25 билет әдебиеттану Көне грек ойшылдарының сөз өнері хақындағы эстетикалық танымы


Идея және стиль. Стиль және бейнелілік



бет2/2
Дата16.12.2022
өлшемі17,47 Kb.
#163027
1   2
Байланысты:
25 билет әдебиеттану

3. Идея және стиль. Стиль және бейнелілік.
Идея (гр. іdea – түсінік, елес, бейне) – 1) ой, түпкі ой;
2) бір нәрсенің (мысалы, көркем, ғылыми, саяси шығарма) негізгі ойы;
3) теориялық жүйенің, логикалық құрылымның, соның ішінде дүниетанымның негізінде жатқан анықтаушы түсінік;
4) нәрсе немесе құбылыс жөніндегі жалпы түсінік. “Идея” терминін ең алғаш ежелгі грек ойшылдары Анаксагор мен Демокрит қолданған. Демокрит атомдарды идеялар деп түсіндірді. Платон болса, барлық заттардың түпкі тегі – мәңгі жоғалмайтын, заттардан тәуелсіз және тыс идеялар деп есептеді. Оның ойынша, идеялар заттардың алғашқы бейнесі, формасы, схемасы. Идея – ол бір субъектінің немесе бір әлеуметтік-саяси топтың ғана көзқарасы. Ал идея идеологияға айналғаннан кейін ол мақсат, нұсқау ретінде жүргізіледі, тіпті тапсырма мәртебелілігіне ие болады.
«Идеология» деген ұғым гректің ideia және loqos деген сөздерінен шыққан. Идея – көзқарас, логос – ілім, ой. Ал идеология сөзінің мәні – «идея туралы ілім» немесе «мәртебелігі бар ілім» ретінде түсініледі.
Авторлық идея – суреткердің о астағы ой өзегі; объективті идея – нақты шығармадан туатын мақсатты нәтиже. Бұл екеуі ылғи бірдей бола бермейді. Дәлірек айтқанда, автор өзінің ойға алғанын жазу үстінде дәл өз ойындағыдай жинақтай беруі қиын. Кейде тіпті авторлық идеяға объективтік идея кереқар кеп, қарама-қарсы шығуы да мүмкін.
Стиль – әр суреткерге тән осындай творчестволық ерекшелік.
Стиль деген ұғым ғылым мен өнер атаулының бәріне қатысты және олардың әр саласындағы сипаты әр бөлек.
А.Блок: «Ақындар өзара ұқсастығымен емес, ерекшелігімен қызықты».
Әдеби стиль әрқашан эволюция үстінде, диалектикалық даму үстінде болады.
Творчестволық ерекшеліктің қалыптасыунда, Гетенің айтуына қарағанда, үш кезең бар: 1) өзінен бұрынғы үлгіге жалаң еліктеумен жүрген шақ; 2) өзгеден бөлегірек азын-шоғын мәнер, машық тапқан тұс; 3) өзінен басқа ешкімге ұқсамайтын өзгеше стиль белгіленген кез. Жазушының творчестволық ерекшелігі әр шығармасында әр қырынан аңғарылуы мүмкін, сондықтан жазушының стилі жайлы бір емес, барлық шығармасын оқып барып байлау жасаған дұрыс. Егер суреткердің дүниетанымында немесе идеялық бағытында өзгеріс болса, стиліне де ықпал ететіні даусыз. Шын мәніндегі ірі жазушының стилін оның суреткерлік бітімінен бөліп қарауға, оның бүкіл әдеби беті мен бағытын бүкіл творчествосының мазмұны мен рухын белгілеген ағымнан не әдістен ажыратып әкетуге болмайды. М.Серғалиев стильдің 4 түрлі қасиетін былайша сипаттайды:
1) Стиль – тарихи категория;
2) Стиль – әдеби тілдің бір түрі, демек, сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті сөздер мен конструкциялар;
3) Стиль – қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады;
4) Стиль – тілдік құралдардың қалай болса солай тіркескен тобы емес, шартты тұйықталған тобы.
Бейнелілік – стильді қалыптастырушы басты фактор. Ол «поэтикалық», «шығармашылық», «көркемдік», «бейнелі» секілді сөздермен бірге қолданылғанда терең түсіндіруді қажет етеді. Ақын немесе жазушының шығармасы осы бейнелілікті жүзеге асыратын көркемдеуіш-бейнелеуіш құралдар арқылы оқырманға жетеді. Қаламгердің бейнелілікті қаншылықты игергендігін білу оның туындысының көркемдік деңгейін анықтауға көмектеседі. Бейнелілік – бұл жандылық, көркемдік, өнердің кез келген түрінің ажырамас бөлігі болып табылатын бейненiң мәнерлiлiгi, айналадағы бізді қоршаған шындықты әлдебiр эстетикалық идеалдың позициясы арқылы ұғынудың формасы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет