№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет2/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі
10 сабақ. Жердің жасанды серігінің қозғалысы, реферат ХИМИЯ, 92443482, 2 лек Сұраныс пен ұсыныс талдауы (копия), Арал проблемасы ғылимй мақала Джолдасбаева (копия), Конститутция 3 сөж. Мелдебек Дана, Үлгілік оқу бағдарламалары kaz.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 

сөзжасамның сөз тудыру тәсілдері мынадай деп көрсетеді. (Тарихи сөзжасам
А., 1999, 226) 
1. Фонетика - семантикалық тәсіл 
2. Семантикалық (конверсиялық) тәсіл 
3. Синтетика-семантикалық тәсіл 
4. Аналитика-семантикалық тәсіл 
Кейбір зерттеушілер кірме сөздерді сөзжасамның лексикалық тәсіл деп 
есептейді. (С.Исаев, Ғ.Жексенбаева). Кірме сөздер сөзжасам процесіне негізгі 
сөзжасам тәсілдері мен үлгілері бойынша сөзжасам процесіне қатысуы даусыз.
Ал Ғ.Жексенбаева айтқандай негізгі "заңдылықтардың аясында" (Ғ.Ж. 12, 13 
б) болуы мүмкін емес. Кірме сөздер сөзжасамдық тәсіл бола алмайды дегенде, 
біріншіден, оның туынды сөз жасайтын өзіндік сөз қалыбы жоқ, екіншіден ол 
жаңа сөз жасау үшін тек материал ғана бола алады, үшіншіден сөздік қорға ене 
алмайды деген сияқты дәлелдер келтіреді. Қазақ сөзжасамының теориясына 
сүйенсек, қазақ тілінің құрылысына тән мынадай үш тәсіл: 
1. синтетикалық тәсіл 
2. аналитикалық тәсіл 
3.лексика-семантикалық 
тәсілдер 
сөзжасам 
тәсілдері 
болып 
танылады. Олай болса, осы үш тәсілге тән қызмет пен сипатты 
қарастырайық. 
Синтетикалық тәсіл 
Мұндай деректерге қанықсыздар, оған көне түркі ескерткіштерінің бірі 
Орхон -Енисей жазба ескерткіштерінің тілі дәлел бола алады. Осы тәсіл арқылы 
жасалатын «түбір және қосымша» үлгісіндегі жаңа туынды сөзді сөзжасамдық 
сипатта тану үшін біз сөзжасамдық үлгі түсініктерін қоса қарастырып кетейік. 
Сөзжасамдық үлгі модель, қалып деген үғымдар бар. Үлгінің сөзжасамдық 
типке қарағанда ауқымы тар. Сөзжасамдық типке жалпылық тән. Сөзжасамдық 
үлгі туынды сөздердің нақгы жасалу үлгісі. Мысалы, жас+а, мөлдір+е, қина 
туындыларын алайық. -а, -е жұрнағы арқылы жасалған туындылар бір 
сөзжасамдық типке жатады. Ал жасалу үлгілері бірдей ме? 1. Жоқ, жаса, мөлдіре 
дегенде түп негіздер дыбыстық құрамы өзгеріссіз. 2. Үшінші мысалда қиын+а 
түп негіздегі қысаң дауысты сақталмаған . екінші жағынан келсек: 1. Туынды 
бір буынды негізгі түбір сын есімге -а жұрнағының қосылуы арқылы жасалған, 
ал 2. Туынды сөз туынды түп негізден жасалған. 3. Алдыңғы екі жағдайға 
қарағанда түп негіз құрамы толық емес. Ал, ұза, түзе дегендегі түп негіздер 
жоғарыда айтылғандар сияқгы бір типке жатқанмен, жасалу үлгісі бөлек. Мұнда 
түп негіз жеке қолданылмайтын сөздер дәрежесінде танылады. Басқаша айтсақ, 
өлі түбірлер деп тану керек. Олар сөзжасамдық жұрнақтың кез келген түрімен 
қолданылып, жаңа туынды сөз жасай бермейді. Демек, бір сөзжасамдық үлгі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет