Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



Pdf көрінісі
бет39/39
Дата22.05.2022
өлшемі1,2 Mb.
#144528
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
bilet 1-30
polozhenie-o-magisterskoy-dissertatsii, Сабак №7, Сабак №5, Сабак №9, Сабак №8, Сабак №1, Сабак №14
3. Тоғылық Темір хан
(1329 – 1362/63) – Шағатай ұрпағы, Моғолстанның 1347 – 1363 ж.ж. алғашқы ханы. 19 ғ. 
ортасында Шағатай қағанаты батыс жəне шығыс бөліктерге бөлінеді. Шығыс бөліктегі көшпелі жəне жартылай 
көшпелі түркі тілдес тайпалардың əмірлері мемлекеттің одан əрі ыдырауына жол бермеу үшін шағатайлық хан 
іздестіреді. Рөлі күшті дулат тайпасының əмірі Болатшы 16 жасар Тоғылық Темірді іздеп тауып, оны 1347 – 48 ж. 
хан етіп көтереді. Шығыс бөліктегі жаңадан құрылған мемлекет – Моғолстан деп аталады. Оның 


шекарасы Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуы бойынша: «шығыста – қалмақ 
жерлерімен, Барскүл, Еміл, Ертіспен, солтүстікте – Көкше теңізбен (Балқаш), батыста 
– Түркістанмен, Ташкентпен, оңтүстікте – Ферғана, Қашқар, Ақсу, Үалыш, Тұрпан уəлаяттарымен шектеседі...» 
Моғолстанға Оңтүстік-Шығыс Қазақстан (Жетісу) жəне Қырғызстанның басым бөлігі енген. Тоғылық Темір хан 
тұсында Алмалық қаласы астана болды. 
Тоғылық Темір хан 1360 жылға дейін Моғолстанның ішкі саяси істерімен айналысып, саяси тұрақтылықты 
қамтамасыз етеді, салық жүйесін қалпына келтіреді, бүкіл Моғолстанды біріктіреді, ұлыстық жүйені сақтап, 
ұлысбегі лауазымын дулат тайпасының əмірлеріне қалдырады. Тоғылық Темір хан ислам дінінің таралуына кең 
қолдау көрсетеді, өзі 24 жасында Аршададин Мəуленнің ықпалымен мұсылмандықты қабылдайды. Ислам 
Тоғылық Темір хан тұсында Моғолстанда мемлекеттік дінге айналады. Дулатидің мəліметі бойынша, 
Моғолстанда бір күнде 160 мың адам мұсылмандықты қабылдаған. 
Сыртқы саясатта Тоғылық Темір хан Шағатай мемлекетін біріктіруге күш салды. Сол мақсатпен ол 1360 жəне 
1361 жылдары екі рет Мауераннахрға жорықтар ұйымдастырады. 1361 жылғы көктемдегі екінші жорығы өте 
нəтижелі болып, Мауераннахр Моғолстанға қосылады. Тоғылық Темір хан онда ұлы Ілияс Қожаны əкім етіп 
тағайындайды. 1362/63 жылы 34 жасында Тоғылық Темір хан қайтыс болады. Ол Алмалық қаласында жерленеді. 
Ұлы Ілияс Қожа хан таққа отырады 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет