Сөзжасам Орындаған: Садуақас Қастерлім Ттексерген: Кенжеғұлова Фарида Жоспары: Сөзжасам туралы түсінік



Дата18.10.2022
өлшемі16,87 Kb.
#153601
Байланысты:
Сөзжасам


1. Сөзжасам туралы түсінік. Сөзжасам тәсілдері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Сөзжасам

Орындаған: Садуақас Қастерлім

Ттексерген: Кенжеғұлова Фарида

Жоспары:

1.Сөзжасам туралы түсінік.

2. Сөзжасам тәсілдері.

3.Сөзжасамдық бірліктер.

Сөзжасам туралы түсінік

Сөзжасам – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына – атаудың кешенді бірлігін қарастырады.

Сөзжасамдық тәсілдер

1.Семантика-фонетика – кей дыбыстардың сәйкесуі нәтижесінде жаңа сөз жасау мүмкіндігі;

2.Семантикалық сөзжасамдық – сөз тұлғасы өзгермей-ақ, жаңа мағыналы туынды сөздің жасалуы;

3.Семантика-синтетикалық сөзжасамдық – негізге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы екіншілік мағынаның туындауы;

4.Семантика-аналитикалық – негіздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті

Сөзжасамдық бірліктер

Сөзжасамның жүйелілігі оның кешенді бірліктерінің болуымен байланысты. Сөзжасамның кешенді бірліктері мыналар: Сөзжасамдық тұлға, Сөзжасамдық ұя, Сөзжасамдық мағына, Сөзжасамдық үлгі, Сөзжасамдық қалып, Сөзжасамдық тізбек, Сөзжасамдық жұп, Сөзжасамдық саты, Сөзжасамдық тарам, Сөзжасамдық байланыс. Сөзжасамдық тұлғалардың бір-бірімен түрлі тәсілдер негізінде бірігуі, қосарлануы, жалғануының өзіндік ішкі заңдылығы болады, ол сөздердің синтагматикалық байланысу жүйесі негізінде іске асады. Әрбір Сөзжасамдық тұлға кез келген Сөзжасамдық тұлғамен жалғанып не қосарланып кете алмайды. Сөзжасамдық тұлғалардың жаңа мағына жасауы – күрделі процесс.

Қорытынды

Қорыта келгенде, тілдің сөзжасам жүйесі көне замандардан бері қарай үнемі дамып, күрделеніп, қазір әбден қалыптасқан, бірақ ол даму тоқталады деген сөз емес. Тілдің сөзжасам жүйесі бірден өзгеріп кетпейтін құбылыс болғандықтан, оны біршама тұрақты деп санағанмен, ондағы болып отырған үздіксіз даму, сандық өзгеріс ретіндегі жылдамдық оның әр саласының қызметі әр дәуірде құбылып тұратын жоғарыда анық байқалды. Ұзақ уақыт ішінде өзгерістен өтіп, әбден қалыптасқан қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесі бар, ол өмірде пайда болған барлық жаңа заттарды, жаңа құбылыстарды, жаңа ұғымдарды атауды қамтамасыз етеді, сол үшін қызмет етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы.-Алматы,2002

2.Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999

Назарларыңызға рахмет!
http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет