Үй тапсырмасының тақырыбы: Жергілікті жерде карта көмегімен қозғалу тәсілдері
Тест тапсырмасы
1. Жол бойымен қозғалыс 2. Жолдан тыс қозғалыс жасау 3. Жабық жерлерде қозғалыс 4. Түнгі қозғалыс
Сұрақ-жауап (Ой толғау)
ІІІ. Жаңа сабақ
Тақырыбы: Шаруашылық нысандарының азаматтық қорғанысы.
Ой қозғау (Білемін)
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС–ХАЛЫҚТЫ, ШАРУАШЫЛЫҚ НЫСАНДАРДЫ, АУМАҚТЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАҢҒЫ ЗАҚЫМДАНУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУ (ҚИРАТУ) ФАКТОРЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІНЕН, ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАН ҚОРҒАУ МАҚСАТЫНДА БЕЙБІТ ЖӘНЕ СОҒЫС УАҚЫТЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН ЖАЛПЫ МЕМЛЕКЕТТІК ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
Қазіргі заманғы зақымдау құралдары:
Ядролық қару.
Химиялық қару.
Биологиялық қару.
Ядролық жарылыс кезінде лезде бөлініп
шығатын, ішкі ядролық қуатты пайдалану
негізінде әрекет ететін қару - ядролық қару деп аталады.
Химиялық қару – ұрыстық улы химиялық
заттарды (ҰУХЗ) қолдануға негізделген жаппай
зақымдау құралдарының бірі.
Биологиялық қару – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ – дәрілер мен ұрыс аспаптары.
Созақ ауданында болған дауылдың салдарынан білім мекемелеріндегі көріністер
ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР:
ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР:
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар дегеніміз адамдардың өз қолдарымен жасалып жаткан апаттар мен қирауларды айтады. Оның түрлері: - Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыт-тарда, шахталарда және т.с.с). - Көлік жүйесіндегі апаттар. - Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орын-дарында, мұнай, газ құбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с).
Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) Басқару: құлақтандыру және байланыс жүйелерiн ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзiрлiкте ұстау;
2) Азаматтық қорғаныс күштерiн құру: дайындау және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға ұдайы әзiрлiкте ұстау;
3) Қорғану құрылыстары: жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкiнiң қорларын жинау және әзiрлiкте ұстау;
4) Халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау: орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда iс-қимыл жасау тәртiбi туралы хабарлау;
5) Іздеу-құтқару жұмыстары: шұғыл жұмыстарды жүргiзу, зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн және оларды қауiптi аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;
6) Азық-түлiк, су көздерiн індеттерден қорғау: тамақ шикiзаттарын, жемшөптi, мал және өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсiмдiк iндеттерiнен қорғану
Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың
принциптерi мен тәртiбi:
Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында аумақтық-өндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады.
Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi.
Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.
Слайд №4
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
(аумақтық-өндірістік принципі бойынша ұйымдастырылады)