Қазақстан тарихы бжб



Дата23.01.2022
өлшемі16,47 Kb.
#113334
Байланысты:
Документ (13)
«Педагогиканы о ыту дістемесі» (1), «Педагогиканы о ыту дістемесі» (1), «Педагогиканы о ыту дістемесі» (1), Документ (13), «Т рбие ж мысыны теориясы мен дістемесі» п нінен 2-межелік тес, «Т рбие ж мысыны теориясы мен дістемесі» п нінен 2-межелік тес, 1410281395234, 1410281395234, Психология 2

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ БЖБ

1)

ЖЭС - тің әлеуметтік міндеті : әлеуметтік шиеленісті жою ; Кеңес өкіметінің жұмысшылар мен шаруалардың одағы түріндегі әлеуметтік базасын нығайту саналды . ЖЭС - тің экономикалық міндеті : қирап - бүлінудің одан әрі шиеленісуін болдырмау ; дағдарыстан шығу және шаруашылықты қалпына келтіру еді . ЖЭС - тің саяси міндеті : қоғамдық - саяси тұрақтылықты қамтама сыз ету және социалистік қоғам құру үшін қолайлы жағдайлар жасау болды . Сонымен қатар ЖЭС сыртқы саяси байланыстарды қалпына келтіруді , халықаралық оқшаулануды болдырмауды көздеді.



2)

ЖЭС МАЗМҰНЫ

« әскери коммунизм » саясаты кезеңінде нұқсан келтірілген тауар - ақша қатынастарын қалпына келтіру ; ✓ экономикаға нарықтың белгілерін енгізу ; қалпына келтіру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарды , қызмет көрсету саласының кәсіпорындарын жеке адамдарға сату ;

жалға алу мен жалдамалы еңбекке рұқсат ету ;

деревня мен ауылда азық - түлік салғыртын азық - түлік салығы мен алмастыру ( азық - түлік салғырты кезінде астықтың 70 % ына дейін , азық - түлік салығы кезінде 30 % -ы алынды ) .
30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйенің маңызды 4 немесе 5 белгілерін жазу

экономиканы басқару жүйесін орталықтандыру ;

саяси басқарудың экономикалық басқарумен бірігіп кетуі ;

партияның мемлекетті « иеленіп алуы » ; азаматтық бостандықтарды жою ; қоғамдық өмірге толықтай бақылау жасау және бірізге салу ; көсемге табыну болды .



3)

Қазақстанда 20-30 жылдардағы дін жөніндегі саясаттың негізгі 3 кезеңіне сипаттама беріп жазыңыз.

- кезең ( 1917 жылдан 1923 жылға дейін ) христиандыққа ( православие , католиктік және протестанттық шіркеулер ) больше виктік белсенді қысым көрсету кезеңі . Бұл кезеңде атеизм дін жөніндегі саясатта алғашқы шараларын жасады . 1917 жылы Ресей халықтары құқықтарының Декларациясында « барлық және барша ұлттық және ұлттық - діни артықшылықтар мен шектеулерді жою » жарияланса да , бұл кезеңде православиелік , католиктік және басқа да дінге сенушілер мен дін қызметшілеріне қарсы қуғындау мен репрессиялардың қатаң үдерістері орын алды . 1918 жылы РКФСР ХКК арнаулы жарғысымен дін мемлекет пен мемлекеттік мектептен бөлінді , заңды тұлға мен меншік құқығынан айырылды , дін азаматтардың жеке ісі болып жарияланды . Бірақ діннің қоғамға ықпалы әлі де болса күшті еді . Бұл кезеңде 1918 жылдан 1920 жылға дейін Ресейде православие дінін қудалау науқаны өрістеді : православиелік орыс шіркеуі әулиелерінің мәйіттерін ашу , храмдардың бағалы заттарын жаппай тартып алу , тонау , діни қызметшілерді ату басталды . Кейбір мәліметтер бойынша , тек 1917 жылдан 1921 жылға дейінгі кезеңде ғана христиан дінбасылары мен дінге сенушілердің арасындағы құрбан болғандардың жалпы саны 25 мыңнан астам адамды құраған .

2 - кезең ( 1923 жылдан 1929 жылға дейін ) – салыстырмалы түрде діни еркіндік кезеңі . Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы дінге қарсы саясат табысқа жеткізбеді . Діннің ішінара қайта өрлеуі басталды . 1923 жылы И.В.Сталин барлық губкомдарға шіркеулерді жабу және діни сипаттағы тұтқындауларға тыйым салу талабымен нұсқаухат жариялады . Соның салдарынан 1923-1929 жылдары мемлекеттің дін жөніндегі саясаты біршама жұмсарды . Биліктің мұсылман дініне көзқарасына келетін болсақ , азамат со ғысы кезеңінен кейін стратегиялық мақсатта мәскеулік үкімет ислам мен мұсылмандарға қатысты салыстырмалы түрде жұмсақ саясат ұстанды . 1918 жылдан 1928 жылға дейінгі кезеңде мұсылмандарға қатысты қатаң репрессиялық іс - шаралар жүргізілген жоқ .

Бұл онжылдық , жалпы алғанда , діни еркіндік кезеңі болып қалды . Биліктің ислам мен мұсылмандарға неғұрлым жұмсақ көзқарасының себептері болды . 1917-1918 жылдар кезеңінде кеңестік Ресейде елдің ұлттық аймақтарында бірінен кейін бірі аумақтық автономиялар ( Түркістан автономиясы , « Алаш » автономиясы және т.б. ) жариялан ды . Большевиктер оларды азамат соғысы жылдары бірінен кейін бірін жоспарлы түрде жойды . Бірақ бұл автономиялардың ұлттық көшбасшыларымен ынтымақтасуға әрекеттенді . Өйткені олардың қолдауынсыз ұлттық шеткергі аймақтарда жақтастар табу мүмкін емес еді . Мұндай жағдайда билік бұл аймақтардағы дін жөніндегі мәселені шиеленістірген жоқ . Сондықтан исламға қарсы сипаттағы жүйелі , белсенді іс - әрекеттер атқарылмады .

3 - кезең ( 1929—1941 жж . ) – дінге қарсы күрестің қатаңдау кезеңі . Бұл кезде қандай да бір « діни еркіндік » тоқтатылды . Дінмен үгіт пен насихат біртіндеп екінші қатарға ығысып , орнын діни ұйымдармен ашық күрес пен дінге сенушілерге қарсы репрессиялар басты . Ал 1932 жылдан 1937 жылға дейінгі кезең дін тарихында « құдайсыз бесжылдық » атауын алды .


Тұрарбекова Жанерке 8 Қ сынып

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет