Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



Pdf көрінісі
бет25/39
Дата22.05.2022
өлшемі1,2 Mb.
#144528
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Байланысты:
bilet 1-30
polozhenie-o-magisterskoy-dissertatsii, Сабак №7, Сабак №5, Сабак №9, Сабак №8, Сабак №1, Сабак №14
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


19билет 
1.
 Тың игеру
, тың жəне тыңайған жерлерді игеру — 
КСРО
-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 
1954
 – 
1960
 ж. 
жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. 
Тың игеру нəтижесінде 
Қазақстан
 КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игеру. 
Кеңес үкіметі тұсында ең көп тəжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық 
саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз 
байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың 
зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тəжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын 
тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. . 
Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. 
Техникамен жабдықтау жəне малшыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жұмысы жүргізілді. Еліміздегі 47 
колхоз бен 225 совхоз ет өндіруге бағытталып қайта құрылды. Осы шараларды жүзеге асыру нəтижесінде мал 
шаруашылығының жағдайы біршама жақсара бастады. 1950 ж. басында колхоздарды ірілендіру нəтижесінде 
олардың саны республикада екі есе қысқарды. Сол себепті Қазақстан колхоздары материалдық тұрғыда 
жарақтанған ірі шаруашылықтарға айналды. ың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нəтижесі: сол 
уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мəселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан 
астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық жəне рухани зардаптары 
болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды. 
2.
Қазақ хандығының басқару жүйесі 7 сатыдан тұрады: 
Ауыл – қандас, жақын бірнеше отбасыдан құралды. Ауылбасы басқарды 
Ата-аймақ – жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан тұрды. Ақсақал басқарды. 
Ру – он немесе он бес аймақтан құралды. Рубасы басқарды. 
Ұлыстық билік – бірнеше рудан тұрды. Сұлтан немесе хан басқарды. 
Жүздік билік- бірнеше ұлыстан тұрды. Би басқарды. Жүздің биін ордаби депте атады. Тайпалар одағы негізінде 
қалыптасты. (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз). 
Хандық – үш жүзден сайланды. Хан Шыңғыс ұрпағынан сайланды. Ханды сайлауға атақты сыйлы шонжарлар 
қатысты. 
Құрылтай- (мəслихат) бүкіл қазақ халқының бас қосқан кеңесі, ел басына ауыр күн туғанда үш жүздің белді 
азаматтары қатысады. 
3.
«Алаш» партиясы 
«Үш жүз» партиясы 
Басшылары 
Жетекшісі: Əлихан Бөкейханов 
Мүшелері: А. Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, М.Тынышпаев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, 
Ə.Ермеков ағайынды Досмұхамедовтар. 
Жетекшісі: Көлбай Тоғысов 
Саяси қызметі 
Капиталистік даму жолына бағыт алған зиялылар Автономиялық ұлттық мемлекет құру. 
Большевиктік бағыт ұстау. Кеңес өкіметін нығайтуға белсене араласты. 
Қазақ революциясына көзқарасы 
Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету; 
Қазақстанның дамуына өз көзқарастарын білдіріп, бағдарламаларын насихаттады. 
«Алаш» партиясы ақиқат жағында болды. 
Алғашқыда социал-революцияшылдар партиясымен одақтасты. 1918 ж. большевиктердің алашордашыларға қарсы 
күресінде одақтасы болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет