Әрбір телеконференцияның өзіне сәйкес "Қоймалар" (Хранилище) бөлімінде жиналған мақалалар каталогы болады. Осындай каталогтың әрбір позициясы мындай информация сақтай алады: мақалының инветарлық нөмірінің аналогы
ТЕЛЕКОНФЕРЕЦИЯ
Көптеген желілер алғашқы ретте ғылыми, конструкторлық және оқу орындарын жүйе ретінде жасалған болатын. Сондықтан ұжымдық пікір-талас жүргізуге арналған желі мүмкіндігі телеконференция деп аталып, ол белгілі бір салада ғана қолдануға негізделген еді. Бірақ кейіннен желілер практикада кең пайдаланылып, оның алғашқы ғылыми семинар, конференцияға арналған мүмкіндігі біршама шетте қала бастады.
Телеконференция ұйымдастыру кәдімгі кітапхана немесе архив жұмысына ұқсас жүргізіледі. Мұнда да көпсатылы тақырыптық каталогтар мен олардағы мәліметтерді сақтау ісі ұйымдастырылады. Телеконференцияларда әртүрлі орындардан алынған хабар-хаттар түрінде сақталады, олардың біразы электрондық пошта арқылы жинастырылады. Сол себепті мұндай хаттар мақалалар деп аталады. Нақты тақырыпқа бағытталған конференция мәліметтері каталогтар сатылары арқылы көрсетіліп тұрады десе де болады. Мысалы, relkom.commerce.food.drinks (байланыс, коммерция, тамақ, сусын) деген телеконференция атауы қарастырылатын мәселені біртіндеп отырып айқындайды: RELCOM телеконференциясы коммерцияға арналған, тамақ өнімдері, оның ішінде сусындар туралы өткізіледі.
Әрбір телеконференцияның өзіне сәйкес “Қоймалар” (Хранилище) бөлімінде жиналған мақалалар каталогы болады. Осындай каталогтың әрбір позициясы мындай информация сақтай алады:
Телеконференциялардың электрондық пошта арқылы хат алуға қарағанда екі өхгешелігі бар, олар:
біріншісі – белгілі бір мерзім (әр конференция үшін әртүрлі) ішінде қабылданған мақалалар жинақталып сақталып отырады да, олар өте ескіріп кетсе жойылады;
екіншісі – кейбір телеконференциялар басқарылып отырылады, яғни мұндай конференцияға әрбір абонент тікелей мақаласын жібере алиайды. Ол мақаласын электрондық поштамен сол конференцияның жетекшісіне жөнелтеді, ал жетекші мақаланы қарап шығып, оны жалпы көпшілік оқуы ұшін тіркеуге алатынын немесе алмайтынын өзі шешеді.
Телеконференция жұмысы сервер деп аталатын арнайы программамен жүргізіледі. Ал сервер телеконференцияға қатысушы әрбір адамды оған керекті барлық сұраныстармен қамтамасыз етуге тырысады: оларды әртүрлі тақырыптағы конференцияларға міндетті түрде қатысаьын етіп тіркейді (жазады), оларға анықтамалық информация жібереді (каталогтарын және тағы басқа) немесе талап етулері бойынша болып өткен телеконференция хабарларын электрондық пошта арқылы жеткізіп береді.
Соңғы кездерде желіаралық статусы бар телеконференциялар өткізілетін болды, олар әртүрлі желілерге байланысқан пайдаланушыларды түгел қатыстыра алады. Қазіргі кезде әңгімеге тиек қыларлық барлық салалар жөнінде телеконференциялар өткізіледі. Сол себепті телеконференцияларға қатысу электрондық поштаны пайдалана алатын әрбір адам үшін өте қызғылықты, әрі қажетті іс болып табылады.