Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



Pdf көрінісі
бет33/39
Дата22.05.2022
өлшемі1,2 Mb.
#144528
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
bilet 1-30
polozhenie-o-magisterskoy-dissertatsii, Сабак №7, Сабак №5, Сабак №9, Сабак №8, Сабак №1, Сабак №14
 
3.
Қыпшақ хандығы
– шамамен 11 – 13-ғасырларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік 
бірлестік. 
Қимақ
 (кимек) қағандығы ыдырағаннан кейін əскери-саяси билік 
қыпшақ
 ақсүйектерінің қолына көшті. 
Олар 11-ғасырдың 2-ширегінен бастап 
Арал
 мен 
Каспий
 өңірлерін жайлаған 
оғыз
 тайпаларын ығыстырды
Қыпшақ 
тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда, 
негізінен тұрақты болған, тек Оңтүстік-батыс шекарада XII ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезм шахтар мемлекеті 
тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді. Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс 
болған, ол үш кезеңге бөлінді: 1.VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар; 2.VIII-IX ғғ. Алтай 
тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі террторияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар; 3.XI-XIII ғғ. 
Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар. 
 
 


26билет 
 
1.
Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жəңгірдің ұлы Тəукеге көшті. Жаңа билеуші көрген саясаткер, ақылды 
дипломат, құдыретті хан болды. Тəуке ханның өзіне дейнгілерден айырмашылығы – хандықтағы ерекше 
əлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. 
Дəстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, əдетті-құқық, əскери жəне 
идиологиялық міндеттерді атқаруда ерекше ролі болды. 
Тəуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше 
органға айналдырылды. Осыдан бастап билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі жəне сыртқы саясатындағы аса 
маңызды мəселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды.
Тауке ханның саясаты.
Тəуке хан орыс-қазақ 
қатынастарнының жақындасуына табандылықпен қол жеткізді. Ол 1686-1693 жылдары Сібірге бес елшілік 
жіберді. Мұнда Тəуке орыс-қазақ қатынастарының өзара тең дəрежеде дамуын нығайтуға айқын мүдделілігін 
танытты. Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы бейбіт келісім-қатынастар сақтала берді. 1698 жылы ойраттар мен 
қазақ əміршілері арасындағы қарулы қақтығыстардың жаңа кезеңі басталды. 1718 жылы қазақтын барлық үш 
жүзіне билігі толық тараған қазақ хандарының сонғысы Тəуке қайтыс болды. Тəуке ханның тұсында қазақ 
хандығы бір орталыққа бағанған мемлекет еді. 
2.
Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың 
ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасында жетекші рөл 
аткарып келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда солғындады. Жыл өткен сайын КОКП
-
ның 
халықаралықаренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады. Югославия, КХДР, 
ҚХР, сол кезде социалистік бағдарға бейім болған Египет тектес мемлекеттер КСРО
-
дан іргесін аулақтатып әкетті. 
Қоғамдық

әлеуметтік даму барысында тоқырау белгілері айқынырақ біліне бастағандықтан, КСРО
-
ға ең жакын 
деген мемлекеттерде де социализмнің кеңестік жолынан бас тартуға бейім күштер байқалды. Қоғамның саяси 
өмірі. 70
-
жылдардың бас кезі жаңашыл үрдістердің едәуір әлсіреуімен, қоғамдық құрылыс принциптері мен 
формаларының тоқырауға ұшырауымен ерекшеленеді. Саяси өмір принциптеріне түзетулер енгізген мұндай 
бетбұрыстың пайда болуы ең алдымен 1968 жылдың тамыз айында бес ел әскерлерінің
Чехословакия жеріне 
енгізілуіне байланысты болатын. Өйткені дәл осы елде партияны жаңартуға, қатып
-
семген қоғамдық жүйені 
өзгертуге , нарықтық қатынастар орнату жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған барынша 
ауқымды
ұмтылыстар орын алған еді.Шынтуайттап келгенде , онда социализмнің «сталиндік», «кеңестік» 
нұсқасын жою және демократиялық қоғам орнату туралы мәселе көтерілді. А.Дубчек бастаған ЧКП басшылығының 
бұл бағытына халықтың көпшілік бөлігі қолдау көрсеттіКСРО
-
дағы саяси ахуалдың өзгеруі экономикалық 
реформалар мүмкіндігін айтарлықтай тарылтты, ал кейіннен олардың мүлдем тежелуіне әкеп тіреді. Оның үстіне 
шаруашылық жүргізу тәжірибесі бірте
-
бірте социализм туралы қасарыспа қасаң түсініктер салдарынан туындаған, 
күні біткен шептерге сырғи берді. Осының нәтижесінде республика тарихи прогрестен біртіндеп шетқақпайлана
берді. Реформалардың қусырылуы 70
-
жылдардың басында кейінгі кезеңдердегідей ауыр сезіле қойған жоқ. 170
-
тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цех, оның
ішінде Лисаков кен
-
байыту комбинаты, Шерубай
-
Нұра шахтасы, 
Талдықорған аккумулятор зауыты, бірқатар жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бой көтерді. Павлодар 
облысында Екібастұз отын
-
энергетика кешенінің Ертісте Шүлбі СЭС
-
інің құрылысы басталды. Трактор және 
ауылшаруашылық машиналарын жаса, мал шаруашылығы мен жем өндіру машиналарын шығару салалары 
озыңқы қарқынмен дамыды. Мұнай өндіру көлемі ұлғайды. Бұл сала әсіресе Маңғыстауда жедел өркендеді. 1975 
жылға қарай республиканың барлық кәсіпорындары дерлік энергиямен қамтамасыз етілді. Минерал 
тыңайтқыштар өндіру –
1,8 есе, сары фосфор –
1,5 есе өсті, оның үстіне республиканың фосфор өнеркәсібі КСРО 
бойынша алдыңғы қатарға шыға бастады. Мұнайдың едәуір
көлемін сыртқа шығару халық шаруашылығына 
қажетті сырттан тасылатын тауарларды көбірек сатып алуға мүмкіндік туғызып, экономикалық дамудағы 
жаңсақтардың ащы зардабын тежей
тұруға жәрдемдесті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет