25 билет әдебиеттану Көне грек ойшылдарының сөз өнері хақындағы эстетикалық танымы



бет1/2
Дата16.12.2022
өлшемі17,47 Kb.
#163027
  1   2
Байланысты:
25 билет әдебиеттану


25 билет әдебиеттану
1.Көне грек ойшылдарының сөз өнері хақындағы эстетикалық танымы:
«Эстетикалық» деген түсініктің өзі синкретті сипатта болды. Олардың түсінігінде көркем шығармашылық пен күнделікті өмірде адамгершілікке сай іс істеу, адамдар арасындағы дұрыс, маңызды қатынастар эстетикалық қасиеттер ретінде қабылданды. Сондықтан да өнер өмірдеп мәнді рухани қажеттіліктер үшін қызмет етті. Ол қажеттіліктер құқықтық санадағы азаматтарды тәрбиелеу, отанын қорғайтын жауынгер азаматтарды тәрбиелеуге негізделген болатын. Сөз өнері жайлы топшылаулардың туу тарихын, жалпы неге тән қасиет хақындағы қағидалардың қалыптасу тарихын әдебиет пен өнер зерттеуші ғалымдар біздің дәуірімізден бұрынғы 6 ғасырдан, яғни Пифагор тұсынан бері қарай қарастырып, жүйелейді. Адам баласының көркемдік талғамының алғашқы белгілері грек цивилизациясынан ондаған ғасыр бұрын Нил мен Нигер, Хуанхэ мен Янцзы, Инд мен Ганг, Тигр мен Евфрат жағалауларын мекендеген көне халықтардың рухани өмірі мен өнерінен пайда болған. Аристотель еңбегінің құндылығы да тарихта тұңғыш рет дұрыс және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердің қоғамдық маңызын анықтап ашуында. Аристотельдің эстетикалық принциптерінің ең түйінді тұсы: өнердің мақсаты – ақиқатты тану, ал ақиқатты тану жолы – адамның мінезі мен ісін суреттеу деген даналық қағидасы.
2.Абай аудармаларының поэтикалық ерекшеліктері:
Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең бірінші аудармасы - орыстың атақты ақыны Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы - «Вадим» атты Лермонтовтың ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэма. Абайдың аудармаларының характеріне жалпы шолу жасасақ, жоғарғы ақындардың ол кез келген өлеңдерін аудара бермеген, таңдап, талғап аударған. Абайдың аударған өлеңдері не адамгершілік тақырыбына байланысты жаман мінез-құлықты шенеу, жақсылыққа үндеу, не патриоттық үлкен идеяны көксеген өлеңдер, не терең ой, философиялық, не үздік көркем өлеңдер болып келеді. Абайдың аударма өнерінде де жаңалық мол. Абай аудармалары шығарманың контексті мен подтекстін мейлінше терең түсінгендік-ті және соны қазақ үғымына жат етпей, мейлінше жатық етіп бере білушілікті танытады. Абай аудармалары тілімізді байыта түсті. Жаңа үғымдар, тың теңеулер, эпитеттер, соны сөз орамдарын, сөз айшықтарын туғызды. Поэзиямызда жаңа ырғақ, жаңа әуен пайда болды. Ойлаудың бейнелі жаңа түрлері шықты. Абай Құнанбаев орыстың Крылов, Пушкин, Лермонтов сияқты ұлы ақын-жазушыларының шығармаларын аударды. Аудара отырып олардан рухани нәр алды, өлең жазудың шеберлігін, сөз сараптаудың, ойды бейнелеп айтудың асқақ та нәзік үлгілерін үйренді. Абайдың кезінде өзі сусындаған, нәр алған орыс халқының классиктерін ана тіліне аударып, өз халқына паш етуі үлкен рухани қажеттіліктен туған іс еді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет