Аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Түйме қыз» байқауы өтті. Бұл сайыста екі тәрбиеленушімде құр келмеді қанжыларына Аманжолова Жанерке бірінші орын,Оразғалиева Айзере екінші орынды иеленіп келді. Бұл екі байқаудында мақсаты жас ұрпаққа қазақтың салт-дәстүрін насихаттап, қазақтың көнеден келе жатқан асық ату салтын дәріптеу болып саналса,қыз баланың инабатты,ибалы болуына бағыт бағдар беру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет