22билет
1.
Алаш автономиясы.
1917 ж. жазында Алаш партиясы өзінің программасын жариялады.
Онда Россияның
болашақ конституциялық құрылысы жəне Қазақстан статусының негізгі принциптері айтылған. Россия
федеративті Республика болып жарияланады. Елдегі жоғарғы билік Құрылтай жиналысына беріледі.
Заң шығару
құқығымен тек Мемлекеттік Дума пайдаланады, Дума төте, тең, жалпыға бірдей дауыс беру негізінде сайланады.
Атқарушы үкімет президент жəне ол басқарған кабинетке жүктелді.
Онын Дума мен Құрылтай
жиналысының алдында жауапты болуы көзделген.
Қоқанд Автономиясы.
Советтердің ІІІ өлкелік съезінің
шовинистік шешіміне байланысты ұлттық лидерлер өлкені басқарудан босатылады, сондықтан олар қарсы
шаралар қолдануға мəжбүр болған. 1917 ж. 26 қарашада Қоқанд қаласында мұсылмандардың IV төтенше съезі өтті,
онда Россияның құрамында
Түркістан Автономиялы – Мұхтариаты
құрылғаны жарияланады. Оңтүстік
Қазақстанның – Жетісу мен Сырдария облыстары осы Автономияға кірген.
¤кілеттік орган болып
Ұлттық Конгресс
есептелді. Конгресстің председателі болып Алаш партиясының мүшесі
Мұстафа Шоқай (Чокаев) сайланған. Атқарушы өкімет Конгресс тағайындаған Уақытша халық Советі болды,
председателі С. Лапин.
Уақытша халық советі
Уақытша Үкіметті
бекітеді. Орын алған мұхтариаттығы
алауыздықтарға байланысты ол
Қоқандтан кетіп қалады, сондықтан премьер-министр мен Конгресс председателі
қызметін атқару беріктіріледі.
2. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың
дамуы
- Қазақстанның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Банк жəне несие жүйесінің дамуы.
Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нəтижесінде аймактың экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер
жүзеге асты:
аймақ жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік жəне дүниежүзілік рынокқа тартылды;
ортақ салмақ, өлшем, ақша белгілері жүйесі орнады;
ауыл шаруашылығының тауарлық салалары есті;
тау-кен жəне өңдеу өнеркөсібі дамыды.
Қазақстанда капитализмнің алдыңғы қатарлы белгілері пайда болып дамыды:
қалалар мен темір жолдар салынды;
тауар-ақша қатынастары дамыды;
көшпелі қазақтар шаруашылықтың жартылай көшпелі жəне
отырықшы түрлеріне ауыса бастады;
əлеуметтік жіктеліс тереңдеп, жаңа əлеуметтік топтар пайда болды (жұмысшылар, жатақтар, батырақтар жəне
т.б.).Алайда Қазақстанға капиталистік қатынастар өте баяу енді, мұнда көпке дейін экономиканың артта қалған
түрлері үстем болды. Қазақстан шаруашылық жағынан тек шикізат көзі тұрғысынан ғана игерілді.
Өз кезегінде
ресейлік өнеркəсіп орындары шығарған тауарларды өткізетін рынокқа айналды.
3.
Бесжұлдыз – ең көне символ, сақтар дəуірінен де көп уақыт бұрын болған. Бесжұлдыздың түпкі сематикасы,
ішкі мəні екі қолын екі жаққа жіберіп талтайып тұрған адамның бейнесінен кеп шығады. Мұны ғылымда біз
«символ всемогущего человека» дейміз.
Адамның керемет қасиетін, артықша қабілетін білдіретін дүние. Бұл он
сегіз мың ғаламды жаратқан құдайдың бір мақұлығы, табиғат əлемді билеуші деген мағынаны да білдіреді. Тіпті
осы ой Құранда да бар. Жалпы адамзатқа тəн символды кейін масондық, еврейлер өздерінің символы етіп алған.
Бертінде пролетарлық диктатура бесжұлдызды басқа таптарға үстемдігі деп белгіледі.Шілікті қорымы Бəйгетөбе
обасынан табылды
Достарыңызбен бөлісу: