Сабақ Қымбатты дос!



Дата20.06.2018
өлшемі37,5 Kb.
#43734
Зерттеушілер клубы

1-ші курс

6-шы сабақ
Қымбатты дос!

Иеміз Иса Мәсіх айқыш ағашта өліп, жерленгеннен кейін шайтан мен жындар Оны жеңілді деп ойлады. Бірақ олар қатты қателесті. Үшінші күні Иса қайта тірілді.

Иса шынымен қайта тірілді ме? Иә, бұл – нағыз шындық! Оны біз Киелі кітаптан оқып, анықтай аламыз.
Иса айқыш ағашқа шегеленгеннен кейін, түс қайта сағат үште жан тапсырды. Сол күні Ариматия қаласының тұрғыны Жүсіп Исаның сүйегін айқыш ағаштан түсіріп, жерлеуге әзірледі. Оған Нікөдем есімді атақты адам көмектесті.

Жүсіп бай адам еді. Оның әк тасты жарқабақтан үңгіп қазылған қабірі болған. Жүсіп пен Нікөдем Исаның сүйегін матаға орап, оны сол үңгірдегі қабірге апарып қояды.


Олар қабірдің аузын үлкен таспен бекітеді.

Иеміз Иса үшінші күні қайта тірілетінін алдын ала айтқан.


Иса қайта тірілді!
Сондықтан Римдік әмірші Пилат қабірдің аузына күзет қойып, осылайша ешкім Исаның сүйегін алып кете алмайтындай қылды.

Әмірші жасақшыларына қабірді күзетуді бұйырып, оның аузын бекіттіріп мөр бастырды. Қабірдің аузын ашуға ешкімнің қақысы болмады, өйткені оған өкімет басының мөрі қойылған болатын.

Ал үшінші күні таңертең Иса өлімді жеңіп, қайта тірілді! Сол кезде жер қатты сілкініп, көктен келген періште қабірдің аузын бекіткен тасты жылжытып, алып тастады. Римдік жасақшылардың зәрелері ұшып, қорыққандарынан қашып кетті.
Содан кейін салт бойынша Исаның денесін арулап, иісмаймен сылау үшін қабірге үш әйел келді. Олардың үңгірдің аузы ашық екенін көріп, қасына жақындағанда түрі жарқыраған, киімі қардай әппақ бір періштені көреді. Қорыққандарынан сілейіп тұрып қалады. Сонда періште әйелдерге үн қатып: “Қорықпаңдар! Айқышқа шегеленіп өлтірілген Исаны іздеп келгендеріңді білемін. Ол мұнда жоқ. Өзінің айтқанындай, Ол қайта тірілді! Барып, Оның жатқан орнын көріңдер”, - дейді (Матай 28:5-6).

Үш әйел қатты абыржып, осы хабарды Исаның шәкірттеріне жеткізуге асығып жөнеледі. Олар Петір мен Жоханды кездестіріп, көргендерін айтып береді. Петір мен Жохан жүгіре келіп, қабірдің ішіне кіргенде, болған жағдайға өте таңғалады. Сүйекті ораған мата адамның денесін орағандай қалпында қалса да, Исаның денесі жоқ еді! Иса шынымен қайта тірілді!


Ол мұнда жоқ. Ол қайта тірілді!
Қабірдің ішінде ешкім жоқ еді
Мағдалалық Мәриям есімді әйел көзінің жасын төгіп, қабірге қайта оралады. Мәриям Исаның денесін біреу ұрлап кетті деп ойлап, қатты қайғырып жылайды, өйткені ол Иемізді ерекше қастерлейтін.

Кенеттен Мәриямның алдында Иса пайда болды. Оны бағбаншы екен деп ойлап: “Мырза, Оны алып кеткен Сіз болсаңыз, қай жерге қойғаныңызды айтыңызшы; мен Оны алып келейін”, - дейді.

Мәриям Исаны көрді)
Ал Иса оған: “Мәриям!” – дегенде, Мәриям Оны танып, бұрылып: “Ұстазым!” – деп дауыстайды.
Сол күні кешке Исаның он шәкірті бір үйдің қонақ бөлмесінде жиналған еді. Араларында Тома деген шәкірті ғана жоқ болатын. Олар жаңадан көріп-естігендері туралы сөйлесу үшін кездескен еді. Кенеттен олардың араларында Иса пайда болып: “Сендерге тыныштық болсын!” – деді. Шәкірттері Исаны елес екен деп қатты қорықты. Бірақ Иса оларды жігерлендіріп, Өзінің қолдарындағы және бүйіріндегі тыртықтарын көрсетті. Сонда Оның қайта тірілген Иса екендігіне олардың көздері жетті. Сонан соң Иса шәкірттерімен бірге отырып, бал және кепкен балық жеді.
Кейін шәкірттері Томаны кездестіріп, оған Исаны көргендерін айтты. Бірақ Тома оларға сенбей: “Мен Оның қолынан шегелердің орнын көрмесем, саусағыммен шегелердің орнын сипап, бүйіріндегі тыртығын қолыммен ұстап көрмесем, Оның тірілгеніне еш сенбеймін”, - деді.
Сегіз күннен кейін Исаның шәкірттері сол үйге қайта жиналды. Олармен бірге Тома да бар болатын. Кенеттен Иеміз Иса қайтадан пайда болып: “Сендерге тыныштық болсын!” – деді. Содан кейін Иса Томаға: “Менің қолыма саусақтарыңды тигізіп қара, алақаныңды бүйіріме қой және сенімсіз болмай, сенетін бол!” – деді.
Сонда Тома: “Ием менің, Құдайым менің!” – деп Исаға тағзым етті.
Тома Исаға тағзым етті
Иеміз Исаның қайта тірілгені нені дәлелдейді? Исаның қайта тірілгені Оның Құдай Ұлы екенін дәлелдейді. Сонымен қатар ол Исаның айтқандарының бәрінің де шындық екенін дәлелдейді. Иса осымен Өзінің құдіретін де көрсетті.

Иеміз Иса – біздің тірі Құтқарушымыз! Ол кейін Жохан елшіге аян беріп, былай деді: “Мен тірімін; өлген едім, ал енді мәңгілік өмір сүремін. Өлімнің де, о дүниенің де кілттері менде” (Аян 1:18).


Көк пен жердегі барлық билік Исада

Иеміз Иса қайта тірілгеннен кейін қырық күн бойы шәкірттеріне көрініп жүрді. Оны бес жүзден астам адам өз көздерімен көрді.


Бір күні Иеміз Иса елшілеріне Өзінің жақында көкке кететінін айтты. Оларға: “Көк пен жердің бүкіл билігі маған берілген”, - деп, сенушілеріне күллі әлемге Ізгі хабарды таратуды бұйырды.

Содан кейін Иса бәріне ақ батасын беріп, көкке көтеріліп кетті.


Иса көкке көтерілді
Шәкірттері аспанға қарап тұрғанда екі періште пайда болып, былай деді: “Ғалилеялықтар, неменеге бұл жерде аспанға қарап тұрсыңдар? Жаңа қастарыңнан көкке көтеріліп, Құдай қабылдаған Иса көз алдарыңнан көкке қалай кетсе, тура солай қайтып келеді” (Ел. іст. 1:11).
Жұмақ

Иеміз Иса қазір көктегі тағында, Құдайдың оң жағында отыр. Бірақ Ол бір күні қайтып келеді. Қазір Ол жұмақта Өзіне сенетін біздер үшін тамаша орын дайындап жатыр.


Иеміз Иса қайтып келуге уәде берген: “Көктегі Әкемнің үйінде тұратын орын көп. Әйтпесе өздеріңе айтар едім. Енді Мен сол жерден орын дайындауғабара жатырмын. Барып, дайындап болғаннан кейін қайтып келіп, Мен болатын жерде сендерді де болсын деп қасыма алып кетемін” (Жохан 14:2-3).
Алтын аят

Иса былай деді:

“Көк пен жердің бүкіл билігі Маған берілген”

(Матай 28:18).

Қазынаны іздеп тап

А Б Д З И К Қ Л М

Н Ң О Р С Т

У Ұ Ш Ы І

Табылған қазына
Қазақша аудармасы және көркемделуі “Ізгі хабар” баспасы, Стамбул 1996 ж.

Түпнұсқасы ТМСІ, 1990 ж.


“Зерттеушілер” клубы, 1-ші курстың

6-ші сабағына арналған сұрақтар

Нұсқау: Дұрыс жауапты (а немесе ә әріптерінің біреуін) таңдап, төртбұрыштың ішіне жаз.


  1. Иса айқышта өлген кезде:

а) Оның өмірі біржола аяқталды;

ә) Оның өмірі біржола аяқталған жоқ, өйткені Ол үшінші күні қайта тірілді.



  1. Біздің киелі кітаптан білгеніміз:

а) Иса қайта тірілгеннен кейін Оны ешкім көрген жоқ;

ә) Иса қайта тірілгеннен кейін Оны көп адамдар көрді.



  1. Исаның қайта тірілгені нені дәлелдейді?

а) Иса – Құдай Ұлы және Оның айтқандарының бәрі – шындық;

ә) Иса айқышта өлген жоқ.



  1. Киелі кітап бойынша ...

а) Исаға көк пен жердегі көп билік берілген;

ә) Исаға көк пен жердегі бүкіл билік берілген.



  1. Киелі кітап бойынша ...

а) Иса Өзіне сенгендерді жұмаққа алып кету үшін қайтып келеді;

ә) Иса енді ешқашан қайтып келмейді.

Осы жауаптар парағын сызықшалар бойымен қиып алып, конвертке сал.
Мына жерге алтын аятты жаз-------------------------------------------------

Мына жерге табылған қазынаны жаз---------------------------------------

Баспа әрпімен жазуыңды сұраймыз!

Аты-жөнің -------------------------------------------------

Туған күнің----------жасың---------------сынып----------

Мекен-жайың---------------------------------------------------


Осындай сабақтарды сенің достарыңа да жіберуге дайынбыз. Достарыңның аты-жөндерін, мекен-жайларын және мүмкін болса, олардың ата-аналарының да аты-жөндерін бір қағазға анықтап жазып, өзіңнің сабағыңмен бірге бізге жібер. Бізде барлық жастағы адамдарға арналған сабақтар бар.

Өзіңнің мекен-жайың мен біздің мекен-жайымызды жазуды ұмытпа! Поштаға салардан бұрын мұқият тексеріп шық! Бізге тек жауаптар парағын жібер!


Егер бізден екі ай уақыт мерзімінде жауап келмесе, хабарлас. Себебі сол жағдайда сенің хатың немесе біздің жауабымыз поштада жоғалып кеткен шығар.
050031 Қазақстан

Алматы


п\ж 68

“ШЫҒЫС СӘУЛЕСІ”

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет