5 Шабуылдағы сарбаз. 5-күн



Дата25.01.2022
өлшемі14,35 Kb.
#114147
түріҚұрамы
Байланысты:
5(3).Шабуылдағы сарбаз.
ANSWER THE QUESTION, 3)Теңдеулер және олардың жүйесін шешудің жалпы әдістері тақырыбына есептер шығару

&2.5 Шабуылдағы сарбаз. 5-күн.

Шабуылды ұрыс кезінде жауынгер бөлімше құрамында әрекет етеді.Жауынгер іс-әрекетінің, қимылының табысты болуы оның шабуылға дайындығына байланысты. Бөлімше командирінің тапсырмасы бойынша жауынгер бөлімше мен взвод шабуылның объектісін және шабуылдағы қарсылас қимылын, шабуыл бағытын, бөгеттерден өту тәртібін және шабуылдағы қозғалысты нақты түрде елестете алуы тиіс. Осыдан кейін жауынгер мыналарды:қарудың жарамдылығы және оны ұрысқа дайындау, оқ-дәрінің болуы(қажет болса, құралдармен толықтырылады):жеке қорғаныш құралдары мен жабдықтарының болуын және олардың жарамдылығын тексереді.Түнде шабуылға дайынжадған кезде жауынгер бұдан басқа қозғалыс бағытындағы жерді, өзіне түнде бағдар болуы мүмкін жергілікті заттарды есте сақтайды және азимут бойынша қозғалыс бағытын зерттейді. Түнгі көздеуішті автоматтары мен пулеметтері бар жауынгерлер өз қаруларын тексереді.Қараңғы уақытта атысты дәлдеу үшін оқжаталарлар трассаланған оқтары бар патрондармен қосалқы түрде жабдықталады. Жабдықтау қимылы өзгертпей және шу шығармай жасалуы тиіс.Егер шабулы оқпана немесе ордан, яғни қарсыласпен тікелей түйісу жағдайынан басталса, жауынгер тез секіріп шығу үшін өзіне бейімдеулер дайындап алады.Бұл үшін оқпананың алдыңғы тіктігінде қазан шұңқыр немесе сатылар жасалады.Шабуыл басталғанға дейін қажеттілікке байланысты жауынгер қарсыласқа атыс жүргізеді, «Шабуылға дайындал!» пәрмен(дабылы)бойынша қаруды оқтайды.Ол үшін жарақталған оқжатарды біріктіріп, ажыратылып тұрған оқжатарды оқтайды да, сөмкеге салады. Содан соң «жауынгер автоматқа сүңгі пышақты қосып, «П» не «З» көздеуішін белгілейді, гранатаны дайындап, жарақтану заттарын қозғалысқа кедергі келтірметіндей етіп бекітеді. Содан кейін аяғын табалдырыққа қойып, оны тастап шығуға дайын болатындай етіп қолын оқпананың топырақ қалқасына тірейді. Бұл кезде қарсыласқа бақылау жасауын тоқтатпайды.

Сұрақтар мен тапсырмалар:



1)Жауынгер командирден тапсырма алғана соң нені білуі керек?

2)Ұрысқа дайындалу кезеңінде жауынгер нені тексереді?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет