Пәні: 0азақ әдебиеті. Сыныбы: Сабақтың мақсаты



Дата26.06.2018
өлшемі27,47 Kb.
#44345
Т.АХТАНОВ «КҮЙ АҢЫЗЫ»


Пәні: 0азақ әдебиеті.

Сыныбы:

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Оқушыларға Т. Ахтанов өмірінен мәлімет беру. « Күй аңызы» әңгімесінің тақырыбын, композициялық - сюжеттік желісін, негізгі идеясын ашу.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау жүйесін жетілдіру. Өз пікірлерін нақты , жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу.

б) Тәрбиелілік: Өнерді қадірлеуге, оның құдіретін танытуға тәрбиелеу. Ұлттық музыка өнерінің қасиетін тану, оны дәріптеу. Ұлттық салт - дәстүрімізді насихаттау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздары.

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих.

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Оқу құралдарын тексеру.

Балалар, « Ақыл - шырақ , қара түнді ашатын,

Білім - жарық, нұрын саған шашатын.» деген қазақ даналығында жақсы сөз бар. Олай болса, бүгінгі сабаққа назарларыңды аударып, еркін елдің есті, білімді азаматы болуға талпыныңдар.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

- М. Әуезов « Қараш - Қараш оқиғасы» повесіне байланысты сұрақтар жазылған кеспе қағаздарын дайындап келу.

- Иә, дұрыс айтасындар. Қане кім дайындап келді?



ІІІ Үй тапсырмасын бекіту

Нені міндетті түрде білу керек?

1 Тектіғұлдың Сәлмен байдың тепкісінен ауруға шалдығып , қаза болуы, арманда кетуі.

2 Бақтығұлдың інісі үшін кек алуға аттануы. Көк биені ұстауы, жасырын сойып алуы.

3 Қуғыншыларға ұсталып қалуы, оның себептері.

4 Қорған, пана іздеп Жарасбайға баруы.

5 Жарасбайға сенуі. Адал басыбайлы малайына айналуы, қылмысқа баруы.

6 Жарасбайдың Бақтығұлды ел жақсыларына ұстап беруі. Үкім.

7 Қашып шығып, аңдып жүріп, Жарасбайды атып өлтіруі.

ІV Жаңа сабақ

Балалар, бүгінгі сабақта - қазақ халқының маңдайына біткен, кешегі қан майданда Отанын ерлікпен қорғап, замандастарын, яғни қазақтың жауынгерлік рухын әлемге паш еткен, сол ерлікті ақ қағазға қара сиямен айғақтаған, әдебиетіміздің тарихында айтарлықтай із қалдырған Тахауи Ахтанов өмірі мен шығармашылығы, ең алғашқы әңгімесі «Күй аңызы» туралы болмақ



Тахауи Ахтанов 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалык институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері «Жастар дауысы» деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары – проза мен драматургия.
Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі – «Күй аңызы». 1956 жылы «Қаһарлы күндер» атты романы жарық көрді. «Дала сыры» повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, «Боран» романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған «Сәуле» драмасы, одан кейінгі «Боран», «Ант», «Әке мен бала» драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. «Махаббат мұңы», «Күтпеген кездесу» драмалары, «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың «Азапты сапарда» трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
Көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы. «Әдебиет жөне искусство» – «Жұлдыз» журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды.
II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

  • Романдары: «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін».

  • Прозалары: «Алғашқы ән», «Қызғаныш», «Күй аңызы», «Жоғалған дос», «Алыстан жеткен сарын».

  • Драматургиясы: «Сәуле», «Әке мен бала», «Боран», «Күтпеген кездесу», «Ант», «Махаббат мұңы» және «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары.

  • Аудармалары: С.Бабаевскийдің «Алтын жұлдызды жігіт», «Жер үстіндегі нұр» атты романдары, А.Н.Толстойдың «Азапты сапарда» атты үш томдық романы.

Психологиялық дайындық: «Бозінген» күйін тыңдату.
Қызығушылығын ояту: суреттер тізбегі көрсетіледі.
күйші түйе, домбыра.
Сұрақтар:
1.Бұл үш суреттің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?
2.Біз жоғарыда қандай күйді тыңдадық?
3.«Бозінген» күйінің шығу тарихын білеміз бе?
4 Өнер сөзінің білдіретін мағынасы қандай?Қазақ халқының қандай өнерін білесіңдер?
5 Күй сөзінің білдіретін мағынасы қандай? Қазақтың қандай күйлерін білесіңдер?
6 Күйші сөзін қалай түсінеміз? Қазақтың қандай күйшілерін білесіңдер?
Әңгімені композициялық құрылымына талдау.
1. Оқиғаның басталуы (экспозициясы)
Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі.
1. Оқиғаның дамуы
Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары, домбыраға тіл бітуі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі.
1. Оқиғаның шиеленісуі
Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы.
1. Оқиғаның шарықтау шегі
Жаңа күйдің пайда болуы.
1. Оқиғаның шешімі
Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі.

«Мағынаны тану» әдісі.



  1. Кейіпкерлерді топтастыру

2) Оқулықтан кейіпкерлер портретін табу

І қатар – Естемес пен Оразымбет портретін табу

ІІ қатар – Жаңыл мен қарт бейнесін табу.

Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру)





кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерлерге баға

1

Естемес

Жоғары, жасы егде тартса да отбасын құруды ойлайды

Түсінігі мол, есті, Оразымбетке жолын береді

жақсы

2

Оразымбет

Жоғары, өнерді сүйетін, тәрбиелі шәкірт

Үлкенді құрмет тұтады, ұғымтал.

жоғары

3

Жаңыл

Жігерлі жан, өз бақытын табуда өжеттік таныта білді.

Кішіпейіл, ибалы, өжет.

жоғары

4

Қарт

Жоғары, жоқшылыққа төзе білген, қиындыққа мойымаған жан.

Көпті көрген, қонақ жай, есті кісі.

жақсы


V Сабақты бекіту кезеңі.
Әңгімеден үзінді беру.
1 Қарт күйшінің Оразымбетке менің күйімді үлгі етсең де, менің өмірімді үлгі етпе деген сөзін қалай түсінеміз?



2 Естемес күйшінің “күйге қыз берген қазақты әлі көрген жоқпын”- дегенінен не түсінуге болады?

3 Бозінгенді көргенде Оразымбет қорықты. Естемес жан –жарасын түсініп аруана деп атады. Бозінгенмен Естемес қарттың өмірінде қандай ұқсастық бар?
Сабақты пысықтау:
суреттер тізбегі көрсетіледі: жылқы, қамшы, домбыра.



Ортақ сұрақ:
Бұл суретті кімнің өмірімен байланысты деп ойлайсыңдар?

Сергіту сәті:

Сәкен Тұрысбеков «Көңіл толқыны» күйін тыңдату. Ғажайып баққа саяхат жасау (көздерін жұмып, күй сарынымен ғажайып баққа саяхат жасайды. Көздерін ашқаннан кейін өздеріне ұнаған суреттерін салады).


Сабақтың қорытынды кезеңі:



1

Естеместің өзіне тән ерекшеліктері қандай?

Халық өнерін қастерлейді. Жақсы ұстаз, күйші, өнер таратушы, салт басты.

2

Жаңылдың мінезі ұнады ма? Несімен ұнады?

Ақылды, ибалы, инабатты, өжет. Өз болашағын егде адаммен өткізгеннен жастау жігітпен өткізгенді дұрыс санаған ол өжеттілік танытты.

3.

«Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш.

Әкесі мен Естемес арасындағы әңгімені естіген Жаңылтаң дауы жас Оразымбетте екенін астарлап жеткізгісі келді.

4.

Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың?

Себебі әңгімеде көп шиеленіскен оқиға жоқ, тек күйдің туындауы ғана берілген. Сондықтан ұнамсыз кейіпкер жоқ.

5

Оқиғаның шешімі сені қандай ойға жетеледі





Оқушыларды бағалау:Үй тапсырмасына дайындалып келгеніне қарай, сабақта белсенді қатысқандарына қарай білімдерін бағалаймын
Үйге тапсырма: « Қазақтың күй өнерінің тарихы» ойтолғау жазу.

Амангельдина Айгерим

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясы



Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгір ауылы
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет