Графикалық деректердің негізгі түсініктері жоспар Графикалық редактор ұғымы, нүктелік бейнелер Векторлық бейнелер мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі71,65 Kb.
#27294
ДӘРІС № 11

ГРАФИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
Жоспар

  1. Графикалық редактор ұғымы, нүктелік бейнелер

  2. Векторлық бейнелер


МАҚСАТЫ:

    • Графикалық деректердің негізгі түсініктері туралы мағлұматтар беру

    • Нүктелік және векторлық бейнелер туралы түсініктеме беру


1. ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОР ҰҒЫМЫ, НҮКТЕЛІК БЕЙНЕЛЕР

Деректерді графикалық түрде компьютердің мониторында көрсету алғашқы рет 50-ші жылдардың ортасынан басталды. Оны тек үлкен ЭЕМ-дерде ғылыми және әскери зерттеу үшін қолданылған болатын.



Графикалық редактор — графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі.

Нүктелік графикалық редакторларда кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден түратын кішкене бейнелер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады. Машиналық график бағдарламасы жұмыс істейтін барлық бейнелер екі сыныпқа бөлінеді: нүктелік және векторлық.

Машиналық графика терминологиясында (тәжірибелік информатикада бейнелерді автоматтандырудың және оларды компьютер көмегімен өңдеудің саласында) нүктелік бейне көлемі бойынша (яғни, бірдей көлемді және бірдей фигуралардан тұратын ұяшықтар) және жайпақ геометриялық фигуралар бойынша (көбіне, квадраттар немесе шеңберлер) бірдей, үнемі қолданылатын желілерде орналасқан пиксельдер массивін атайды. Әр пиксель үшін қандай әдіспен болса да түс беріледі (негізінен түс тіркелген бірлік санымен кодталады). Компьютер жадысында нүктелік бейнелерді беру — дегеніміз бұл барлық пиксельдердің түсі туралы мәліметтер массиві.

Виртуальді әлемнің нүктелі бейне түрінде пайда болуы, нақты өмірде мозаика болып табылады. Бұл пайда болу тізілу деп аталады және полиграфияда, компьютерлік графикада, дәстүрлі бейне өнерінде өте үлкен рөл ойнайды.

Соңында бұл идеяны өнерге Пуантилизм техникасын өңдеген импрессионшылар ұсынды. Исакиевтік соборды, Христовтың жексенбілік храмын, Орыс музейін және Эрмитажды көріп келген соң, нүктелік бейнелермен жұмыс техникасы бірінші компьютер пайда болғанға дейін пайда болғандығын көруге болады.

Нүктелік бейнелердің тағы бір мысалы – қазіргі уақытта өте көп тараған «Япон кроссворды» десе де болады. Кез-келген компьютердің мониторындағы сурет, нүктелік, ол үлкейткіш шыныдан өте жақсы көрінеді. Көптеген принтерлер көбіне нүктелік бейнелерді басып шығарады.

Paint программасы – нүктелік бейнелермен жұмыс істеуге арналған.


2. ВЕКТОРЛЫҚ БЕЙНЕЛЕР

Веторлық бейне деп көбіне күрделі және әртүрлі геометриялық объектілерді айту қалыптасқан.

Векторлық графиканың ерекшелігі., әр объекті үшін оның түрін нақтылайтын басқару параметрлерді анықтайды.

Мысалы, дөңгелек үшін басқару параметрлері болып диаметр, түр, сызықтың типі және жалпақтығы және ішкі облыс түрі табылады.

Компьютер жадысында нүктелік бейнеге қарағанда, векторлық бейнені беру өте қиын. Жеңілдеткенде, бұл бейне құрылған барлық объектілерді береді деп есептеуге болады.

Мектеп бағдарламасында векторлық бейнелеу геометрия, сызу және математика (функция графигі) сабақтарында пайда болған. Техникалық оқу орындарында оқитындарға аналитикалық геометрия сабағында векторлық бейнелермен жұмыс істеуге тура келеді.

Нүктелік бейнені экранға немесе баспаға шығару процесі өте қарапайым – экранда пиксельге әр түрлі түрлермен жанатын люминифордың үш бөлігінен тұратын топ сәйкес келеді, принтер пиксельді сияның тамшысымен немесе тонер дағымен бейнелейді.

Векторлық бейнелерді басатын құрылғыға конструкторлық барысында көп кездеспейтін графоқұрғыштар жатады. Әр уақытта векторлық бейне баспаға шығару алдында нүктелік бейнеге өзгертіледі. Мұндай процесті машиналық графикада рендеринг деп атайды.

Жоғарыда келтірілген салыстырудан векторлық бейнемен жұмыс істеу қиын деген ұғым қалыптасуы мүмкін. Алайда көптеген жағдайда нүктелік және векторлық бейнелердің арнайы жетістіктері мен кемшіліктері шешуші ролде болады.

Нүктелік бейненің негізгі кемшілігі тіркелген пиксель көлемінде болады. Сондықтан үлкейту немесе кішірейту кезінде қажет емес эффект туындайды. Бейнені үлкейту кезінде бір-біріне өте қатты «сығылған» пиксельдер арасында бос орын пайда болады. Оны ештеңемен толтыруға келмейді. Тек қасында бос орында кездесетін пиксель көшірмғесімен толтыруға болады. Алайда пиксель көлемін өте қатты үлкейтуге болмайды. өйткені өте үлкен пиксельдер біркелкі бейне болып көрінбейді. Мұндай эффекті «бидай шықты» деп атайтын кәсіби фотографтарға өте таныс. Шынында да өте қатты үлкейтілген нүктелік бейнелер көрінетін бидай құрылысын береді. Машиналық графикада мұндай құбылыс боялудың бүлінгендігі деп аталады.

Нүктелік бейнелердің көлемін сақтай өзінің бастапқы пиксель отырып тек екі, үш және т.с.с. үлкейтуге болады. Егер бұл шарт орындалмаса, бейнеде ирек түпті сызықттар пайда болады.

Бейне обьектілерінің ішкі құрылғысы нүктелік бейненің тағы бір кемшілігі болып табылады. Осы мысалға тоқталып көрейік. Егер нүктелік бейнеде біз көбелек – галстуктағы ер кісіні көрсек, онда – бұл біздің миымыздың жұмысы. Ол бейнеден сондай объектілерді ерекшелеп тұр. Нүктелік графиканы редакторлеу жұмысы кезінде осы объектіге сәйкес пиксельдерді идентификациялау үшін көп еңбектену керек. Бейнемен жұмыс кезінде значокты өшіру керек болса, онда жойылған пиксельдің бос орнын толтыру керек болады.

Нүктелік бейненің үшінші кемшілігі – оны сақтауға кететін жады көлемінің үлкендігі. Үлкен айқындықты және салыстырмалы үлкен көлемді нүктелік бейнелермен жұмыс істеу кезінде сәйкес файлдың көлемі жүздеген мегабайт болатындығы жиі кездесетін жағдай. Мұндай үлкен көлемді объекті лермен жұмыс істеу соңғы және мықты компьютерлердің өзіне жеңіл емес.

Векторлық бейнемен жұмыс істеу бұған қарағанда жеңілдеу. Үлкейту немесе кішірейту кезінде тек бір ғана басқару параметрін өзгертсе жеткілікті. Одан векторлық бейнелі файлдың көлемі бір байтқа да өзгермейді. . Рендеринг кезінде суреттің көлемі ескеріледі және суреттің сапасы сақталады. 1.1 суретте нүктелік және векторлық бейнелердің үлкейтілгеннен кейінгі қорытындысы берілген.





1 - сурет. Векторлық бейне (сол жақта), нүктелік (оң жақта)

Нүктелік бейнеден векторлық бейненің айырмашылығы құрылымдық дәрежесі еркін сұрыпталу болып табылдаы.

Екі класты салыстырмалы талдауынан соң щығаты қорытынды, векторлық бейне нүктелік бейнеде өзімен қарапайым және формальді әрекетті көрсетеді. Ал нүктелік бейнені векторлық бейнеге аудару кезінде қолданушының шығармашылық қатынасы керек. Анық қорытынды: графикалық жобаны өңдеу кезінде ол қай класқа жатпаса да, векторлық бейненден бастаған жөн. CorelDRAW 11 – де нүктелік бейнелермен жұмыс істеуге де болатын мықты орта арсеналы бар.

Нүктелік және векторлық графикаларды салыстыру.

Бейненің орналасуы:
Нүктелік бейне пиксельдер жиынтығынан тұрады

Векторлық бейне командалар тізімі бойынша орналасқан


 Объектілердің орналасуы
Нүктелік суреттерді өндеу мүмкіншілігі

Векторлық графикада бейнені фотографиялық сапалы түрде орындау мүмкіндігі жоқ.


 Бейненің өңдеу сапасы

Нүктелік бейнені айналдыру және масштабтау кезінде кемшіліктер байқалады. Векторлық бейнелер онай өңделеді және сапасы өзгермейды.



Бейнелердін баспаға басып шығуы 
Нүктелік бейнені онай принтердан басып шығуға болады.

Векторлық бейнені принтерден басып шығарған кезде оңша сапалы болып шықпау мүмкін немесе басып шықпау мүмкін.



Сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар.

  1. Графикалық редактор дегеніміз не?

  2. Нүктелік бейне дегеніміз не?

  3. Векторлық бейне дегеніміз не?

  4. Нүктелік бейнеден векторлық бейненің айырмашылығы қандай?

  5. Нүктелік бейнемен жұмыс істеу кезінде қандай өзгерістер болады?

  6. Векторлық бейнені нүктелік бейнеге ауыстыру әрекеті қалай аталады?



Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

  1. В. Симонович «Информатикадан базалық курс» 394 - 409 беттер

  2. Информатикадан 30 сабақ 220 - 240 беттер




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет