Сабақ Тақырыбы: Қол гранаталары. Пәні: А.Ә. Д



Дата10.04.2017
өлшемі20,46 Kb.
#13579
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы Білім департаменті

№12 кәсіптік лицей


Ашық сабақ

Тақырыбы: Қол гранаталары.

Пәні: А.Ә.Д.


Мұғалімі: А. Бердіқұлов

Сарыағаш 2011 ж

Сабақ жоспары
Күні:__________________

Топ:___________________

Сабақтың тақырыбы: Қол гранаталары.

Сабақтың мақсаты: Жарықшақты қол гранаталарының ұрыстық қасиеті, арналуы мен материалдық бөліктері туралы теориалық білім беру қол гранаталарын қолдануда қауіпсіздік тараптарын сақтауға үйрету.

Өтетін орны: АӘД кабинеті.

Уақыт: 45 минут.

Жаңа сабақ түсіндіру: Жарықшақты қол гранаттары жақын ұрыстығы (шабуылда, оқпанда, жертөледе, елді мекендерде, орманда, тауда және т.б.) қарсыластың тірі күшін жарықшақтарымен жоюға арналған.

Қазақстан армиясының қарулануында:



  • РГД-5 қол гранаты;

  • РГН және РГО-қол гранаты;

  • Ф-1 қол гранаты бар.

Гранаттар жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты: шабуылдағы және қорғаныстағы болып бөлінеді. РГД-5 және РГН-шабуылдағы, Ф-1 мен РГО-қорғаныстағы гранаттарға жатады.

РГД-5 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықта әрекет ететін гранат, ол қарсыластың шабуылда және қорғаныста тірі күшін жоюға арналған. Гранат лақтыру таяу ретте қимыл жасауда және сауытты транспортерде (автомобильдерде) әр түрлі жағдайда жүзеге асырылады.

Гранат жарықшақтарының қиратқыш радиусы 25 и-ге жуық. Гранатты лақтуырудың орташа қашықтығы – 40- 50 м.

Жабдықталған гранаттың массасы – 310 г.

Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты – 3,2 – 4,2 с.

Ф-1 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықтық әрекетті гранат. Ол көбіне қорғаныс шайқасында тірі күшті жоюға арналған. Гранатты әр түрлі жағдайдардан және тасадан, сауатты транспортерден немес танкіден (өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыдан) лақтыруға болады. Гранаттың жарылу кезіндегі жарықшақтар ұшу радиусы – 200-га жуық. Гранат лақтырудың орташа қашықтығы – 35-45 м. Жарақталған гранат массасы – 600 г. Тұтандырғыш баяулатқышының жану уақыты – 3,2 – 4,2 с.



Қорытынды: Сапқа тұру, бағаларды баяндау, оқушылардың қателіктерін түсіндіру, үйге тапсырма, қоштасу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет