Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



Pdf көрінісі
бет31/39
Дата22.05.2022
өлшемі1,2 Mb.
#144528
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
bilet 1-30
polozhenie-o-magisterskoy-dissertatsii, Сабак №7, Сабак №5, Сабак №9, Сабак №8, Сабак №1, Сабак №14
24билет 
1.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін,халық арасында сауатсыздықты жою қолға алынды.Алдымен ересектер 
арасында сауатсызықты жою қолға алынды.Ересектер жұмыстан кейін кешкі мектептерде оқып, хат таныды.1924 
жылы «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды.Оның мүшелері жер-жерлерде аралап, халықтың арасында 
сауатсыздықты жоюға үлес қосты.1928 жылы Қазақстанда халықтың 25% -ы ғана сауатты болды,оның ішінде 
қазақтардың 10 %–ы ғана сауатты саналады.Осы жылдары оқушыларға мектепте білім беру ісінде көптеген 
қиындықтарға кездесті. Барлық елді мекендерде жаңа мектептер салу, оларды оқулық жəне оқу құралдарымен 
қамтамасыз ету үшін өте көп қаржы қажет болды.Мұғалімдер саны көбейді.Балаларға міндетті түрде бастауыш 
білім беру туралы заң шықты. Елде мектеп жасындағы барлық балалар 4 жылдық бастауыш мектепті 
бітіруге тиіс болды. Ниет білдіргендер оқуларын жалғастырып, жеті жылдық жəне он жылдық мектепте оқи 
алатын болды.1931 жылы 15 пен 50 жас аралығындағыларға міндетті түрде оқыту енгізілді. 
Бөкейханов,Байтұрсынов,Дулатов,Жұмабаев,Аймауытов,Асфендияров жəне басқалар мектептерге арналған 
тұңғыш оқулықтар жазды. Қазақстан тарихы оқулығы мен бағдарламасын дайындаған, 
Санжар.Асфендияров қуғындалып, жазғандары мектепте оқытылуға тиым салынды. Бұндай жағдайды 
көпшілік алаш қайраткерлерінің өкілдері бастан кешті. Қазақ мектептерінде Мəскеуден шыққан аударма 
оқулықтар оқытылды.Елімізге инженерлер, мұғалімдер мен дəрігерлер жəне басқа мамандар өте қажет болды. 
Сондықтан елімізде осындай мамандар даярлайтын институттар мен техникумдар ашыла бастады. Ұлы Отан 
соғысы қарсаңында елімізде 20 жоғары оқу орны мен 118 орта арнаулы оқу орны болды. Онда 40 мыңдай адам 
оқыды. 
2.
Орта жүздегі патшалық реформаларға қарсылық. Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыс (1825—1836 жылдары) 
ұл патшалық реформа дəстүрлі билік құрылымдарын бұза отырып, қазақ қоғамындағы бұрынғы қайшылықтарды 
одан əрі тереңдете түссе, екіншіден, Ресейдің əскери-əкімшілік отарлауына кең түрде жол ашып берді. 
Орта жүзде хандық жүйенің жойылуы жəне Қарқаралы (1824 жылы), мен Көкшетау (1824 жылы) округтерінің 
ашылуы жəне т.б. əскери-əкімшілік шараларға қарсы күресті Абылай ұрпақтары бастады. Бұл толқулардың 
мақсаты — Абылай ұрпақтары сұлтандар билік жүргізетін Қазақ хандығын қайта орнату, округтік приказдардың 
көзін құрту еді. 1838 жылы Бөкей ордасындағы көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы 
Кіші жүзге келген кезде көтеріліс одан əрі өрши түсті. 
1838 жылдың ортасына таман шекара шебінен Ор мен Троицкіге дейінгі аралықты көтеріліс оты шарпыды. 
Көтерілісшілер жаппай Торғай мен Ырғыз аудандарына көше бастады. Ол өз қол астына Ресей өктемдігіне қарсы 3 
мыңға жуық 
сарбаздарды топтастыра алды. аса қуатты Ресей мемлекетімен күресу үшін үш жүздің күшін біріктіру 
қажет екенін түсінді. Жəне осы жолда тек қарулы күрес қана емес, сонымен қатар дипломатиялық айла-тəсілдерге 
барды. Мысалы, бетпе-бет соғыстың қиындығын сезіне отырып, Сібір жəне Орынбор əкімшіліктерімен келіссөздер 
жүргізді. Екіншіден, сыртқы жауға қарсы тұра алатын күшті мемлекет құру үшін жекелеген сұлтандардың, 
билердің қарсылығын, қазақ қоғамындағы алауыздықты, екі майданға бөлінушілікті жою қажет деп тапты.
3.
Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. 
Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап 
қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді 
женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мəжбүр болды. 940 (942) 
ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс Tүркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс 
аударған чығыл жəне ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. 
Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.
 
Қарлұқ
 
жабғуы
 
Оңтүстік 
Қазақстан
 
маңайында
 
Мауараннахрдың
 
солтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде белсенді саясат жүргізген
арабтарға қарсы күресті басқарды. Арабтарға қарсы әр түрлі аттаныстарды қарлұқтар талай рет белсене қолдады. 
Қарлұктардың шығыста
 
Ұйғыр
 
қағанатымен
 
бәсекелеспек болған әрекеттері кейін сәтсіздікпен аяқталды. 791 
жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің әскерлерін талқандады. 812 жылы олар 
қарлұқтарды толық женді. Қарлұқтарды куа отырып, ұйғыр қағаны Ферғана мен Сырдарияға дейін жетті, олардың 
адамдары мен малын қолға түсіріп,
 
Орталық Азияға
 
қайтып кетті. Осы катаң жеңілістен кейін қарлұқ
жабғуы Моғолиядағы орталығы Өтюкен болған ұйғыр кағанының жоғарғы билігін мойындауға мəжбүр болды. 
Халықтың басым көпшілігі ата-бабалар дінін ұстанған (тəңірлік, шаман). 940 жылы Шығыстан келген «мəжусилік 
түріктер» қағандықты құлатты. Қарлұқ Қағандығы кезеңінде Жетісу халықтарының арасында əлеуметтік-
экономикалық, этнограф жəне саяси бірлесудің берік негізі қаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет