Зертханалық жұмыс №1



бет1/20
Дата28.10.2023
өлшемі0,76 Mb.
#188934
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
zerthanal k zhum s 1 2
IOT

Зертханалық жұмыс №1. Сойыс малдарын өңдеуге арналған мамандандырылған кәсіпорындар жұмысымен танысу


Жұмыстың мақсаты: Ет комбинаты және оның бөлімдері, орталыққа бағындырылған, технологиялық үдерістері біріктірілген ет өндірісіндегі негізгі кәсіпорын ет комбинатынің негізгі цехтарымен танысу.
Зерттеу нысандары: Малды сою алдындағы күту қораларына келген малдарды қабылдау, түсіру, сұрыптау жабдықтарымен танысу. Малды сою алдындағы күту қораларының аумағында – шектеу (карантин) бөлімі, оқшаухана (изолятор), санитарлық қасапхана, ірі және құрама жемдерге арналған қоймалар, автокөліктерді зарарсыздандыруға арналған аймақтар, дезинфекциялық бөлме, санитарлық тораптардың жұмысымен танысу

1. Теориялық бөлім
Ет комбинаттары келесі негізгі цехтардан тұрады:
Малды сою алдындағы күту қоралары. (мал базасы) жануарларды орналастыруға, көріктен өткізуге, сұрыптауға және демалдыруға арналған. Малды сою алдындағы күту қораларының көлемі ет комбинатына түсетін малға және әр малдарға қажетті мөлшеріне байланысты. Мысалы, бір бас ІҚМ – 2,5м², қой мен ешкі -0,8м², шошқа – 1м² құрайды. Малды сою алдындағы күту қораларына келген малдарды қабылдау, түсіру, сұрыптау жабдықтарымен жабдықталған. Малды сою алдындағы күту қораларының аумағында – шектеу (карантин) бөлімі, оқшаухана (изолятор), санитарлық қасапхана, ірі және құрама жемдерге арналған қоймалар, автокөліктерді зарарсыздандыруға арналған аймақтар, дезинфекциялық бөлме, санитарлық өткел бар.
Карантин бөлімі. Малды сою алдындағы күту қораларынан бөлек орналасқан. Сыртында биіктігі 2,5м қабырғамен айнала бекітілген. Мұнда ашық және жабық мал қоралары болады. Шектеу (карантин) бөліміне түскен малдардың 10% қабылдауға мүмкіндігі бар. Шектеу (карантин) бөлімге ауруға күдікті, індетті аурумен ауырған, ветеринарлық анықтамасыз келген немесе құжаттағы көрсетілген мал басының дұрыс келмеуінен болған малдарды ұстайды. Мұнда арнайы жұмысшылар малдарға қарайды. Олар таңертең және кешке әр бір мал басының дене қызуын тексереді. Керек болған жағдайда аурудың алдын алу және емдеу жұмыстарын жүргізеді. Шектеу (карантин) бөлімінде ауру малдарға клиникалық бағалауды дұрыс қойғанша немесе ветеринарлық құжаттардың себебін анықтағанша тұрады. Бірақ 3 күннен артық емес.
Оқшаухана (изолятор). Шектеу (карантин) бөлімі мен санитарлық қасапхананың жанында орналасады. Қабылдау мүмкіндігі бір күнде түскен малдардың 1% құрайды. Оқшаухана – жабық бөлмеден, ішінде су және су құбырымен жабдықталған. Оқшаухананың ішінде қолданған суды залалсыздандыратын жабдықтар және мал қиын жағатын пештер болады. Әр малға бөлек жем-су беріледі, аурудан айыққан малдарды санитарлық қасапханаға жібереді.
Санитарлық қасапхана – ауру немесе ауруға күдікті жануарлардың ұшасын қайта өңдейді. Санитарлық қасапхана бөлек оқшаухана (изолятор) мен шектеу (карантин) бөлімдердің жанында орналасады. Санитарлық қасапхананың сырты түгелдей қоршалған. Санитарлық қасапхананың жанында бірнеше бөлімдер орналасады. Оған малды сою, қайта өңдеу, субөнімдерді өңдеу және қарын мен ішектерді қайта өңдеуге арналған бөлімдер бар.
Субөнімдік цехы. Жүнді субөнімдер (құлақ, ерін, аяқ, шошқа басы менқұйрығы және т б), шырышты субөнімдер (үлкен қарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар, шошқа асқазаны), жұмсақ субөнімдер (жүрек, бауыр, өкпе, көк ет, желін, ет кесінділері және т.б) ет – сүйекті субөнімдер (мал басы мен құйрығы) жатады.
Май цехы. Суыту, қалдықтардан тазалау (ет қалдықтарын, лимфа түйіндерін алып тастайды), жуу, сұрыптау, шикі майларды майдалау, еріту, суыту, бөшкелерге немесе арнайы ыдыстарға құю, майдың шыжығын престеу жүргізеді.
Ішек цехы. Ішектер әр бөлікке бөліп, жынынан (химус) тазаланып, залалсыздандырылып, сірлі қабығын алынып, суытылып, сұрыпталып, қалыпқа салынып, консервленеді.
Теріні консервлеу цехы. Сылынып алынған мал терісі, ет және май қалдықтарын тазаланып, сұрыпталады, құрғақ және ылғалды тұздау тәсілімен консервленеді.
Өтелдеу цехы. Мал өнімдері мен шикізаттары сұрыпталып, майдаланып, қайнатылады, техникалық майлары бөлініп алынып, кептіріледі және азықтық заттарға туралып, қапталады.
Мұздатқыш цехы. Ет өнімдерін суытады, мұздатады және сақтайды.
Шұжық цехы. Етті жіліктен сіңірлерінен ажыратып, сұрыптап, ет тартқыштан өткізіп тұздап, етті жетілдіріп, қима дайындалып, шұжық жасалады.
1.2.Мал сою пункттері. Ауылдық жерлер мал сою пункттерімен қамтамасыз етіледі. Мұндай кәсіпорындардың салынуы: а) жақын маңдағы ауылдардағы мал союды бір жерге шоғырландыру; б) жануарларды сою және ұшаларын бөлуде ветеринарлық қадағалау жүргізу; в) мал сою барысында шығатын індетті және инвазиялық аурулардың таралуын алдын алу; іріктеп мал сою санитарлық қауіпсіздіктен бөлек экономикалық жағынан да шығынға батыруы мүмкін. Іріктеп сою барысында жануарлардың қанын пайдаланбайды, шошқа терісі, ішек шикізаттары және былғары шикізатының бір бөлігі шикізатты өңдеу орындарына төменгі сұрыппен сатылады. Ауылдық орындағы мал сою пунктінің тәуліктік өткізуге мүмкіндігі 5-7 бас, ал ауданық мал сою пункітінің мүмкіндігі 10-25 бас, ірі қара мал немесе шошқа мен қой да ауысыммен сойылуы мүмкін. Мал сою пункті ауылдық жерден, мал қораларынан, жайылымнан, жолдан, су қоймасынан, балалар және емдеу мекемелерінен, қоғамдық орындардан кем дегенде 500м қашықтықта болуы тиіс. Негізгі жоспарға байланысты мал сою пунктіне 1350м³ аумақ беріледі. Алаң 2м биік қоршаумен қоршалады. Мал сою пункті ветеринарлық-санитарлық қадағалау мекемелерінің келісімі арқылы жасалады. Мал сою пункті ауылдық жердің ық жағында орналасады және сойылатын малды алып келуге, түсіруге, өндіріс қалдықтарын шығаруға ыңғайлы болуы тиіс. Мал сою пункті салынатын орын топырағы құрғақ, атмосфералық және өзен суларының тасуынан су басу қауіпі болмауы керек. Ал күн көзі түсуі мен жел жақсы желдетілуі қажет. Мал сою пунктерінің кіру және шығу есіктеріне зарарсыздандыру тосқауылы орналастыру керек. Көліктердің доңғалақтарын санитарлық зарарсыздандыру үшін барлық уақытта зарарсыздандыру ерітіндімен толтырып отыру қажет. Қыс мезгілінде ертіндінің қатып қалмау үшін дезтосқауылдың үстін жабады немесе бу арқылы және басқа әдістер арқылы ерітіп отырады. Санитарлық мал сою пункті. мал кешендерінде салынады. Санитарлық мал сою пункті сойылған малдардың ұшасын суытуға, мұздатқыш камерасы шартты жарамды ұшаларды уақытша сақтауға, жануарларға азық ретінде берілетін ақауы бар ұшалар мен мүшелерді қайта өңдеу үшін автоклавпен жабдықталған бөлмеден тұрады. Бұлардан басқа санитарлық мал сою пунктінде сойыс қалдықтары мен өлекселерді жағу үшін арнайы пеш, санитарлық торапқа жалғанған жуыну бөлмесі, лажсыздан сойылған және өлген малдан алынған теріні алғашқы өңдеу мен сақтау бөлмелерімен жабдықталған. Санитарлық сою пункті мен оның айналасындағы аймақтар қоршаумен қоршалады. Санитарлық мал сою пунктінде басқа шаруашылыққа немесе басқа да жеке тұлғаларға тиесілі малдарды союға тиым салынады.
1.3. Малды қайта өңдеу кәсіпорындарын сумен қамтамасыз ету. Су жануарларды союға дайындау барысында және ұшаларды технологиялық өңдеу барысында қолданылады, қожалық мақсаты үшін санитарлық гигиеналық іс-шараларды жүргізуде қажет болады. Бірақ малды қайта өңдеуші кәсіпорындарда суды шығындаудың келесі мөлшері белгіленген: ірі қара малдың бір басын өңдеуге – 300л, ал қой мен шошқа – 60л су қажет болады. Жануарларды қайта өңдеуші кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету келесі әдістермен жүзеге асырылады: жалпы су құбырына жалғау немесе өзінің су жүргізу құрылғыларымен қамтамасыз етіледі. Ауылдық орындағы және аудан көлеміндегі сумен қамтамасыз ету кезіне жер асты суларын су сорғылары арқылы су жинағышқа жинайды. Сукенеуіштен құбырлар арқылы кәсіпорын ішіндегі барлық қолданатын нүктелерге таратылады. Су сапасының көрсеткіші ішек таяқшаларының титріне сәйкес: 1л суда 3 ішек таяқшаларынан көп болмайтын су пайдаланылады. Қолданылатын суды кәсіпорындарда кезең-кезеңімен, қалалық су құбырын қолданғанда 3 айда бір рет, ал су көздерін пайдаланатын өндірісте айына бір рет химия-бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Ет өндіретін кәсіпорындарды атаныз.
2. Ет комбинаттары қандай бөлімдерден тұрады?
3. Өтелдеу цехы дегенде нені түсінесіз?
4. Субөнімдерге жататын ағзаларды атаңыз




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет