Дәріс 1 Мінез-құлық эволюциясы, ынта және оның әсері Мінез-құлықтың шығу тегі, факторлары, мінез-құлықты анықтау актісі, мінез-құлықты қалыптастырудағы ынтаның ролі



Дата21.07.2017
өлшемі213,3 Kb.
Дәріс 1

Мінез-құлық эволюциясы, ынта және оның әсері

Мінез-құлықтың шығу тегі, факторлары, мінез-құлықты анықтау актісі, мінез-құлықты қалыптастырудағы ынтаның ролі
Жануарлардың мінез зерттеу бойынша ғылыми бағыттар 18 ғасырда натуралистердің жұмысынан бастау алады, мысалы Уайт (1720-1793) және Леруа (1723-1789), бірақ жануарлардың мінез құлқын зерттеу бойынша бағыттың негізін салушы Чарлз Дарвин (1809-1882) болып саналады. Дарвин этологияның дамуына үш бағыт бойынша әсер етті. Біріншіден, оның табиғи жолмен сұрыпталу теориясы жануарлардың мінез құлқын эволиюциялық тұрғыдан қарауға негіз болды. Бұл заманауи этиологияның маңызды аспектісі болып табылады. Екіншіден, Дарвиннің инстинктке деген көзқарасы дәстүрлі этологияның негізін қалаушылардың көзқарасының дамуына негіз болды. Үшіншіден, Дарвиннің мінез құлықты бақылауындағы адамдар мен басқа жануарлардың эволюциялық бірліктегі ерекшеліктеріне негізделген.

Жануарлардың мінез құлқын дәстүрлі жолмен психологтар зерттеді, ол үшін зертханалық жануарларды пайдаланды. Бұл жағдайда тәжірибелік жануарларды алынатын ақпаратты бақылауға толық мүмкіндік туады. Психологиядық бағыт тума пайда болған, яғни реакция тәжірибесіне тәуелсіз мінез құлықты есепке алмады. Сондай ақ жануардың өзіне тән табиғи ортаға бейімделуінің негізінде жатқан мінез құлқының зертханалық жадайда көрініс бермеуі есепке алынбады. Осы екі қателіктің зоологтар дарвиннен кейінгі кезеңде орнын толтырды, олар аңдардың мінез құлқын эволюциялық көзқарас бойынша зерттей бастады.

Ең басты здгеру жануарлардың мінез құлқын белгілі бір түрдің анатомиялық және тұқым қуу ерекшеліктері табиғи сұрыпталу барысында қалыптасатын белгілердің бірі ретінде қарастырылуында болды. Зоопсихолог эволюционистер инстинкті мінез құлқы, рефлекске, яғни қоздырғыштарға жай жауап ретінде ғана емес, одан күрделі туа пайда болған бағдарламалармен анықталады деген пікірді алға тартты. Олар рецепторлық механизмдердің белгілі бір инктинктті әрекетті туғызатын дәм сезу, көру, сипап сезу т.б. қатысатын құрылымдармен байланысты екенін және оларды жүзеге асыру үшін күрделі қозғалыс координациясы қажет екенін анықтады. Инстинкттік жауапты туғызатын орта стимулы рефлекторлық реакцияны туғызатын орта стимулынан күрделі екенін анықтады. Әдетте ол оптикалық, дыбыстық, химиляық қоздырғыштардың қосылуымен байланысты. Жануардың белгілі бір инстинктті әрекетін жасау үшін оның ішкі жағдайына сай келетін мотивация қажет деген гипотеза пайда болды. Механикалық көзқарас тұрғысынан инстинктті реакцияны түсіндіретін теория ұсынылған болатын.

Жануарлардың мінез құлқының биологиялық негізін зерттейтін қазіргі ғылым этология деп аталады. Оның негізін қалаушысы Нобель сыйлығының лауреаты Конрад Лоренц (1903-1989) пен Николас Тинберген (1907-1989). 1930 жылы австрия зоологы К.Лоренц өз теориясын ұсынды. Оның пікірі бойынша жануарлардың инстинкті Фиксацияланған әрекеттердің кешені ФӘК деп аталатын туа пайда болатын тұқым қуалаушылықтың негізін құрайды. Мұндай ФӘК әртбір жануар түрінде өте көп болуы мүмкін, және оның көпшілігі тек осы түрге ғана тән болуы мүмкін. Түрге тән сипаттар әсіресе жыныстық мінез құлыққа тән, өйткені анатомиялық, физологиялық және цитологиялық белгілермен қатар олар жануарлардың өзінің спариваниесін қамтамасыз ету үшін пайда болған.

Лоренц ФӘК физиологиялық және қозғалу сияқты орталық жүйке жүйесінің жіберетін реакцияларының нәтижесі деп болжам жасады. Ол әрбір ФӘК үшін арнайы орталық болады деп тұжырымдады, онда әрекеттің арнайы потенциалы жинақталады. Бұл белгілі бір мінез құлық актсін жүзеге асыруға деген тенденция немесе склонность ретінде қарастырылуы мүмкін. Ол қашан жүзеге асырылған кезде потенциалдың қандай да бір бөлігі жұмсалады деген қортынды жасады. Бұл потенциалдың үздіксіз қызмет етуіне қандай да бір күш тосқауыл жасайды. Бұл механизм жеткілікті стимуляция болмаған жағдайда мінез құлықтың үздіксіз орындалуын ескертіп қана қоймай, сонымен қатар арнайы әрекет потенциалының біртіндеп жиналуына мүмкіндік береді.

Сонымен Лоренц теориясы бойынша сыртқы қоздырғыш сигнал, мысалы дыбыс, иіс, немесе көру тума пайда болған механизмді активтендіруге қабілетті рұқсат ететін сипаттамасының болуы. Бұл активацияның нәтижесі ФӘК болып табылады. Мысалы, жұмыс бал арасы тозаң жинауға деген арнайы әрекет потенциалы қалыптасқанда ғана фуражировкаға ұшып кетеді. Белгілі бір гүлдің түсі, иісі және түрі ара үшін көру және химиялық қоздырғыштардың сигналы болып табылады да, ФӘК іске қосылады, сөйтіп тозаң жинауға кіріседі.

Лоренц зерттеген инстинктті мінез құлықтың көпшілігі түрлі дарақтарда түзілетін немесе жіберілетін ФӘК серияларымен қоғамдық өзара байланысты, яғни белгілі бір реттілікпен жүзеге асып, қандай да бір арнайы қызметтің жүзеге асуына әкеледі. Мысалы, бір дарақтың бір ФӘК оның партнері үшін қоздырғыш сигналы болып табылады және оның сәйкес ФӘК туындауына ықпал етуі мүмкін. Мұндай әрекеттер күрделі сондай ақ кеәде жалғаспалы ритуалға, яғни биологиялық маңызды нәтижеге әкеледі, мысалы ұрықтану сияқты. Мұндай ФӘК өзара туындауы балықтар (колюшек) мен құстардың (үйрек) некелесуіне мұрындық болады.

Жануарлардың мінез құлқы бойынша қазіргі зерттеулерде алғашқы этологотардың қаперіне кірмеген концепциялар мен бағыттардың кең спектрі қолданылады. Олардың маңыздыларының бірі келесілер:

Мінез құлық филогенезі. Дәстүрлі этологияға жақын тұрғанының бірі филогенетикалық, яғни жануарлардың мінез құлқының эволюциялық аспектісі. Жануарлардың қазба қалдықтарын жануарлардың мінез құлқын анықтауда пайдалану тек жанама қорытынды береді. Оларға құрылымдық және инстинкттік эволюциясы арасында зерттеу жүргізу практикалық тұрғыдан мүмкін емес.Дегенмен этологтар жануарлардың жақын туыстарының арасында салыстырмалы зерттеу жүргізу нәтижесінде белгілі бір қорытындылар жасауға болады деп есептейді. Бұл бағыт мынадай екі бағытқа негізделген. Біріншідер, жануарлардың бір түрінде басқаларына қарағанда инстинкт тез эволюциялануы мүмкін, екіншіден, инстинктті мінез құлықтың жеке аспектісі бір түрде басқа түрге қарағанда жылдам эволюциялануы мүмкін. Нәтижесінде бір біріне токсономиялық жақын түрлерде кейбір прогрессивті, сондай ақ примитивті мінез құлық белгілерін байқауға болады. Бірінші бағытты зерттей отырып басқа түрлерге тән эволюциялық тұрғыдан дамыған кейбір белгілерді байқаауға болады, және этоклин деп аталатын мінез құлықтың филогенетикалық дамуының тенденциясын зерттеуге болады.

Осындай салыстырмалы талдаулардың нәтижесінде эволюция барыында пайда болған бал арасының биін жайлы ақпарат алуға мүмкіндік берді. Бұл би арқылы бар арасы басқа жұмыс араларына оның азығының көзі жайлы ақпаратты, сондай ақ оның ара қашықтығы жайлы ақпаратты бір біріне тасымалдауға мүмкіндік береді. Ал кейбір примитивті тропикалық аралар мұндай ақпаратты азық көзі мен колония арасында қалдырған белгілер арқылы береді, оларда би болмайды. Коммуникацияның осындай қарапайым тәсілдерін зерттей отырып зоологтар бал арасының күрделі биінің мағынасын түсінуге мүмкіндік алды.

Коммуникация. Коммуникация деп адамдар арасында тіл арқылы байланысты түсінсе, жануарларда дыбыстық сигналдар алмасуын айтады. Жануарларда коммуникациялық әрекет белгілі бір дарақтың өте маңызды ақпаратты жеткізу, ал басқаларында оған адекватты реагировать ету сияқты тума қабілетінің арқасында жүзеге асырылады. Мұның мысалы ретінде күміс түсті шағалалардың өз балапандарымен общениесін айтуға болады. Жаңа ғана жарып шыққан балапан ата анасының тұмсығының маңындағы қызыл дақты шоқиды. Бұл реакция ересек шағаланың аузындағы асын балапанына салуға стимул болады. Бұл жерде сигналдық қоздырғыш арқылы ақпараттың екі жақты алмасуын көруге болады.

Жануарлардың коммуникациясында тек есту, көру және сезу ғана емес, сонымен қатар химиялық стимул да маңызды орын алады. Олар сула немесе ауалы ортады таралып, сезу және дәм сезу рецепторлары арқылы қабылданады. Химиялық қрамы әртүрлі заттардың бөлінуі арнайы кең спектрлі ақпараттың тасымалдануына мүмкіндік береді.

Көптеген химиялық сигналдар өз дарақтарын өзіне көңіл аударуы үшін қызмет атқарады. Жануарлар арқылы бөлінген мұндай химиялық заттар өз түрінің дарақтарының мінез құлқын өзгерту мақсатында бөлінеді, оларды сртқы әрекеттің гормоны деп қарастырады. Оларды феромондар деп атайды.

Феромондар жануарлар өмірінді маңызды рөл атқарады, әсіресе төменгі сатыдағы дыбыс сезу немесе көру қабілеті дамымаған жануарларда. Оптикалық және акустикалық қоздырғыштарға қарағанда химиялық қсылыстар суда да ауада да, жарықта да, қараңғыда да бірдей әрекет ете береді. Тіпті олар жануарлар әрекетін тоқтатқан соң да біршама уақыт сақталып тұра береді. Сөйтіп феромондар түрлер арасындағы жұмысы үшін аса пайдалы болып табылады.

Кейбір химиялық сигналдар түраралық қарым қатынаста маңызды рөл атқарады. Мысалы, скунстар арқылы бөлінетін жаман иісті сұйықтық адамдарды, иттерді, және басқа да қас дұшпандарын қорқыту үшін пайдаланады. Гүлді өсімдіктердің керемет иісі тозаңдағыш жәндіктерді өзіне тартады. Бұл түр арасындағы химиялық коммуникацияның бір түрі болып табылады. Дарақтарда басқа түрдің өкілдерінің көңілін аудару үшін бөлінетін заттар алломондар деп аталады.

Экологиялық бейімделу. Қазіргі этологиялық зерттеу бағыттарының бірі түрдің экологиясымен байланысты мінез құлықтың бейімделуін зерттеу, яғни оның қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттеу. Бұл үшін жануарларды өзінің табиғи ортасында бақылау қажет.

Әрбір жануардың адамдар сияқты белгілі бір тіршілік аумағы, мамандығы болады, ол оның экологиялық мекен жайы және экологиялық нишасы деп аталады.

Ниша дегеніміз анатомиялық, физиологиялық және мінез қлықтың бейімделуінің өзара әрекетінің жиынтығы. Түрдің нишасына тіршілігі бірдей басқа түрдің болуы үлкен әсер етеді. Қазіргі уақытта дамып келе жатқан этологияның бағыттарының бірі экологиялық нишасы бірдей түрлердің мінез құлық адаптациясын зерттеу. Мұндай түрлердің қолданатын ресурстарын алу үшін бәсекелстік кезінде табиғи жағдайда қандай механизмдер іс әрекет ететінін білуге тырысуда.

Мінез құлық онтогенезі. Дарақтың іс әрекеті дүниеге келген сәтінен бастап дамып, сосын жеке өмір сүру үшін пайдалы адаптациялық дағды алады. Бұл бағытты писхологиялық және этологиялық әдістердің көмегімен зерттеулуде. Мінез құлықтың онтогенезін зерттеу ғалымдарға тума инстинкт, қоғамдық әрекет ету барысында жүре пайда болған дағды немесе мінез құлықтың ерекшелігін білуге мүмкіндік береді.

Импринтинг түсінігі. Бұл түсінікті Лоренц балапандардың онтогенезін зерттеу барысында қалыптастырған болатын. Бұл кейбір құстарға тән, мысалы қаздарға. Олардың балапандары өмірінде алғаш көрген объектті ата анам деп солардың соңынан еріп жүре береді. Балапандарда мұндай импринтинг адамдарға, немесе жаны жоқ заттарға да ояна береді.


Практикалық сабақ 1

Жабайы аңдардың мінез-құлқы. Аюдың мінез-құлқы


Практикалық сабақ 2

Жабайы аңдардың мінез-құлқы. Аюдың мінез-құлқы
Дәріс 2

Мінез-құлық эволюциясы, ынта және оның әсері

Мінез-құлықтың шығу тегі, факторлары, мінез-құлықты анықтау актісі, мінез-құлықты қалыптастырудағы ынтаның ролі


Практикалық сабақ 3

Жабайы аңдардың мінез-құлқы. Қасқырдың мінез-құлқы. Қасқырдың әлеуметтік мінез-құлқы
Практикалық сабақ 4

Жабайы аңдардың мінез-құлқы. Қасқырдың мінез-құлқы. Қасқырдың әлеуметтік мінез-құлқы
Дәріс 3

Мінез-құлықтың қалыптасуына қоршаған ортаның әсері

Жабайы жануарлар мен аңдардың қалыптасуына табиғи жіне жасанды факторлардың әсері
Практикалық сабақ 5

Жабайы аңдардың мінез-құлқы. Сусар тұқымдастары өкілдерінің мінез-құлқы
Практикалық сабақ 6

Жабайы аңдардың мінез-құлқы. Сусар тұқымдастары өкілдерінің мінез-құлқы
Дәріс 4

Мінез-құлықтың қалыптасуына қоршаған ортаның әсері

Жабайы жануарлар мен аңдардың қалыптасуына табиғи жіне жасанды факторлардың әсері
Практикалық сабақ 7

Жабайы аңдардың мінез-құлқы. Сусар тұқымдастары өкілдерінің мінез-құлқы
Практикалық сабақ 8

Жабайы аңдардың мінез-құлқы. Сусар тұқымдастары өкілдерінің мінез-құлқы
Дәріс 5

Эволюция және әлеуметтік қалыптасу

Жабайы аңдар жынысының қалыптасуы, үйір, туыс, топтардың қалыптасу негіздері
Жануарлар бірге болған кезде оларда міндетті түрде әлеуметтік мінез-*-құлық қалыптасады. Өйткені огнсыз топтың қызметі мүмкін емес. Маңыды әлеуметтік мінез-құлыққа келесілер жатады:

Агонистикалық реакция. Әлеуметтік мінез-құықтың агонистикалық түрі қауіптің туындауынан бастап, қорқынышпен қашудың шеңберінде болады. Мұндай мінез-құлық эффективті болуы үшін жеке дарақтар басқа түрлердің өкілдерінен өз әріптестерін тани білуі қажет. Сонымен қатар басқа дарақтардың жынысын, және өзінің әлеусеттік тобындағы барлық мүшелерін жақсы білуі тиіс. Тек сондай жағдайда ғана әлеуметтік доминанттыққа негізделген эффективті қоғами өзара қатынас қалыптасуы мүмкін. Мысалы, құстардың шұқу тәртібі, құс тобындағы агрессивті өкілдері шұқу бойынша басқа өкілдерінен доминантты болып тұрады, сондықтан басқалары оларға жол береді. Сөйтіп топ ішінде боглатын конфликттің алдын алады. Немесе топ ішінде ешкімге триімсіз төбелес болып кетеді. Оның үстіне әлеуметтік статус үшін және өз әлеуметтік статусын дәлелдеу үшін ылғи төбелес бола берсе топ тұрақты болмауы мүмкін. Осындай әлеуметтік мінез-құлық арқылы өз терристорияларының шекарасын бекіте огтырып, әлеуметтік топ мүшелері өздерінің тіршілік мекенін учаскелерге бөледі, гоның ішінде бір ғана дарақ- қожайын доминантты болады. Өз территориясынан шет жерде бұл дарақ басқа учаскенің қожайынына автоматты түрде бағынады.

Репродуктивті мінез-құлық. Бұл ең күрделі және маңызды көбеюге байлагысты жануарлардың әлеуметтік мінез-құлқы. Шын мәнінде тіүрдің тірі қалуы оның дарақтарының табысты ұрпақ қалдыруына тікелей тәуелді болады. Мұндай процесті жүзеге асыру үшін көптеген мінез-құлықтық бейімделулер қалыптасқан. Белгілі бір түрдің репродуктивті мінез-құлықтың күрделілігі олардың балапанының ата*-ана қамқорлығына мұқтаждығымен корреляцияланады. Көптеген балықтар сырттай ұрықтанады да, сосын уылдырықтары мен малькаларына ешқандай қамқорлық танытпайды. Сәйкесінше олардың репродуктивті мінез-құлқы да қарапайым және суға жұмыртқа клеткасы мен сперматозолидтарды выметывание ғана шектеледі. Көптеген құстарда репродуктивті мінез-құлық мүлде басқа, олардың ісі ұрықртанумен ғана шектелмейді, олар ұя құруы қажет, оны күзету және жұмыртқаны басып шығару, қорғау, балапандарынтамақтандыру және үйрету болып табылады. Өсіп келе жатқан ұрпағы интенсивті қамқорлықты қажет ететін ұрпақтың ата-анасы яғни аталығы мен аналығы, көбінесе өздерінің көбею мерзімі барысында тарап кетпейтін мұқты жұп құрады. Мұндай жағдайда репродукртивті мінез-құлықты бірнеше топқа бөлуге болады: оның негізгісі некелік немесе жыныстық мінез-құлық. Оған бір-біріне қамқорлық таныту, нәтижесінде жұп түзіледі және ұрықтануды қамтамасыз ететін әрекеттер жатады. 2-шісі ата-аналық мінез-құлық, яғни ата-ана міндеттерін атқару, қорғау, тамақтандыру, үйрету. Мқндай көбеюдің әрбір кезеңдері арнайы гормондармен және тітіргендіргіш сигналдармен жүзеге асады, мысалы, ұя салу үшін лайықты орын іздеу, ұяда жұмыртқаның болуымен немесе балапанды басып шығарумен және т.б.

Тұрақты супружечкий жұп түзген жануарлар мен құсарға кем дегенде 3 маңызды талаптарын жүзеге асыратын мінез-құлықтық бейімделуі қажет. Біріншіден, өзінің түрінің дарақтарын тани білу (түрлік идентификация). Аталықтарына тән тітіргендіргіш сигналдарының әсерінен аталықтар өз түрінің аналықтарының сексуальды мінез-құлқын оятады. Түрлік идентификация қабілеті аналықртарда жақсы дамыған.

Екіншіден, аталықтар белгілі бір жолдармен өзінің еркек жынысты екенгін дәлелдеуі немесе көрсетуі, әдетте түсінің әртүрлі бголуы және аналықтарын күтуі. Өйткені жеке территорияларын әдетте аналықтар қорғайды және басқарады, сондықтан олар аналықтарына қарағанда көрнекті болады. Ал аналықтардың түірін соншалықты әдемі немесе көзге тартып ттұрмауы жұмыртқа басу кезінде сыртқы бейнесін көрсетпей маскалау үшін қажет болады.

Үшіншіден, тұрақты жұп құрған түрлердің дарақтарына бір бірін сыртқы бейнесінен танитын сыртқы және мінез-құлықтық сипаттамалар қажет, ондай мінез-құлыққа ерекше ән салу немесе кі серіктестің де ұя маңынан табылуы жатады.

Осы негізге қызметтің 3 түрін орындаумен қатар, репродуктивті мінез-құлық топтың барлық мүшелерінің сексуальды белсенділігінің артуына ықпал етеді.

Жыныстық сұрыпталудың артықшылықтары:

Аталық, басқа аталықтардың алдында генетикалық бекітілген артықшылықтарының арқасында жұптасу немесе шағылысу кезінде бұл артықшылықтары берілетін ұрпақтары көбірек болады. Бұл жыныстық сұрыпталу деп аталады.

Басқа аталықтарының алдындағы артықшылығы аталық немесе аналық таңдау кезіндеге бәсекелестіктің нәтижесі болуы мүмкін. Аталықтардың бәсекелестігі ритуалдық әрекеттермен, қорқытумен, өз қарсыласының күшін ағалау немесе кей кезде төбелестің болуымен сипатталады.

Өздерінің сексуальды тартымды жұбын таңдап алған аналықтарда әдетте тартымды ұрпақ туылады. Яғни тартымды белгілері тұқым қуалайды. Сондықтан өз жұбын сексуальды тартымдлық бойынша таңдап алған аналықтардың ұрпағы да көп болады.

Жыныстар арасындағы кейбір айырмашылық жынрыстық деморфизм деп аталады. Ал басқалары жыныстық сұрыпталудың нәтижесінде қалыптасады.

Жыныстар арасындағы негізгі айырмашылық аталықтарының көптеген ұсақ спермия бөлуімен, ал аналықтарының ірі аналық жұмыртқа дамуымен түсіндіріледі. Бұл аналықтардың әрбір ұрықтану кезінде үлкен үлес қосатынын көрсетеді.

Практикалық сабақ 9

Жабайы аңдардың мінез-құлқы. Жұптұяқтылардың мінез-құлқы. Қабанның мінез-құлқы
Практикалық сабақ 10

Жабайы аңдардың мінез-құлқы. Жұптұяқтылардың мінез-құлқы. Қабанның мінез-құлқы
Дәріс 6

Эволюция және әлеуметтік қалыптасу

Жабайы аңдар жынысының қалыптасуы, үйір, туыс, топтардың қалыптасу негіздері
Жануарлардың белгілі бір түрінің туа пайда болған (түрішілік және түраралық) мінез-құлықтары болады. Оларға территориялық, білестіктің иерархиялығы, массалық миграция және т.б. жатады. Олардың ішіндегі ең күрделісі қоғамдық жәндіктердің әлеуметтік мінез-құлқы.

Территориялық. Жануарлардың бір дарасының немесе дара тобының қорғалатын меншікті жері территория, ал олардың меңгеріп алған кеңейтілген учаскесі – тіршілік ету учаскесі деп аталады.

Территориялықтың негізінде оның барлық ресурстарына орны, тамағы, қарама-қарсы жыныстың дараларына деген талас, яғни оның барлық кеңістігін игеруге деген бәсекелестік жатыр. Мұндай сипат көптеген насекомдарға, огның ішінде шегірткелер, сверчков, көбелектер, қоғамдық жәндіктерге тән. Территорияны негізінен көбінесе аталықтар немесе даралар тобы бекітеді, мысалы, жұмысшы құмырсқалар, аралардың трутеньдері және т.б. Кейбір көбелектерге олардың аталығы аналығын тосып, ландшафттың ең биігіне шығып тұрғанда территорияны қарауылдау, патрулдеу тән. Қызығы, өз учаскелерінен мұндай аталықтар өз түрінің басқа аталықтарын, өз түрінің басқа өкілдерін, тіпті кішкентай құс калибриді де қуып шығады.

Күрделі территориялық мінез-құлықпен инелік-дозорщиктер ерекшеленеді. Аталықтар өзінің аңшылық территориясын белгілі бір учаскелерге бөледі. Оны олар тек аналықтарына немесе тамаққа ұшып кеткенде ғана тастап кете алады. Территорияны бұзғандар сол арада қуылып шығады, әсіресе өз түрінің басқа аталықтарына үлкен қорғаныс реакциясы туындайды. Басқа түрлердің өкілдері үшін мұндай қорғаныс реакциясы дәл осындай күші емес. Инелік-аталары қызғанышпен өз территориясын қорғайды. Олар ылғи бірнеше нүктеге ұшып барып, өз учаскесінің шекарасын бекітеді және аңшылық угодьясын зерттейді. Егер шекара бұзылған болса, аталық қиын іс-әрекет көрсетеді. Ол өзінің бәсекелесіне пилотаждың ең үлкен мөлшерін көрсетеді, яғни жақтарын шықылдатып қағып, қанаттарын қорқынышты қаға бастайды. Тіпті өз водоемынан тамақ іздеу мақсатында орман немесе тоғайға ұшып кеткен инелік өзінің керемет есте сақтау қабілетінің арқасында және ориентация қабілетінінің жоғарылығына байланысты күнделікті өзінің туған учаскесіне адаспай қайтып келеді. Оларға тәжірибе жасап, мінез-құлқын зерттегенде, олар аквариумда тіршілік етіп, өз учаскелерін қозғау кезінде күзетіп отырды.

Көптеген территориялық жануарлар шекара үшін талас кезінде бір біріне угроза позасын көрсетіп қана қоймай, төбелеске де көшеді. Жәндіктердің ішінде мұндай мінез-құлықпен дәуіттер ерекшеленеді. Олар белгілі бір аңшылық территориясына байланысты өз құқықтарын көрсетіп, өз арасында төбелес ашады. Ең алдымен дәуіттер қорқынышты түр көрсетіп өзінің бәсекелесін қорқытуға тырысады. Қанаттарын ашып, оларды шулатып, төбелесетін аяқтарын дайындап, шипят және ұстағыш аяқтарымен щелкают. Егер бәсекелестерінің біреуі оның қорқынышты түрі мен даусынан қорықса, қауіпті орталықты тастап, тайып тұрады. Егер олай болмаса, нағыз төбілес басталады. Негізінен дәуіттер төбелескіш жәндіктер, олар басқа да жануарлармен кесірткелер мен тіпті воробейлермен де төбелесуге дейін барады.

Далалық сверчки скрытый тіршілік етеді, оларда тұрғын жері үшін үздіксіз күрес жүріп жатады. Олар өздерінің індерін құрғақ, күн жақсы түсетін жерлерге салады, сөйтіп онда өзінің ұрпағын әкеліп, қауіп туған жағдайда онда тығылып қалады. Бірақ олардың арасында дайын інді мекендеу үшін стычки болып тұрады. Бәсекелесі кірген жағдайда қожайын қорқынышты дыбыс шығарады. Егер бұдан қорықпаса, жекпе-жекке шығады. Олар бір-біріне тап беріп, өздерінің қалыңмаңдайлы бастарымен соғыстырып төбелесе бастайды. Нәтижесінде қай жеңгені сол жерден әлсізін қуып шығады.

Иерархия. Бұл көптеген жануарларға тән, мінез-құлықтың инстинктивті жүйесі. Ол бір дараның басқа дараларды, бағыныштыларына басыңқылық көрсетілуімен сипатталады, ал ол өз кезегінде үшіншісіне басымдық көрсетеді. Мысалы, далалық шегірткелерде өздеріне тән иерархия бар. Бір түрдің екі аталығы кездесіп қалғанда олар бірден төбелеске көшеді, бір бірінің мұртшаларымен жабысып, итере бастайды. Жәндіктердің түсінігі бойынша рангы төмен шегіртке көп қарсыласпай, талас алаңын қалдырып тайып тұрады. Егер күш жағынан салыстырмалы түрде бірдей шегірткелер кездессе, олардың төбелесі ұзаққа созылады.

Күрделіленген топтарда, мысалы қоғамдық жәндіктерде иерархияның айтарлықтай маңызы жоқ, оларда топ ішіндегі даралардың қызметіне байланысты керемет басқарылатын бірлестік болады. Құмырсқалардың бірлестігі өте жақсы ұйымдастырылған. Ғалымдар әлі күнге дейін оның шешімін тапқан жоқ, бірақ зерттеулер олардың жанұясында маңызды рөлді жеке даралар атқаратынын көрсетеді. Бір түрге жататын құмырсқалардың жеке қабілеттерінің арасында да айтарлықтай айырмашылық бар. Мысалы, тәжірибесі мол құмырсқалар жұмысты жақсы атқарады, және олар өзінің қартаю кезеңінде қабілетінің максимальды деңгейін көрсетеді.

Биокоммуникация және жәндіктердің тілі. Олар бір бірімен ақпарат алмаспаса олардың қоғамдық мінез-құлқы жүзеге аспас еді. Биокоммуникация – сигналдың көмегімен жәндіктердің бір түрінің немесе түрлі түрлердің арасындағы ақпарат алмасу. Мұндай коммуникациялық алмасу тамақ іздеуді, дұшпандарынан қорғануды, түрлі жынысты құмырсқалармен кездесу мүмкіндігін жеңілдетеді. Қалай көптеген жәндіктер жиналады, олардың миграция уақытын кім анықтайды және оның жүзеге асуын кім басқарады, бұл әлі күнге дейін белгісіз.

Жәндіктердің кейбір түрлерінде олардың тіршілік ететін ортасында жағдайлардың өзгеруіне жауап ретінде жиналу немесе бірлестік құратын өкілдері бар. Топқа бірлескендерде терең физиологиялық өзгерістер пайда болады. Ұшып жүретін жасыл саранчалар, түсін өзгертіп қара-қызылға айналады. Олар тіпті сырт пішінін де өзгертіп бүкірейе түседі. Саранчалар тығыз отар түзіп миграциялауға дайындалады. Өздерінің сезім мүшелеріне сеніп олар жел бағытымен қысымы төмендеу бағытқа қарай жылжиды. Олардың тұқым қуалаған білімі жауын жаууы мүмкін екенін көрсетеді. Жәндіктер ылғалды жағдайға жетпегенше ұша береді, ол жерге жеткен соң жыныстық жетіліп, инстинктті мінез-құлқының арқасында жұмыртқалайды.

Ұзақ миграция, кейде 1000 даған км-ге дейін, инеліктер жүзеге асырады. Ол үщін олар үлкен отар құрады. Инеліктердің солтүстіктен оңтүстікке қарай миграциялай жайлы факт Германияда 1673 ж тіркелді. Кейде олар ашық аспан астында 2-3 сағат демалып алу үшін корабльдерге отырады. Африкада тіршілік ететін инеліктің бір түрі Ніл өзенінің бойымен жоғары төмен үлкен отар болып миграциялайды.

Қосқанатты насекомдардың ішінде ұзақ ұшатындар шыбындар-журчалки. Олардың дернәсілдері тлямен қоректенеді де, егер тағамның бұл түрі таусылса, шыбындар миграциялық саяхатқа шығады. Мұндай миграция кейбір таулы ауданда байқалған, Гималай арқылы көбелектермен бірге миграцияланған деген деректер бар. Кейде шыбындар (дрозофила, швед шыбыны, көк және жасыл падальды шыбындар) ауа планктонының құрамында ұшуға мәжбір болады.

Ата-бабаларының маршруты бойынша. Көбелектердің көшуін бақылау ежелден жүзеге асып келе жатыр. Олардың миграциясы жайлы алғаш бақылау ертеде Феодальды Германияда (1100 ж), кейінірек Батыс Еуропадан, Жапониядан, Америкадан байқалған болатын. Көрнекті мысалы ретінде солтүстік америкалық данаидтарды айтуға болады. Бұл ірі, әдемі көбелектер күзде үлкен топ құрып, оңтүстікке қарай жылжиды. Бірде мұндай отар Нью-Джерси штатында байқалды, олар ұзындығы 320 км, ені 5 км территорияны басып қалды. Келесі күні таңертең олар ары қарай жолға шықты.

Жаз бойы көбелектердің 2-3 ұрпағы алмасып үлгіреді. Ал күзде миграцияға тек соңғы ұрпақ көшеді. Жап-жас, тәжірибесіз көбелектер өздерінің дәстүрі бойынша ата-бабаларынан қалған тұқым қуалайтын бағдарламаның арқасында қыстау үшін нақты қыстауға барады. Қыс біте салысымен, сұлу көбелектер 1000 км басып өтіп, отанына қайтіп келеді.

Көбелектер өздерінің миграциясы кезінде қандай ориентирді пайдаланады – күн, жердің магнитті полясы немесе навигацияның комбинирленген жүйесі ма, белгісіз. Бірақ олар жақсы басқарылады, өз маршруттарынан қателеспейді. Бірде саранча отары мен көбелектердің әртүрінің отары кездесіп қалады. Сонда аспанда насекомдардың 3 түрлі массасы кездесіп қалғанына қарамастан, олар араласып хаос түзбейді, әр түрдің өкілдері өз маршруты бойынша миграциясын жалғастыра береді. Сонымен миграцияланатын жәндіктер нақты бір бағытты көздеген, олар өздерінің жолынан адаспайды.

Қоғамдық жәндіктердің әлеуметтік мінез-құлқы. Қоғамдық жәндіктер ұйымның күрделі түрі жеке бірлестікті құруға қабілетті. Мұндай бірлестікте біріншіден, репродуктивті қызметінің арқасында нақты бөліну бар. Бір түрдің бір даралары көбеюге қатысса, екіншілері жұмысшы болып табылады, олар тұқымсыз яғни стерильді, олар көбейетін даралардың ұрпақтарын тамақтандырады. Бірлестік мүшелерінің арасында кооперация байқалады тағамды бірге іздеу, табу, ұрпақтарын тамақтандыру, үй салу, інді қорғау, осылардың барлығы түрішілік коммуникация нәтижесінде жүзеге асады. Сонымен қатар 1-2 ұрпақтардың даралары бірге өмір сүреді. Перепончатокрылых құмырсқалар ос, ара, теңқанаттылар –термиттердіің бірлестігі осындай, Мұндай қоғами бірлестік кейбір жапон тлясында, австралиялық қоңыздардың бірқатарында, омыртқалыларда – жалаңаш землекоптарда (теңіз шошқасы мен дикобраздың туысы) кездеседі. Олар да өз арасында міндеттер мен қамқорлық түрлерін бөлііп алады. Бір бірлестіктің мүшелері өздерінің ағаларын таниды, мұндай даралардың арнайы иісінің атқаратын маңызы зор. Дегенмен құмырсқаларға берілген ерекше қабілет, олар өздерінің өкілдерін тагнып қана қоймай жақсы біледі және өздерінің жемдік аймағында бірлесіп бірге әрекет етеді.



Бүгінге күнге дейін насекомдардың әлеуметтік мінез-құлқы жайында зерттеулер көп жүргізілген, табиғи және жасанды жағдайда.
Практикалық сабақ 11

Жабайы аңдардың мінез-құлқы. Бұғы, елік, қарақұйрықтардың мінез-құлқы
Практикалық сабақ 12

Жабайы аңдардың мінез-құлқы. Бұғы, елік, қарақұйрықтардың мінез-құлқы
Дәріс 7

Жеке жануарлар мінез-құлықтары

Әр түрлі аңдардың мінез-құлықтары

Практикалық сабақ 13

МЖ1
Практикалық сабақ 14

Жабайы аңдардың мінез-құлқы. Джейран, сайгак, кабарганың мінез-құлқы
Дәріс 8

Жеке жануарлар мінез-құлықтары

Әр түрлі аңдардың мінез-құлықтары

Практикалық сабақ 15

Жабайы аңдардың мінез-құлқы. Ақсары қоян және ақшыл қояндардың мінез-құлқы
Практикалық сабақ 16

Жабайы аңдардың мінез-құлқы. Ақсары қоян және ақшыл қояндардың мінез-құлқы
Дәріс 9

Індегі және ұядағы жануарлардың мінез-құлқы

Індегі және апандағы жануарлардың қорек жоқ кездегі мінез-құлықтары
Практикалық сабақ 17

Кунья туыстастарының мінез-құлықтарының қалыптасуындағы ерекшеліктер

Практикалық сабақ 18

Кунья туыстастарының мінез-құлықтарының қалыптасуындағы ерекшеліктер

Дәріс 10

Індегі және ұядағы жануарлардың мінез-құлқы

Індегі және апандағы жануарлардың қорек жоқ кездегі мінез-құлықтары
Практикалық сабақ 19

Аңдар мен құстардың аңшыларға, иттерге, көліктерге қарсы әрекеттері
Практикалық сабақ 20

Аңдар мен құстардың аңшыларға, иттерге, көліктерге қарсы әрекеттері
Дәріс 11

Көлікпен, итпен адамдардың аңду кезіндегі жануарлардың мінез-құлықтары

Көлікпен, итпен адамдардың аңду кезіндегі жануарлардың қорғануы кезіндегі мінез-құлықтары. Оларды қалыптастыру себептері

Практикалық сабақ 21

Тұяқтылардың әлеуметтік мінез-құлқының дәрежесі
Практикалық сабақ 22

Тұяқтылардың әлеуметтік мінез-құлқының дәрежесі

Дәріс 12

Көлікпен, итпен адамдардың аңду кезіндегі жануарлардың мінез-құлықтары

Көлікпен, итпен адамдардың аңду кезіндегі жануарлардың қорғануы кезіндегі мінез-құлықтары. Оларды қалыптастыру себептері

Практикалық сабақ 23

Әртүрлі аңшылық әдістерге жабайы аңдардың қарсы мінез-құлықтары мен әсерлері

Практикалық сабақ 24

Әртүрлі аңшылық әдістерге жабайы аңдардың қарсы мінез-құлықтары мен әсерлері
Дәріс 13

Аулау кезіндегі жануарлардың мінез-құлыұтарының қалыптасуы

Аулау кезіндегі жануарлардың мінез-құлыұтарының қалыптасуы. Тірідей аулау, улау, қақпанға түскендегі мінез-құлықтары
Практикалық сабақ 25

Ұрпақтарын қорғаудағы аңдардың мінез-құлқы
Практикалық сабақ 26

Ұрпақтарын қорғаудағы аңдардың мінез-құлқы
Дәріс 14

Аулау кезіндегі жануарлардың мінез-құлыұтарының қалыптасуы

Аулау кезіндегі жануарлардың мінез-құлыұтарының қалыптасуы. Тірідей аулау, улау, қақпанға түскендегі мінез-құлықтары
Практикалық сабақ 27

Иелік еткен жерлеріне адамдардың жақындауындағы мінез-құлықтары
Практикалық сабақ 28

Иелік еткен жерлеріне адамдардың жақындауындағы мінез-құлықтары

Дәріс 15

Жануарлардың репродуктивті мінез-құлықтары

Аталық пен аналық жануарларды қуу кезіндегі мінез-құлықтары. Жануарлардың ұрықтанудан кейінгі қысқа мерзімді отбасыларының бұзылуы. Ұрпақтарын тәрбиелеудегі олардың ролі
Практикалық сабақ 29

Иелік еткен жерлеріне адамдардың жақындауындағы мінез-құлықтары
Практикалық сабақ 30

МБ 2
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу