Сабақ тақырыбы: Сөзжасам



Дата26.08.2017
өлшемі38,13 Kb.
#27888
түріСабақ
Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қоянды орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Хожа Динара
Сабақ тақырыбы: Сөзжасам

Сабақтың мақсаты: 1) Фонетика тарауынан алған білімдерін қайталап , бекіте отырып, сөздердің жасалу жолдарын меңгерту.

2) өз бетінше жұмыс істеуге ықпал ету;

3) бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: А3 қағазы, слайд, үлестірмелер

Пәнаралық байланыс: сурет, музыка, жаратылыстану.

Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру. Кезекшімен сұқбат.Оқушыларды түгендеу. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Ә) Өткен сабақты еске түсіру.

-Балалар, біз өткен сабақтарда тіл білімінің үлкен бір саласы «Фонетика» тарауын оқып үйрендік. Осы бөлім бойынша білімдеріңізді еске түсіріңіздер.

1.Фонетика бөлімі нені зерттейді?

2.Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ата.

3.Буын және оның түрлерін ата.

4.Екпін және оның түрлері?

5.Тасымал дегеніміз не? Қандай жағдайларда тасымалдауға болмайды?

І. Қызығушылықты ояту.

«Ой шақыру»

Қазір мен әр топқа жеке-жеке тапсырма беремін. Берілген қағазға бұрыннан білетін мәліметтеріңді жазасыңдар.


І топ – «Сөз»

ІІ топ – «Сөздердің жасалуы»

ІІІ топ –«Түбір»

ІV топ –«Қосымша »

Әр топ өз ойларын қағазға түсірген соң, әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, қорғайды. Сонымен, сөз қосымша арқылы жасалады. Түбір дегеніміз сөздің ең түпкі бөлшегі, ал қосымша сөзге жалғанатын бөлшек деп ойымызды қорытындылап алайық.

ІІ.Мағынаны тану. (Жаңа тақырыпты түсіндіру).

Қазақ тіл білімінің келесі бір үлкен тарауы «Сөзжасам» деп аталады. Бүгінгі сабағымызда біз осы тарауды бастап оқып, танысатын боламыз.

Сабағымыздың мақсаты: Сөздердің жасалу жолдарын меңгеру.

Тақтадағы слайдпен жұмыс жасаймыз.

Ендеше, тақтаға қарайық. Қазақ тіліндегі сөздер тек бірыңғай түбірден ғана тұрмайды.Тіліміздегі сөздер түбір сөздер және туынды сөздер деп екіге бөлінеді.


Түбір сөздер

Туынды сөздер













Жұрнақ арқылы

Бірігу арқылы

Қосарлану арқылы

Тіркесу арқылы

Жер

Жұмыс


Еңбек

Жас


Ақ

ой


Жершіл

Жұмыскер


Еңбекшіл

Жастық


Ақта

ойла


Еңбекақы


Жасұлан

ақбөкен


Жер-су


Жер жүзі

Жұмыс басты


Түбір сөз дегеніміз сөздің ең түпкі бөлшегі. Мысалы: жер, жұмыс, еңбек, жас, ақ, той деген сөздерді ары қарай бөлшектеуге келмейді.

Ал, туынды сөздер жұрнақ жалғану арқылы, бірігу, қосарлану , тіркесу арқылы жасалады .
Оқулықпен жұмыс. 355- жаттығу. Түбір сөздерді бір бағанға, туынды сөздерді екінші бағанға теріп жазады.

Әр топқа бағалау парағын беремін. Топ басшылары топтағы оқушылардың білімін бағалайды.

Сергіту сәті.Слайд. «Табиғат - Ана»

Осындай тамаша табиғаттан алған әсерімізбен сабағымызды қорытындылайық.



ІІІ.Ой толғаныс. Шығармашылық тапсырма.

І топ. Мәтінді оқып, мазмұнына сәйкес сурет салу.

ІІ топ. «Сөзжасам» сөзіне 5 жолды өлең жазу.

ІІІ топ.Суреттерге қарап , түбір және туынды сөздер жасаңдар.

ІV топ. «Табиғат - алтын бесігім» эссе жазу.

-Сонымен, Сөзжасам дегеніміз не болды?

-Қазақ тіліндегі сөздер құрамына қарай нешеге бөлінеді?

-Туынды сөздер қалай жасалады?



ІV.Бағалау.

Бағалау парағы бойынша оқушылардың бағаларын қарап , қаншалықты дұрыс бағаланғанын анықтап, нақты бағаларын қоямын.



V.Үй тапсырмасы.Үйде 357-358 жаттығу .Түбір және туынды сөздерді құрамына қарай талдау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет