Тақырыбы: Түзулердің параллельдік белгілері
|
Мақсат:
|
|
Жаңа білім
|
• Параллель түзулермен тереңірек танысу. Екі параллель түзуді басқа түзумен қиғанда пайда болатын бұрыштардың түрлерін үйрену. Ішкі айқыш бұрыштар, сыртқы айқыш бұрыштар ішкі тұстас бұрыштар, сыртқы тұстас бұрыштар туралы білетін боласыңдар.
|
Жаңа түсінік
|
• Ішкі айқыш бұрыштар, сыртқы айқыш бұрыштар ішкі тұстас бұрыштар, сыртқы тұстас бұрыштар ұғымдарын түсіну.
|
|
Қолданым әрекеті
|
• Параллель түзулер турала білімді тереңдете түсіп, түрлі есептерге пайдалану.
|
Талдау әрекеті
|
•Параллель түзулердің түрлі бұрыш түрлерін талдау.
|
Шығармашылық әрекет
|
• Өмірден параллель түзулер туралы мысалдар келтіру.
|
|
Бағамдау әрекеті
|
• Параллель түзулер бұрыш түрлерін бағамдап, қорытындылау.
|
Сабақ құрылымы:
|
|
І. Ақпарат алмасу (10 мин.).
ІІ.Алғашқы бекіту (5 мин.).
ІІІ.Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV.Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V.Бағамдау-бағалау (5 мин.).
|
Сабақ типі: фронтальді, жұптық, топтық.
|
Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік.
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
•оқушыларға бағыт-бағдар, қажет болған жағдайда көмек береді
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер: кесінді, сәуле, жарты жазықтық.
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
• тақырып бойынша әртүрлі танымдық сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу.
|
Ақпарат көздері:
|
|
1. Ж.Қайдасов, Г.Досмағанбетова, А.Абдиев “Геометрия” 7сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» 2012.
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
• оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады
|
Үй тапсырмасы:
|
|
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы:
Теоремаларды дәлелдеуге қандай аксиомалар мен теоремалар туралы білімдеріңді пайдаланасыңдар?
•Бонус-балл тапсырмасы:
Түзулердің параллельдік белгілері теоремаларын дәлелдеу туралы оқып келу.
|
|