№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет3/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі
10 сабақ. Жердің жасанды серігінің қозғалысы, реферат ХИМИЯ, 92443482, 2 лек Сұраныс пен ұсыныс талдауы (копия), Арал проблемасы ғылимй мақала Джолдасбаева (копия), Конститутция 3 сөж. Мелдебек Дана, Үлгілік оқу бағдарламалары kaz.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 

бола алатындығын көреміз, ал бір сөзжасамдық үлгіде бірнеше сөзжасамдық 
тип жоқ. «Сөзжасамдық үлгі» туынды сөздердің нақты жасалу үлгісі» деп 
көрсетіледі. Жоғарыда аталған монографиялық еңбекте (Қазіргі қазақ тілінің 
сөзжасам жүйесі, А,. 1989, 62-636). 
Қазақ тілі үшін сөзжасам жүйесінде туынды лексикалық мағыналы жаңа 
сөздің морфемдік құрамында түбір+жұрнақ үлгісінде бір сөз тудырушы 
жұрнақтың жалғануы қалыпты жүйе болса, (Мысалы, етікші, жалшы, талапкер, 
қалалық т.б) екі немесе одан да көп сөзтудырушы жұрнақтың жалғануы да 
заңды құбылыс. Мысалы: бай+лан+ыс+тыр+у+шы (5 жұрнақ). Синтетикалық 
тәсіл арқылы пайда болған жаңа туынды сөз сөзжасамдық тип және 
сөзжасамдық үлгі мәселесімен тікелей байланысты. Екіншіден, туынды жаңа 
сөз атаулының бәрі уәжділік (мотивациямен) және сөзжасамдық мағынамен 
байланыста қаралуы керек. Сондықтан осы мәселелерді синтетикалық тәсіл 
қызметімен байланыстыра қарасақ, мыналарға көңіл бөлген жөн. 
1. Сөзжасамдық түбір сипаты 
2. Сөзтудырушы жұрнақ сипаты 
3. Сөзжасамдық тип 
4. Сөзжасамдық үлгі 
5. Сөзжасамдық уәжділік 
6. Сөзжасамдық мағына сияқты құбылыстар жарыса қолданылады. 
Қорыта айтқанда, қарастырылған екі сөзжасамдық тәсілдердің көкжиегі 
кең, ішкі жолдары күрделі, қазіргі қолданыста белсенділік танытады. Әрбір 
сөзжасамдық тәсілге қатысты қолданылатын арнайы терминдер қатары мол. 
Аналитикалық тәсіл 
Қазақ тілінде туынды лексикалық мағына, яғни жаңа туынды сөз 
аналитикалық тәсіл арқылы жасалады. Мысалы: жиырма бес, қолүздік, кәдесый, 
бозторғай, отауүй, оң жақ, аға-іні, аман-есен, АҚШ, БҰҰ. Аналитикалық 
мәселесі түрік тілдері үшін ғылыми проблемалық сипат алғаны белгілі, себебі 
жалғамалы тілдердегі сөздер құрамы тек синтетикалық тәсілмен өзгереді деген 
пікір басым, доминант. Шындығында, бұл тәсіл көне. Сөзжасамдық тұлға ең 
кемі 2 түбір морфемадан тұрады да, олар бірде бірігіп, бірде тіркесіп, бірде 
қосарланып бір жаңа туынды лексикалық мағынаны білдіреді. М: онкүндік, 
қырықжеті, сегізаяқ, мекенжай, бас маман, зейнетақы. Қазіргі сөзжасамдық 
үрдісте сөзтіркесім, сөзқосылым, сөзбірігім, сөзқысқарым деген терминдер 
қалыптасып келеді, сонымен бірге сөздердің бірігуі арқылы, тіркесуі арқылы, 
қосарлануы, қысқаруы арқылы туынды сөздер жасалады деп те айтылады. 
Лексикология нысанасы болып жүрген тұрақты тіркестер де сырттай ұқсас, 
қызметі жағынан жаңа мағынаға ие. Бірақ мұнда образдық, бейнелеушілік сипат 
басым, сондықтан ол номенклатуралық аталымдар мен күрделі зат есімдерден 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет