№1 дәріс Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет1/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі
10 сабақ. Жердің жасанды серігінің қозғалысы, реферат ХИМИЯ, 92443482, 2 лек Сұраныс пен ұсыныс талдауы (копия), Арал проблемасы ғылимй мақала Джолдасбаева (копия), Конститутция 3 сөж. Мелдебек Дана, Үлгілік оқу бағдарламалары kaz.


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ 
 
 
№1 - дәріс 
 
Тақырыбы:
 Сөзжасам – қазақ тіл білімінің жеке саласы
Мақсаты:
Қазіргі қазақ тілі курсының құрамдас бөлігі сөзжасамның жеке 
сала ретіндегі мақсатына сай зерттеу нысаны мәселелеріне тоқталу, түсіндіру; 
сөзжасам саласының қазіргі кездегі зерттелу жайымен таныстыру; сөзжасамның 
тілдің басқа салаларымен байланысына және арақатынасына тоқталу.
Негізгі ұғымдар:
сөзжасам терминдері, деривация, тарихи сөзжасам
сөзжасам жүйесі, жаңа сөз тудыру, туынды сөз, сөзжасау үдерісі, сөзжасамдық 
құбылыстар, сөздің сыртқы тұлғасы т.б. 
Дәріс жоспары:
1.Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамдық тәсілдер. Сөзжасамның синтетикалық 
тәсілі 
2. Сөзжасамның аналитикалық тәсілі 
3. Лексика – семантикалық сөзжасам тәсілі 
 
Дәріс мәтіні
Тілдің сөздік қоры, сөздік құрамы үздіксіз бойын толықтырып отырады. 
Жаңа атаулардың, туынды сөздердің пайда болуы қай тілдің болмасын ішкі 
мүмкіндігі мен сөзжасам заңдылықтарына тікелей байланысты болады. Жаңа 
сөз туғызу әрі тарихи, әрі табиғи процесс. Біз сөзжасам, яғни жаңа сөздердің 
жасалуы көнеден келе жатыр дедік, ендеше амал-тәсілдер де көне. Сол себепті 
сөзжасам процесі сөздердің жасалу амал-тәсілдері бар. Тілдегі сөзжасам 
тәсілдерінің түрлілігін біз пайдаланып жүрген сөздердің тұлғасынан, 
мағынасынан аңдалатын ерекшеліктерден көреміз. Мысалы: Ай, күн, күл, күт, 
күс, күндік, еңбеккүн, күншіл, күнкөріс осы сөздердің тұлғалық өзгерісінің өзі 
ешбір сөзжасамдық талдау жасамай-ақ сөздердің қалыптасу, даму дәрежесінің 
бірдей еместігін көрсетеді. Алайда, бұл топшылауымыз сөзжасамдық талғауға 
негізделмеген, ғылыми емес. 
Сөзжасамның амал тәсілдері мол. Сөзжасам тәсілдері кешенді, жүйелі 
құбылыс. Академиялық грамматикада мынадай анықтама бар: «Тілдің өз 
жүйесіне лайық жаңа сөз жасаудың заңы ретінде қалыптасқан белгілі 
амалдарын сөз тудыру тәсілдері деп атайды». Мұнда дәстүрлі тәсілдерден 
морфологиялық - синтетикалық, синтетикалық - аналитикалық қана 
көрсетілген. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» монографиясында (1989) 
сөзжасам тәсілдерінің үш түрін көрсетеді. А.Салқынбай қазақ тіл білімінде 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет