Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билігі орнады
Есім хандығы, астанасы –
Түркістан қаласы.
Тұрсын-Мұхаммед
хандығы,
ордасы –
Ташкент.
Тұрсын
-
Мұхаммед (1613
-
1627ж.ж.) өз атынан ақша шығарып, салық жинап отырды.
Есім
хан
ойраттардан
хандықтың шекарасын қорғай жүріп, Тұрсын
-
Мұхаммедтің іс
-
әрекеттеріне шыдамдылықпен
қарады
.
Бұхардың
ханы Иманкули екі ханның өзара жауластығын пайдаланып, Ташкентті тартып алуға тырысты.
Қазақ
хандарының арасында алауыздық күшейіп,
1627
ж. Есім хан Тұрсын
-
Мұхаммедті өлтіреді.
1628 жылы Есім хан қайтыс болып,
Ахмет Йассауи кесенесіне
жерленеді. Бұхар әскері Ташкентті тартып алды.
28билет
1.
XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті.
Ғасыр басында қазақ даласы
тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында
ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды. Қазақ халқы талай «тар жол — тайғақ кешулерге» душар
болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі жəне одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты.
Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен əскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге
асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі «Кіші Қазан төңкерісінің» салдары,
1921-1922 жылдар, 1931-1933 жылдар аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары,
өңдірістің ірі «алыптарын» тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен
мамандардың əкелінуі, тың жəне тыңайған жерлерді игеру, «комсомолдық бауырластық жолдамалар» нəтижелері
көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз əкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген
қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казак
келімсектерінің бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де
бүгінгі тəуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз
септігін тигізеді. 1940—1970 жылдар аралығындағы статистикалық басылымдарда туылғандар мен өлгеңдердің
1000 адамға шаққаңдағы табиғи өлім, неке мен ажырасу сандарынан өзге мағлұмат жоқ. Тек кейінгі санақтарда
ғана толық есеп жүре бастады. 1989 жылғы жəне 1999
жылғы санақтарда туу айлары, ұлттары, анасының жасы,
өлген əйел — ерлердің жас мөлшерлері, бала өлімі, өлім-жітім себептері айтылады. Сонымен, санақ мəліметтері,
статистикалық материалдар, мұрағатгық құжаттар мен косымша мағлұматтарды ой елегінен өткізіп салыстырмалы
түрде саралап, фактілердің объективтілігін анықтау арқылы Қазақстан халқының əлеуметтік, этнодемографиялық
өзгерістерін анықтауға мүмкіндік аламыз.
2.
1867-1868 жж. реформа негізінде əскери-сот комиссиясы жəне уездік соттар құрылды.
Билер мен қазылар соты
сақталды. Дау мəселесін шешкенде билер соты дəстүрлі құқық пен шариатқа, ал қазылар тек шариат заңдарына
заңдарына сүйенеді. Билер соты үш сатыдан құрылды:
бірінші
саты – билердің жеке дара өз
соты,
екіншісі
билердің болыстық съезі,
үшіншісі
билердің төтенше съезі. Облыстық басқармалар əскери жəне
уездік сотқа қарамайтын барлық азаматтық жəне қылмыстық істерді үкіметке қарсылық көрсетіп, почтаға,
қазыналық көлікке шабуыл жасап, телеграфты бүлдіріп, лауазымды жəне христиан дінін қабылдауға тілек
білдірген адамдарды өлтіргені үшін əскери сот алдында жауап беретін болды. Ал жергілікті тұрғындардың кісі
өлтіруі, қарақшылық жасауы, барымта мен керуенге шабуыл жасауы, бөтеннің иелігіне қол сұғуы,
жалған ақша
шығарып, қоғам мүлкін ұрлағаны, қазыналық басқарудың жарғысын бұзғаны жəне басқа да лауазымдық
қылмыстары империяның жалпы қылмыстық заңы бойынша заңға тартылады.
1867-1868 жж. Ереже тəжрибе жүргізу үшін екі жылға ғана арналған болатын. Бірақ бұл «тəжрибені» жергілікті
тұрғындардың қолдамауына байланысты 20 жылға созылды. Қазақстан жерінің Ресей империясының мемлекеттік
меншігіне айналдыру жасалған реформаның ең ауыр салдары еді. 1893 жылы 26 наурызда патшаның жарлығына
байланысты Каспий теңізі де Ресейдің жеке меншігіне айналды.
3.
т
әуке
хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым –
қатынаста
болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен,
қалалармен сауда –
саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты
тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген.
Ол кезде мейлінше
жауласып алған жоңғарлар мен қазақтардың бітімге келе қоюы мүмкін емес еді. XVIIІ ғасырдың бас кезінде
жоңғар әскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына
басып кірді . Қазақ ханы Тәуке береке –
бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін
қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында
барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар
әскерлерін шығысқа қарай
ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады. Өйткені бұл кезде жоңғарлар біріккен, қазақтар бытыраңқы
болды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар шабуылды қайта бастады. Алайда, Тәуке хан қазақ хандығын бір
орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, Солай бола турса да, Жәңгірдің
баласы Тауке хан (1680
-
1718 жж.) тұсында қазақ хандығың бірлік
-
берекесі күшейе түсті.
Тауке хан қазақ тарихында
«Әз Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды.
Достарыңызбен бөлісу: