Шет тілдері практикалық курсы кафедрасы АҒылшын тілі «География» мамандығы бойынша студенттердің практикалық сабағына арналған әдістемелік құрал Павлодар



бет1/10
Дата20.06.2018
өлшемі297 Kb.
#43658
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Шет тілдері факультеті
Шет тілдері практикалық курсы кафедрасы


  1. АҒЫЛШЫН ТІЛІ


«География» мамандығы бойынша студенттердің практикалық сабағына арналған әдістемелік құрал

Павлодар
УДК 811.112.2

ББК 81.2 Англ.

А 23


С. Торайғырова ат. ПМУ ОҚУ кеңесімен бекітілген


Рецензент:
кандидат филологических наук Г.Х. Демесинова



Құрастырушылар: Аипова А.К., Смагулова К.Ж., Мағзумов Х.Б.
А 23 Ағылшін тілі пәні бойынша География әдістемелік

нұсқау.  Павлодар, 2006.  52 б.

Әдістемелік нұсқауда «Ағылшін тілі» пәні бойынша География мамандығына оқитын студенттерге арналған бақылау жұмысын орындау үшін пікірлер, жұмысты жазудың мақсаты, тақырыптың нұсқаулары берілген.

Әдістемелік нұсқау «Агылшін тілі» ГОСО РК 3.07.091.2001 (2002) мамандықтары бойынша жасалған бағдарламаның талаптарына сай жасалған.



УДК 811.111.(07)

ББК 81.2 Англ

©А.К. Аипова, К.Ж. Смагулова, Х.Б. Мағзумов, 2006

©С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті, 2006




Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................3

1 Бірінші семестр........................................................................................6

1 Нұсқа.........................................................................................................6

2 Нұсқа.........................................................................................................9

3 Нұсқа.......................................................................................................12

4 Нұсқа.......................................................................................................16

5 Нұсқа.......................................................................................................19

2 Екінші семестр.......................................................................................23

1 Нұсқа.......................................................................................................23

2 Нұсқа.......................................................................................................26

3 Нұсқа.......................................................................................................30

4 Нұсқа.......................................................................................................33

5 Нұсқа.......................................................................................................36

3 Үшінші семестр......................................................................................39

1 Нұсқа.......................................................................................................39

2 Нұсқа.......................................................................................................42

3 Нұсқа.......................................................................................................45

4 Нұсқа.......................................................................................................48

5 Нұсқа.......................................................................................................52

Әдебиет....................................................................................................58

Кіріспе
Тіл маманынан басқа мамандық студенттеріне жоғары оқу орнында ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсаты олардың өзге тілдегі дерек көздерінен ақпарат алу үшін мамандығы қатысты әдебиетті өз бетінше оқи аматындай днңгейде тілді меңгеруіне жетісу болып табылады.

Оқыту кезінде сөйлеу (оқу, айту) мен жазу тәзірді сөйлеу қызметі бүкіл курс бойы оқыту құралы ретінде пайдаланылады.

Аударма оқыту құралы ретінде, оқығанды қаншалықты түсінгенін тексеру үшін, оқығанда алған ақпаратын жеткізудің ықтымалды әдісі ретінде қолданылады. Практикалық жұмысқа мамандығы бойынша әдебиетті оқу шеберлігі мен дағдысын меңгеруге қажетті грамматикалық және лексикалық материал енеді. Практикалық жұмыс ағылшын тілін оқитын және ағылшын тілі бойынша белгілі бір дәрежеде білім мен дағдыны меңгерген 1, 2 курс студенттерінің 1, 2 және 3 семестрлеріне арналған.
Әдістемелік құрал
«География» мамандығы студенттеріне арналған практикалық сабақтардың мақсаты – бұрынғы тілдік білімдердің негізінде өз ойын жеткізуге, естігені мен оқығанын түсінуге қажетті сөйлеу шеберліктері мен дағдыларын дамытк. Бұл мақсатты компоненттер практикалық сабақтардың мазмұнын, мамандық бойынша мәтіндердің бағытын, мәтіндік тапсырмалардан соң терминологиялық сөздікті құрастыруды белгілейді.

Практикалық тапсырмаға енетіні:



  • тілдік тапсырмалардың ұтымды көлемі мен үйлесімі;

  • мәтіндік материалдың жоғары актуальдылығы,

ақпараттылығы

және танымдылығы;



  • мамандық пен елтанымдық аспект бойынша

коммуникативтік

бағыты, оңтайлы таныстырылды.

Мамандығы мен елтанымдық тақырып бойынша мәтіндермен жеке жұмыс дағдыларын дамытуға ерекше ектін түсіріледі, бұл студенттердің кәсіби және жалпы білімдік дүниетанымын кеңейтуге ықпал етеді.

Мәтіннен кейінгі коммуникативтік тапсырмалар, сөзжасамдық, грамматикалық және сөйлеу жаттығулары мамандық бойынша лексиканы енгізуге, тілдік материалға жаттығуға және бекітуге қызмет етеді. Сонымен қатар тілдік материал мен тапсырмалар өткен материал білімдерін және тиісінше тілдік дағдылар мен шеберліктердің қалыптасу деңгейін тексеріп, жинақтауға қажет. Практикалық жұмыстың бірінші кезеңінде лексикалық тапсырмалар орындалады. Тапсырмада көзделген мақсат-терминологиялық лексикалық материалға жаттығып, бекіту. Лексикалық материалдардың жекелей, қосарланып немесе шағын топтарда орындалуы мүмкін. Одан соң оқушылар үйренген лексикасы мен мәтіннің соңында студенттің сөздік қорын байыту және оқу бағдарына сәйкес кәсіби біліктілігін дамытуға алғы шарт болатын терминологиялық сөздікке сүйене отырып, арнайы мәтінді оқып, аударады. Бұдан кейін мамандық бойынша зерделік-танымдық қабілет пен грамматикалық практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған мәтіннен соңғы тілдік және грамматикалық тапсырмалар жазбаша және ауызша түрде орындалады.


Лексикамен жұмыс
Лексикалық қорды бекіту және байыту жұмысын былайша жүргізу ұсынылады:

  • сөздікпен жұмыс істегенде алғыссөзден сөздіктің

құрылысымен

және сол сөздікте қабылданған таңбалар жүйесімен танысыңыз;



  • грамматикалық сипатына (белгісіз тұлға, жекеше түрде)

сәйкес

сөзді бастапқы тұлғасында жазып алыңыз.

Ағылшын тілінді сөзжасам тәсілдерін білу сөз қорын кеңейтудің тиімді құралы болып қызмет етеді. Туынды сөзді түбірге, префикске және қосымша бөлшектей білу естімеген сөздің мағынасын анықтауды жеңілдетеді. Кеңінен қолданылатын префикстер мен жұрнақтардың мағынасын еш қиындықсыз түсіне аласыз; мысалы: consequen (следовать) – consequently (следовательно) – consequence (последствие).

Терминдер санының көп болуы арнайы әдеьиет тіліне тән ерекшелік болып табылады. Термин – ғылым мен техникалық нақты саласы үшін дара мағыналы сөз немесе тұрақты сөз тіркесі.

Аударманың қиындығы көп мағыналы шет тілдік терминнің дұрыс мағынасын таңдауда. Қателікке ұрынбас үшін контекстке сүйене отырып, үзіндінің немесе абзацтың жалпы мазмұнын білу, белгілі терминмен айтылған ұғымның білімнің қай саласына жататынын анықтау керек.
Мамандандырылған мәтінмен жұмыс
Оқытудың негізі мақсатты қондырғысы шет тілдік дереккөзден ақпарат алу болып табылатындықтан мамандық бойынша мәтіндерді оқуға ерекше көңіл бөлінді керек. Мамандандырылған мәтінді оқу мына шеберліктерден тұрады:


  • созжасам нышандары мен контекстің негізінде бейтаныс

сөздердің мағынасын болжау;

  • интернациональдық сөздерді көріп, олардың мағынасын

елгілеу;

  • таныс грамматикалық тұлғалар мен құрылымдарды тауып, орыс

тілінде олардың эквиваленттерін белгілеу;

  • мағыналық және тілдік болжамның негізі ретінде арнайы пән

бойынша білімді пайдалану.

Мәтінді тура және толық түсіну зерделеп оқу жолымен жүзеге асырылады. Зерделеп оқу арнайы пәндер білімін пайдалана отырып, өз бетінше лексикалық-грамматикалық талдау жүргізе білуді қажет етеді. Жұмыстың осы түрін өткізгенде терминологиялық сөздіктерді пайдалана отырып, мамандандырылған мәтінді барабар аудару (ауызша эәне жазбаша) дағдыларын дамыту қажет.




1 семестр

1.1 нұсқа

1.1.1 Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыз



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет